Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медаль түсті
15:41 27.09.2026 (жаңартылды: 15:45 27.09.2026)

© Минтуризма и спорта Казахстана
Жазылу
Тоғызыншы алтын медальды марафондық спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева жеңіп алды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстандық жеңіл атлет әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келіп, 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті.
Ясмина жарыс жолын сенімді өткізіп, ең жақын қарсыласынан төрт минутқа жуық уақыт бұрын мәреге жетті.

Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) — 3:22:20
Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) — 3:26:09
Ма Ли (Қытай) — 3:32:26
21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева бұған дейін де құрлықтық деңгейде жоғары нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы ол 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2026 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды. Бұған дейін жеңіл атлетикадан Кристина Морозова спорттық жүрісте күміс жүлде иеленген болатын.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды. Бұған дейін жеңіл атлетикадан Кристина Морозова спорттық жүрісте күміс жүлде иеленген болатын.