Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО бас хатшысы Украинаға уәде етілген қолдау көрсетілмегенін мойындады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Оның пікірінше, Украина Ресейдің ұшқышсыз ұшатын ұшақтары мен зымырандарынан қорғана алмады
АСТАНА, 26 сәуір - Sputnik. АҚШ пен Еуропа соңғы айларда Украинаға уәде етілген әскери қолдау көрсетпеді, деп мәлімдеді Германияда сапармен жүрген НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Оның сөзі альянстың сайтында жарияланды.
"Біз шындықты айтуымыз керек, соңғы айларда НАТО одақтастары Украинаға көмектесу туралы уәделерін орындамады", - деді ол.
Столтенберг АҚШ бірнеше ай бойы жаңа көмек пакеті бойынша келісе алмағанын, ал Еуропа елдерінің жоспарланғаннан көлемнен әлдеқайда аз көмек жеткізгенін еске салды.
"Бұл кешіктірулердің үлкен салдары бар", - деді бас хатшы.
Оның пікірінше, Украина Ресейдің ұшқышсыз ұшатын ұшақтары мен зымырандарынан қорғана алмады.
Алайда ол Украина үшін үміт үзілген жоқ, өйткені "көмек келе жатыр" деп түсіндірді.
Жаңалықтар
0