https://sputnik.kz/20240123/dabyl-somkesi-zher-silkinisi-kezinde-qazhetti-zattar-tizimine-ne-kiredi-41759365.html
"Дабыл сөмкесі": жер сілкінісі кезінде қажетті заттар тізіміне не кіреді
"Дабыл сөмкесі": жер сілкінісі кезінде қажетті заттар тізіміне не кіреді
Sputnik Қазақстан
Мамандар ауыз суды бірнеше күнге жететіндей етіп алуға кеңес берді 23.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-23T13:20+0500
2024-01-23T13:20+0500
2024-01-23T13:20+0500
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_5e892a984a2cf811b4450879447dfb27.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Алматыда бүгін түннен бері бірнеше рет жер сілкінді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға алдын ала "дабыл сөмкесін" дайындауды ұсынды.Министрліктің ұсынысы бойынша, "Дабыл сөмкесінің" ішіне төтенше жағдайда қолдануға болатын заттарды салған жөн. Бұл қатарда адамның жеке басын куәландыратын құжаттар, дәрі-дәрмек қобдишасы, үш күнге жететін азық-түлік, қолшам, оттық, жылы киім, ауыз су бар.Мамандар ауыз суды бірнеше күнге жететіндей етіп алуға кеңес берді.Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_67:0:1774:1280_1920x0_80_0_0_6dfe3702f86f23c78400296db1833084.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі
"Дабыл сөмкесі": жер сілкінісі кезінде қажетті заттар тізіміне не кіреді
Мамандар ауыз суды бірнеше күнге жететіндей етіп алуға кеңес берді
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Алматыда бүгін түннен бері бірнеше рет жер сілкінді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға алдын ала "дабыл сөмкесін" дайындауды ұсынды.
Министрліктің ұсынысы бойынша, "Дабыл сөмкесінің" ішіне төтенше жағдайда қолдануға болатын заттарды салған жөн. Бұл қатарда адамның жеке басын куәландыратын құжаттар, дәрі-дәрмек қобдишасы, үш күнге жететін азық-түлік, қолшам, оттық, жылы киім, ауыз су бар.
Мамандар ауыз суды бірнеше күнге жететіндей етіп алуға кеңес берді.
"Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін", - дейді министрліктегілер.
Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.