Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы... 02.10.2026, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З.Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.Айта кетері, Төрехан Сабырхан биылғы Азия ойындарына ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі ретінде келді. 2025 жылы ол Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сол жарыста Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынға шықты.
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З.Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
"Бұл — Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады", - дейді министрлікте.
Айта кетері, Төрехан Сабырхан биылғы Азия ойындарына ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі ретінде келді. 2025 жылы ол Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сол жарыста Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынға шықты.