https://sputnik.kz/20241228/putin-alievke-telefon-sogyp-azal-ushagynyn-apatqa-ushyrauyna-baylanysty-keshirim-surady-49636333.html
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады
Sputnik Қазақстан
Ресей басшысы AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әлиевтен кешірім сұрады 28.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-28T18:00+0500
2024-12-28T18:00+0500
2024-12-28T18:23+0500
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49584700_0:11:940:540_1920x0_80_0_0_a9b208f1c230d6134df696f5e8a99a92.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.25 желтоқсанда Ақтау маңында "Әзербайжан әуе жолдары" ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.Әңгімелесу барысында Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекет жасағаны аталып өтті.Путин бұл уақытта Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасағанын, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс бергенін айтты.Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
https://sputnik.kz/20241228/aqtau-manyndagy-ushaq-apaty-braziliyadan-mamandar-keldi-49632055.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49584700_51:0:824:580_1920x0_80_0_0_fb5f337d76a041783aa969348ec89c84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады
18:00 28.12.2024 (жаңартылды: 18:23 28.12.2024) Ресей басшысы AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әлиевтен кешірім сұрады
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
25 желтоқсанда Ақтау маңында "Әзербайжан әуе жолдары" ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.
"Путин қайғылы оқиға Ресей әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да терең және шынайы көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекет жасағаны аталып өтті.
Путин бұл уақытта Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасағанын, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс бергенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.