Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

© Минтуризма и спорта КазахстанаМужская сборная Казахстана по фехтованию на шпагах на Азиаде
Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпагах на Азиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы бірнеше айдың ішінде Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңіске жетіп отыр
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл алтын – қазақстандық семсерлесушілердің биылғы маусымдағы жарқын жеңістерінің жалғасы:
маусым – Азия чемпиондары
шілде – әлем чемпиондары
қыркүйек – Азия ойындарының чемпиондары
Осылайша, Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы бірнеше айдың ішінде Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңіске жетіп, үш ірі додада қатарынан алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.
Казахстанка Ясмина Токсанбаева принесла сборной республики девятую золотую медаль Азиады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медаль түсті
Жаңалықтар
0