Түркі халықтарына ортақ ойшыл, дала данышпаны Жиренше шешен туралы аңыз-әңгімелер көп. Бір жерде оны Жәнібек ханның уәзірі болды десе, тағы бір әпсаналарда қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жеткізген шешен ретінде суреттейді.

Жиренше шешеннің туған жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Аңыз-әңгімелерге сәйкес, ол әз Жәнібек ханның тұсында (XIV-XV) өмір сүрген. Бірақ тарихи шығармаларда ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді.

Халық аңыздары бойынша Жиренше шешен кедей адам болған. Оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Ел жадында Жиреншеге қатысты аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Соның басым бөлігі 15-16 ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0