Шырша орнату кезінде мұғалім зардап шекті: білім бөлімінің басшысы қызметтен кетті

© Photo : Официальный сайт акимата города СемейПодвесной мост в городе Семей. Виды
Подвесной мост в городе Семей. Виды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
"Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған
АСТАНА, 23 желтоқсан - Sputnik. Семейде шырша безендіремін деп ауыр жарақат алған мұғалімнің заңсыз жұмысқа шығарылғаны белгілі болды. Қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босады, бұл туралы облыстық білім басқармасы айтты.
Биіктен құлаған Қуат Айтқалиев 31 жаста, бір баланың әкесі. №49 мектепте жұмыс істейді. Мұғалім болып қызметке тұрғанына небәрі екі жыл болған. Жұбайы да білім саласында еңбек етеді.
Сенбі күні сағат 15:00-де облыс әкімінің төрағалығымен Семей қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты жедел жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында білім басқармасына қызметтік тексеріс жүргізу, ал денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен мұғалімді тәулік бойы бақылауға алу тапсырылды, дейді облыстық білім басқармасы.

"Қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысына заңсыз тартылғаны анықталды. Олардың арасында №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған. Қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша Семей қаласындағы үш мектептің директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды", - дейді ведомстводағылар.

"Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында, дейді басқарма. Болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін білім беру ұйымдына бақылау күшейтілген.
Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда Семейде шырша безендіруге барған 23 жастағы мұғалім ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деді.
Асхат Аймғамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Шырша орнату кезінде мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов пікір білдірді
Жаңалықтар
0