Астанада бүгін таңертеңнен бастап ақтүтек боран соғып, қала сыртына шығатын жолдар жабылып қалды. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан аттандырылатын рейстер де тоқтатылды. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайтын болды. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға үйден мүмкіндігінше шықпауға кеңес берді.