https://sputnik.kz/20260930/eldos-smetov-aziya-oyyndarynda-kumis-medal-zhenip-aldy-67184967.html
Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T14:36+0500
2026-09-30T14:36+0500
2026-09-30T14:36+0500
дзюдо
күміс жүлде
азия ойындары
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1b/45918118_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_99ec49c3558ee7e7ecbf796789f5a7bb.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Жапонияның Аичи халықаралық аренасында Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Осылайша, бүгін Елдос сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы.Айта кетейік, таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайванның (Моңғолия) жауырынын жерге тигізді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйден (Тайпей) басым түсті.Бұл - дзюдодан Қазақстан командасының осы бәсекедегі екінші күміс жүлдесі. Осыған дейін Абиба Әбужақынова 2-орын алған.
https://sputnik.kz/20260927/qazaqstannyn-semserlesuden-erler-quramasy-aziya-oyyndarynyn-chempiony-atandy-67081011.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1b/45918118_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_153bb4d72def5abfac07e6f79c137149.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дзюдо, күміс жүлде, азия ойындары
дзюдо, күміс жүлде, азия ойындары
Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Жапонияның Аичи халықаралық аренасында Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос ХХ жазғы Азия ойындарының финалында (-60 кг) жарыс қожайыны Хаято Кондомен күресті. Тартысты белдесу нәтижесінде жапон спортшысы басым түсті", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, бүгін Елдос сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы.
Айта кетейік, таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайванның (Моңғолия) жауырынын жерге тигізді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйден (Тайпей) басым түсті.
Бұл - дзюдодан Қазақстан командасының осы бәсекедегі екінші күміс жүлдесі. Осыған дейін Абиба Әбужақынова 2-орын алған.