https://sputnik.kz/20240418/bishimbaev-pen-nukenovanyn-nekesin-qigan-imam-zhazalandy-43745808.html
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады 18.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-18T15:54+0500
2024-04-18T15:54+0500
2024-04-18T15:54+0500
қуандық бишімбаев
имам
мешіт
неке
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26682965_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_a1dd84ba406e4032d09784b8a34cac12.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл неке 2022 жылғы 17 қазанда Астанадағы республикалық бас мешітте қиылған. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.Еске салсақ, Астанада өтіп жатқан сот отырыс барысында Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың некесі екі рет қиылғаны мәлім болды. Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).Экс-министрдің ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.Салтанат Нүкенованың өліміӨткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20240417/bishimbaevtyn-isi-bayzhanovtyn-telefonynan-qylmys-zhasalgan-kuni-tusirilgen-video-tabyldy-43730613.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26682965_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_4f0f293a471fa0ee87480bad6ec44264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, имам, мешіт, неке
қуандық бишімбаев, имам, мешіт, неке
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған имам жазаланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұл неке 2022 жылғы 17 қазанда Астанадағы республикалық бас мешітте қиылған.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
"Осы азаматтардан және олардың туыстарынан некенің АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде "жасалу үстінде" деп жауап берген. Сонымен қатар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некесін қиып беруін өтінген. Бұл азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қанат Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды", - деп жазды ҚМБД баспасөз хатшысы.
Еске салсақ, Астанада өтіп жатқан сот отырыс барысында Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың некесі екі рет қиылғаны мәлім болды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Экс-министрдің ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Салтанат Нүкенованың өлімі
Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.