https://sputnik.kz/20260923/aleksey-lutsenko-aziya-oyyndarynyn-alty-durkin-chempiony-atandy-66920770.html
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық құрама спортшылары тас жолдағы велоспортта тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T10:00+0500
2026-09-23T10:00+0500
2026-09-23T10:02+0500
азия ойындары
велошабандоздар
алтын жүлде иегері
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66918646_0:121:853:601_1920x0_80_0_0_ff81a099c13f522a0b100f516dd5055e.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық спортшылар тас жолдағы велоспортта топ жарды.Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд. Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындары-2026 додасында алтын дубль жасап, құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізді.Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей сында жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында Луценко жекелей және топтық жарыста екі алтын медаль иеленді. Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей сында тағы да чемпион атанып, топтық жарыста күміс жүлде жеңіп алды. Енді Жапонияда спортшы өз жүлде қоржынына тағы екі алтын медаль қосты.Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жарыста тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді.Евгений Федоров Алексей Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді.
https://sputnik.kz/20260922/aziya-oyyndary-qazaqstan-qorzhynyna-besinshi-altyn-tusti-66897214.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66918646_0:112:853:752_1920x0_80_0_0_dc7aa603c93118997b4faae4f884fb74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия ойындары, велошабандоздар, алтын жүлде иегері
азия ойындары, велошабандоздар, алтын жүлде иегері
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
10:00 23.09.2026 (жаңартылды: 10:02 23.09.2026) Ұлттық құрама спортшылары тас жолдағы велоспортта тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық спортшылар тас жолдағы велоспортта топ жарды.
Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындары-2026 додасында алтын дубль жасап, құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізді.
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей сында жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында Луценко жекелей және топтық жарыста екі алтын медаль иеленді. Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей сында тағы да чемпион атанып, топтық жарыста күміс жүлде жеңіп алды. Енді Жапонияда спортшы өз жүлде қоржынына тағы екі алтын медаль қосты.
Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жарыста тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді.
Евгений Федоров Алексей Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді.