Қоғам

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанада қар жинап жүрген техника
Астанада қар жинап жүрген техника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада бүгін қар жинауға 1345 техника шықты

АСТАНА,  11 қаңтар – Sputnik. Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауыр жүк тасығыш көлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана мен төрт облыста жолдар жабылды
"Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, "Астана Тазалық" ЖШС 11 787 текше метр, "Астана-көгалдандыру құрылысы" АҚ 2 159 текше метр және мердігер ұйымдар 20 281 текше метр қар шығарды", — деп жазылған "Астана Тазалық" ЖШС таратқан хабарламада.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника тартылды. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.


Жаңалықтар
0