Өңірлер

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада бүгін таңертеңнен жауған қар әуежай қызметіне кедергі келтірген жоқ

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жауған қарға қарамастан Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының президенті Айбол Бекмұхамбетов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Боран - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Боран емес, Нұрлы жел: Қазнет бүгінгі ауа райын әзілге айналдырды

Оның айтуынша, әуежай басқа қалалардан бағытын өзгерткен екі-үш рейсті қабылдаған.

"Қосымша жүктеме болмайды, өйткені Астана әуежайы бес сағаттан соң ашылады", — деді ол.

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оның қызметіне жауған қар кедергі келтірген жоқ, деп атап өтті президент.

"Ешқандай проблема жоқ", — дейді әуежай басшысы.

Жаңалықтар
0