Дәрігерлер Семейде ауыр жарақат алған мұғалімнің денсаулығы туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2024
Жазылу
Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты, есін біледі
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Семейде шыршаны безендіруге барып, ауыр жарақат алған мұғалім жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтты.
Науқас 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген.
"Ауруханаға түскенде есін біліп жатты. Оң жақтағы париетотемпоральды аймақтың субдуральды гематомасы диагнозы қойылды", - дейді ведомство.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қазір тұрақты.
"Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі. Неврологиялық тапшылық жоқ. Гемодинамика тұрақты", - дейді басқарма.
Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр, ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.
Еске сала кетері, Семейде шырша безендіруге барған мұғалім Қуат Айтқалиева ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
0