Таңертеңнен соққан алай-түлей боранның салдарынан қаладан шығар жол жабылып, әуежайдағы рейстер тоқтатылды.
Сағат 11.00 кезінде Астана билік өкілдері табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Мектептер мен колледждерде сабақ болмайтыны хабарланған.

1/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Таңертеңнен тоқтаусыз соққан бораннан айнала ақтүтек болып көрінбей кетті.

2/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Қар тазалаушы көліктер жолды күреп-ақ жатыр, ал жаяу жүргінішілер болса қалың қарды омбылауға мәжбүр.

3/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Темір тұлпарлы қала тұрғындарына көлікті жолдың шетінде қалдырмау керектігі ескертілді.

4/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Алай-түлей бораннан аяқ алып жүру мүмкін емес.

5/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Қаладан шығатын жолдар түгел жабылды. Әлеуметтік желіде жүргізушілерге қала сыртында тұратын жолаушыларды тегін тасымалдауға үндеу тасталды.

6/7
© Sputnik
Коммуналдық қызметтер табиғаттың алапат күшіне қарсы күресіп жатыр.

7/7
© Sputnik / Асем Миржекеева
Қала әкімдігі білім беру мекемелері, сауда нысандарынан уақытша қызметін тоқтатуды сұрады.
