Оқиға

Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуШкольник идет по заснеженной улице, архивное фото
Школьник идет по заснеженной улице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда ІІД қызметкерлері баланы іздеуге кірісіп кетті

АСТАНА,  11 қаңтар – Sputnik. Бүгін Астанада боранда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
"Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр", — деді ІІД жетекшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бала "Құлагер" ТК ауданында тұрады. Толығырақ мәлімет кейінірек қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған еді.  

Жаңалықтар
0