НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. 27 тамызда полицейлер инстаграм желісін бақылау кезінде Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды жоюға болмайтынын және оның күші жойқын екенін айтқан бейнежазбаны анықтады, деп хабарлады Хабар 24.
Ол өз ісіне өкінетінін айтып, анықталмаған ақпарат салғаны үшін елден кешірім сұрады.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 13 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.
Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.