Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыстық топ сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Петропавл қалалық соты барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді.
"Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген. Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді", - делінген хабарламада.
Петропавл қалалық соты барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріліп алынады.
Браконьерлер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Браконьерлер қорықшы мен инспектор отырған қайықты батырып жібермек болды
Жаңалықтар
0