Қоғам

Бұрқасын, жел, көктайғақ: 11 қаңтарда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуБұрқасын, архивтегі фото
Бұрқасын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік бөлігінде қатты бұрқасындатады

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де циклонның ықпалында болып, республиканың басым бөлігінде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, желмен бірге бұрқасын болады, солтүстік бөлігінде қатты бұрқасындатады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с-тен асады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты бұрқасын болады. 

Қарағанды облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с-тен асады деп болжануда, бұрқасындатады, түнде кей жерлерде қатты бұрқасын болады. 

Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-тен асады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыс бөлігінде 30 м/с-тен асады деп болжанып отыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Оңтүстік Қазақстан облысында  жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз бұрқасындатады. 

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел 18-23, Жалаңашкөл ауданында 27 м/с-ке күшейеді.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке  күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


Жаңалықтар
0