Азиада-2026: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады

© Photo : Туризм және спорт министрлігіБоксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) олжалады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Бүгін Жапонияда XX жазғы Азия ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) олжалап, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған еді. Осылайша, ұлттық құрама алдыңғы Азиадамен салыстырғанда үш сатыға жоғарылап, алтын медаль санын арттырды.
Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында бірқатар олимпиадалық спорт түрінен ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді.
Биылғы Ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұған дейін ұлттық құрама Азиада алтынын соңғы рет 2014 жылы жеңіп алған болатын. Кейінгі екі Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады. Жапонияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды.
Айбек Оралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Айбек Оралбай Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Сапымен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азиада тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Корея құрамасын 43:42 есебімен ұтты. Қарсылас команда сапында жекелей сында Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы атанған Пак Сан Ён да өнер көрсетті. Бұл жеңіс қазақстандық семсерлесушілер үшін тарихи жеңістердің заңды жалғасы болды. Ұлттық құрама әуелі Азия чемпионатында топ жарып, кейін алғаш рет әлем чемпионы атанды, енді Азия ойындарының алтынын иеленді. Бұған дейін бір маусымда мұндай нәтижеге ешбір құрама қол жеткізбеген.
Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпагах на Азиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды
Академиялық есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді сыйлады. Олар ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында жеңіске жетті.
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Таеквондодан Тамирлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен Азиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алды.
Тамирлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азиаданың 12-ші алтынын салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Тарихи жүлде: Тамирлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азиаданың 12-ші алтынын салды
Велошабандоз Алексей Луценко да тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Ол жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең атақты спортшысына айналды.
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Ал Рината Сұлтанова жекелей жарыста топ жарып, Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында Азия ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.
Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына екі алтын медаль салды. Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атақ.
Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жекте де Қазақстан бірден үздіктер қатарынан көрінді. Еркінғали Бүркітәлі мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола медаль иеленді.
22 жастағы Қадырбек Шынбаев XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Тағы бір қазақ спортшысы аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға шықты. Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат финалда жапониялық қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ұлттық құрама аралас командалық сында да күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан қатысқан бес финалдың барлығында Жапония балуандарымен белдесті.
Елдос Сметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан бұл бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесіне қайта қол жеткізді.
Қазақстандық балуандардың нәтижесінде де оң өзгеріс байқалды. Еркін күрестен ұлттық құрама үш қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылғы Азия ойындарында бұл күрес түрінен Қазақстан жүлдесіз қалған болатын.
Әйелдер күресінде де нәтиже жақсарды. Биыл спортшыларымыз бір күміс және екі қола медаль иеленсе, 2023 жылы бір ғана күміс жүлде жеңіп алған еді.
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Жаңалықтар
0