Солтүстік Қазақстанда тоғыз адамнан тұратын отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Балалардың ең кішкентайы – 6 жаста
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Айыртау ауданында бір үйдің 9 адамы иіс тиіп уланды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.
Бұл оқиға Антоновка ауылында болған. 25 сәуірде шұғыл желіге 34 жастағы әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған 8 баласының иіс тиіп уланғаны туралы ақпарат түскен. Балалардың ең кішкентайы – 6 жаста. Барлығы аудандық ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, пешті пайдалану ережелері бұзылған. Көпбалалы отбасы ол үйге үш күн бұрын 23 сәуірде ғана көшіп барған. Пешті жаққанда мұржаны іштен тым ерте жауып қойған. Сол кезде түтін үйге кіріп кеткен.
"Бұған дейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ол үйге де барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. 23 сәуірде газдың датчигін де орнатқан", - дейді құтқарушылар.
Осы орайда мамандар үйдегі пешті үнемі тексеріп отыруға кеңес беріп отыр.
Жаңалықтар
0