Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

© Минтуризма и спорта КазахстанаВладислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.
© Минтуризма и спорта КазахстанаВладислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Владислав Яковлев и Иван Чернухин стали чемпионами XX летних Азиатских игр в Японии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық спортшылар бұған дейін ірі халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Яковлев пен Чернухин ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды.
© Минтуризма и спорта КазахстанаВладислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Владислав Яковлев и Иван Чернухин стали чемпионами XX летних Азиатских игр в Японии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Айта кетері, бүгін Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік сында А финалында да бақ сынайды.
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Жаңалықтар
0