Бишімбаев соты, Шерзат Полат өлімі, ұшақ апаты: 2024 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Биыл елді дүрліктірген оқиғалар аз болған жоқ. Жылдың басында алматылықтар әбігерге түссе, артынан барлық қазақстандыққа жаңа уақытқа бейімделуге тура келді. Шерзат Полаттың өлімі де ешкімді бей-жай қалдырмады. Sputnik Қазақстан 2024 жылы дүйім жұртты дүрліктірген оқиғаларды еске алды.

Алматылықтар әбігерге түсті

Жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары дүрлігіп кетті. Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні бірнеше толқынмен жер сілкінді. Дүмпу 5 балл деңгейінде сезілді. Үйлер ұзақ уақыт бойы шайқалған. Алматылықтардың қорқып кеткені сонша, көбісі сырт киімін де кимей, далаға жүгіріп шыққан.
Ресми мәлімтке сәйкес, Алматы облысының аумағында 19 объектіге зақым келді.
Осы оқиғадан кейін Алматыда көпқабатты үйлердегі пәтерлерге сұраныс азайды. Адамдар жеке тұрғын үйлерді іздеп кетті. "Дабыл сөмкесін" алатындар да көбейді.
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
"Дабыл сөмкесі": жер сілкінісі кезінде қажетті заттар тізіміне не кіреді

Бишімбаевтың сотын 3,4 млн адам көрді

Биыл қазақстандықтар ғана емес, шетедіктер де екі ай бойы Бишімбаевтың сотына куә болды. Жоғарғы сот алғаш рет онлайн трансляция ұйымдастырды. Сотты барлығы 3,4 млн адам көрген. Эфирге АҚШ, Германия, Ұлыбритания, БАЭ, Аустралия, Түркия, Оңтүстік Корея, Бангладеш және тағы басқа елдерден қосылды. Басым бөлігі – әйелдер.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.Ал оның туысы Бақытжан Байжанов төрт жылға түрмеге тоғытылды.
Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған имам да жазаланды.
Главная республиканская мечеть в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды

Бір сағатқа ерте тұра бастадық

1 наурыздан бастап Қазақстан толығымен UTC-5 уақыт белдеуіне көшті. Осылайша, сағат тілі бір сағатқа кері шегерілді. Бірақ үкіметтің шешімімен келіспейтін қазақстандықтар аз емес. Әсіресе, Шығыс Қазақстанда түстен кейін шам жағуға тура келді. Себебі күн ерте батады. Ал сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда бір ғана өңірдің шеткі нүктесі UTC-6 белдеуіне кіретінін айтты.
Водохранилище, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
"Видеоны көрдім": Министр Шаққалиев күн ерте бататын ауданды атады
Халық жазған петияция аз уақыттың ішінде 50 мың қолды жинады. Оны үкімет деңгейінде қарауға тура келді. Ал заңгер Серікжан Ахметжанов үкіметті сотқа берді. Бірақ одан да нәтиже шықпады. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, ыңғайлы жұмыс кестесін ұйымдастыруға болады.

Алапат су тасқыны

Биыл көктемде Қазақстанның ондаған өңірінде төтенше жағдай жарияланды Алапат су тасқыны мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды. Бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен зілзала болды. Президент Тоқаев халыққа үндеу жариялады. Сосын зардап шеккедермен кездесіп, халықтан кешірім сұрады.
Су тасқыны кезінде кейбір өңірлерде үйлер шатырымен бірге судың астында қалды.
Президенттің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтарға жаңа баспана салынды. Қарапайым халық пен кәсіпкерлер де тыс қалған жоқ. Барлығы су тасқының салдарын жоюға атсалысты. Қайырымдылық көмегін де аяған жоқ.

Шерзат Полаттың өлімі

16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі халықты дүр сілкіндірді. 4 қазанда бірнеше адам жасөспірімді аямай ұрып, бірнеше рет пышақ тыққан. Шерзат аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыдан кейін Талғардағы "Хуторские" қылмыстық тобы туралы ақпарат тарала бастады. Ал топ басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаев бәрін жоққа шығаруға тырысты. Артынан оның әкімдік пен прокуратурадағы туыстары жайында мәлімет шыға бастады. Ақыры Қасымбаев ұсталды.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Алматы облысында адам ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Хасан Қасымбаев қамауға алынды
Оған дейін белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді. Ал желтоқсанның басында Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев жасады. Марқұмның денесін туыстары бейіттен тауып алған. Жерлеу рәсімі кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Оның екі қарындасы да әкімшілік жауапқа тартылды.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 күнге қамауға алынды

Бес бала тірідей жанып кетті

Қазан айында тағы бір қайғылы оқиға болды. Жітіқара қаласында жеке тұрғын үй отқа оранды. Төтенше жағдай кезінде үйдің шатыры опырылып түсіп, үйінді астынан бес баланың мәйіті табылды. Ал 2011 жылы туған тұңғыш бала аман қалды.
Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, балалар қараусыз қалған. Аман қалған бала таңғы сағат төрттің кезінде оянап, пеш жаққысы келген. Сол кезде шағын баллонға ұқсас бірдеңе салып жіберген. Содан жарылыс болды. Үйде өрт туралы сигнал беретін құрылы орнатылған. Бірақ сол күні белгісіз себептерге байланысты істемей қалған.

Тікұшақ апаты

9 қарашада Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бортта үш адам болған. Олардың біреуі - әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Оразымбетов көз жұмды.
Крушение вертолета в Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Ақтөбедегі тікұшақ апаты: министрлік негізгі себебін атады
Әуе қорғанысы күштері Ми-8 тікұшақтарын тәуелсіздік алғаннан бері қолданып келеді. Ал апатқа ұшыраған тікұшаққа күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының "405 авиациялық-жөндеу зауытында" жасалған болатын.

Халық қамқоршысы ұсталды

Қараша айында халықтың жағасын ұстатқан тағы бір жаңалық тарады. "Biz Birgemiz" қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін ұсталды. Ол ақшаның барлығы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жиналған.
Қаржылық мониторинг агенттігі халықтың қамқоршысы сатып алған қымбат мүлік пен көліктерді де көрсетті.
Ал "AMANAT" партиясы "Biz Birgemiz" қорына қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясын да басқарған.
Тенге, деньги, купюры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2024
Перизат Қайратқа қатысты тағы бір жемқорлық факт анықталды

Мұғалімнің жарақатынан кейін шенеуініктер жұмыстан қуылды

Семейде жаңа жылдың алдында шырша безендіруге барған ұстаз құлап, басынан ауыр жарақат алды. Дәрігерлерге бас сүйектің бір бөлігін алып тастауға тура келді. Себебі ісік миын қысып жіберген. Алдағы уақытта оған тағы операция жасауға тура келеді. Қуат Айтқалиевтің туыстары осы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
"Бір сағатта келемін деді": Ауыр жарақат алған мұғалімнің әйелі оқиғаның мән-жайын айтты
Заң бойынша педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
Қуат Айтқалиев жарақат алғаннан кейін қалалық білім басқармасының басшысы жұмыстан шығарылды. Көп ұзамай Семей әкімі Нұрбол Нұрсағат та қызметінен кетті.

Ақтауда ұшақ құлады

Жылдың соңында Ақтаудағы ұшақ апаты елді дүрліктірді. Бортта экипажбен бірге 67 жолаушы болған. Олардың ішінде 29 адам аман қалды.
Қазақстанда зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді. Жансақтау бөліміне түскендер оңалып шықты. Қазақстандықтар қан тапсыру үшін кезекке тұрды. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев сол үшін барша қазақстандыққа алғыс білдірді.
Президент Азербайджана Ильхам Алиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2024
"Достығымыз бен бауырластығымыз нығая түсті": Ильхам Әлиев қазақстандықтарға алыс айтты
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан, Әзербайжан мен Ресей азаматтары болды.
Ресей президенті Путин Әзербайжан басшысына қоңырау шалып, қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрады. Қазақстан президентіне де хабарласып, көңіл айтты.
Апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының өздігінен жазу құралдарын Бразилияға жіберуге шешім қабылданды.
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияға жіберді
Жаңалықтар
0