Қазақстан, Ресей және Қытай Мәскеу облысында жаңа көлік орталығын құрады

© Sputnik / Елена БережнаяЖелезнодорожный вокзал открылся после капитальной реконструкции в Петропавловске
Железнодорожный вокзал открылся после капитальной реконструкции в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Жаңа логистикалық торап Ресей, Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалы және басқа елдер арасындағы тікелей көлік байланысын дамытуға арналған
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Мәскеу облысындағы Селятино станциясында жаңа көлік-логистикалық орталықтың құрылысы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Құрылысты ҚТЖ, ресейлік "Славтранс-сервис" АҚ және қытайлық Xian Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd компаниясының өкілдері бастады, деп хабарлады компания. Жаңа орталық CRK Terminal деп аталады.
"Құрылыстың салтанатты түрде іске қосылуы аясында 53 контейнерден тұратын HUB-HUB контейнерлік пойызы Селятино станциясынан Сиянға жөнелтілді", - деп хабарлады "Қазақстан теміржолы".
Компанияның мәліметінше, негізгі логистикалық торап Ресей, Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалы және басқа елдер арасындағы тікелей көлік байланысын дамытуға арналған.
"Жобаны іске асыру жүктерді ауыстырып тиеуге, оның ішінде қазақстандық жүк жөнелтушілерге бірқатар артықшылықтар береді, жеткізу мерзімдеріне оң әсер етеді және контейнерлік тасымалдауды ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Бірлескен Қазақстан-Ресей-Қытай кәсіпорны жобаға қатысушылардың әлеуетін барынша арттыруға және логистикалық және терминалдық қызметте көрсетілетін қызметтердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы".
Жаңалықтар
0