https://sputnik.kz/20231006/segizinshi-mushel-97-zhasta-ne-isteu-kerek-39301027.html
Сегізінші мүшел: 97 жаста не істеу керек
Сегізінші мүшел: 97 жаста не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Қазақтың жыл санауы бойынша 97 жас "сегізінші мүшел" болып саналады. Қазақта 97 жасты "сегізінші бунақ өмір" дейді. Осы жасқа жеткен ата-әжелерді "әулие баба", "пір ана" деп атайды, кей кезде "қаңбақ шал" мен "қаңбақ апа" дейді.
2023-10-06T11:47+0500
2023-10-06T11:47+0500
2023-10-12T11:47+0500
дерекқор
мүшел жас
ырым-тыйымдар
салт-дәстүр
https://sputnik.kz/img/501/12/5011229_0:78:1200:753_1920x0_80_0_0_b133a9ef049995380b507d7e248c6fc5.jpg
Осы жасқа жеткен ата-әжелерді "әулие баба" мен "пір ана" деп атайды, кей кезде "қаңбақ шал" мен "қаңбақ апа" дейді. Ондай адамы бар үй құтты, шырағы өшпес шаңырақ болады. Sputnik Қазақстан сегізінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.97 жас – "сегізінші бунақ өмір"Қазақта тоқсан жеті жасты "сегізінші мүшел" немесе "сегізінші бунақ өмір" деп атайды. Бұл жасқа келген ата мен әжені қазақ "қақпыш буын", "ақтық буын", "қақсал буын", "қарт буын", "әулие баба", "кейуана", "киелі ана", "пір ана", "тау ата", "орман ана", "баталы ғұмыр", "бақты өмір", "шырақты тіршілік", "көмбелі кезең", "кезең асқан жас" дейді.Бұл мүшелге толған ақ ата мен ақ ананың бір кездегі таудай болған денесі тобықтай болып солады. Айдай толған ажарын терең әжім басады. Кезіндегі сері сезімі сірі ақылға айналады. Ақ таяққа таянады. Құлақтан азады, сөзден тозады. Төрінен көрі жақындайды. Көп нәрседен жиренеді, әлсіз күй кешеді. Осыған қарап оны кейде "қаңбақ шал", "қаңбақ апа" деп те жатады.Рас, жүз жастық - бір ғасырлық ғұмыр кешіп, ұл мен қыз, немере-шөбере, шөпшектерінің алдында, ажал аузында ақырғы сәтте отырған, ақтық демінен бата алған ұрпақтың бақыты бір ғұмыр жанады. Қарт ата мен ананың құты шаңырағына дарып, шырағы өшпес болады.Мүшел жаста қауіп-қатерден қалай сақтанадыҚазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.Жетінші мүшелде сыйлық бере меҚазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті. Бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Сосын ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген.Бірақ мүшелде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.Мал шалу керек пеКейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды. Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды."Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылық жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.Аурудың асқынатын уақытыАстрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан.Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.Мүшелді қалай санайдыҚазақтың жыл санауы бойынша 12 жылдың әрбіреуі жануардың атымен аталады. Алдымен тышқан жылы, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит пен доңыз келеді. Әрбір жыл наурыздың 22-сінен басталады. Ал барлығы бір айналып шыққанда мүшел жасты құрайды. Бірақ адамның алғашқы мүшелі 13 жаста басталады. Себебі анасының құрсағында жатқан 9 айы бір жыл болып есептеледі.Мүшел жас қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі болғаннан кейін 13 жасты "алғашқы мүшелі" дейді. Одан кейін 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. 25 жас - екі мүшел, 37 жас - үш мүшел, 49 жас - "төрт мүшел" болып кете береді. Мүшел санау дәстүрі қоғам мүшесінің қоғамдағы орны мен мәртебесін де белгілеуді білдіреді. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе.Бірінші мүшел 13-те меКеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы өзінің "Ұшқан ұя" романында мүшел жас туралы жазған. Оның айтуынша, алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күні."Қазір жыл сайын баланың туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде елдің ауыл- аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел - баланың жеті жасқа толған күні", - деп жазды Момышұлы.Осы орайда жазушы "Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді" деген халықтың сөзін келтірген."Сол жетіге толған күні әрең аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел – 13 жас. "Он үште отау иесі" деген мақал бар. Бұл енді оңды- солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың мүшелі - жиырма бес жас", - дейді жазушы.Әр мүшелдің ерекшелігі7-10 жас аралығы – қозы жасы. Бұл жастағы балаларға төрт түлік малдың төлдерінің ен-таңбасын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.10 жастан 20 жасқа дейін – қой жасы. Ер бала осы жас аралығында қойдың қырық қайырымын білу, астық жинау (ұрық таңдау, баптау, ору, жию, қамбалау) әдісі, бағбандық (көшет отырғызу, баптау, бұтау, үзу, сақтау) сияқты амалдарды толық меңгеруі тиіс.20 жастан 30 жас – жылқы жасы. Бұл жастағыларға ел танып, жер танып, тың жол тауып, жаңа бастама көтеріп, жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп-қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да, батыр болуы тиіс.40 жас – жігіт ағасы, дүр жігіт. Қырыққа келген азаматты елдің тірегі санап, сын сағатта иек артқан.50 жас – ел ағасы. Кейінгі ұпаққа жөн сілтеп, ақылшы болған. 60 жас – отағасы, пайғамбар жасы.70-80 жас – қарасақал, ақсақал деп құрмет тұтқан.Мүшелге қай кезде кіреді1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді – 98-де шығады9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығадыӘрбір мүшелдің маңыздылығы қандай13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).
https://sputnik.kz/20230929/mushel-zhas-turaly-ne-bilu-kerek-38874817.html
https://sputnik.kz/20231001/birinshi-mushel-13-zhasta-ne-isteu-kerek-38987372.html
https://sputnik.kz/20230930/ekinshi-mushel-25-zhasta-ne-isteu-kerek-38995155.html
https://sputnik.kz/20231003/mushel-zhas-37-zhasta-ne-isteu-kerek-39168072.html
https://sputnik.kz/20231003/mushel-zhas-49-zhas-nege-qaterli-bolyp-sanalady-39166322.html
https://sputnik.kz/20231002/altynshy-mushel-73-zhasta-ne-isteu-kerek-39187417.html
https://sputnik.kz/20231008/besikke-boleudin-toy-retindegi-mani-ozgerip-ketti--etnograf-39148436.html
https://sputnik.kz/20211109/kiyiz-ui-turaly-18584462.html
https://sputnik.kz/20211107/jeti-qazyna-derek-18595472.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/12/5011229_47:0:1154:830_1920x0_80_0_0_2a00315c094205517230bb1aec747274.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас қауіпті ырым-тыйымдар садақа кәрілік жыл санау
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас қауіпті ырым-тыйымдар садақа кәрілік жыл санау
Осы жасқа жеткен ата-әжелерді "әулие баба" мен "пір ана" деп атайды, кей кезде "қаңбақ шал" мен "қаңбақ апа" дейді. Ондай адамы бар үй құтты, шырағы өшпес шаңырақ болады.
Sputnik Қазақстан сегізінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.
97 жас – "сегізінші бунақ өмір"
Қазақта тоқсан жеті жасты "сегізінші мүшел" немесе "сегізінші бунақ өмір" деп атайды. Бұл жасқа келген ата мен әжені қазақ "қақпыш буын", "ақтық буын", "қақсал буын", "қарт буын", "әулие баба", "кейуана", "киелі ана", "пір ана", "тау ата", "орман ана", "баталы ғұмыр", "бақты өмір", "шырақты тіршілік", "көмбелі кезең", "кезең асқан жас" дейді.
Бұл мүшелге толған ақ ата мен ақ ананың бір кездегі таудай болған денесі тобықтай болып солады. Айдай толған ажарын терең әжім басады. Кезіндегі сері сезімі сірі ақылға айналады. Ақ таяққа таянады. Құлақтан азады, сөзден тозады. Төрінен көрі жақындайды. Көп нәрседен жиренеді, әлсіз күй кешеді. Осыған қарап оны кейде "қаңбақ шал", "қаңбақ апа" деп те жатады.
Рас, жүз жастық - бір ғасырлық ғұмыр кешіп, ұл мен қыз, немере-шөбере, шөпшектерінің алдында, ажал аузында ақырғы сәтте отырған, ақтық демінен бата алған ұрпақтың бақыты бір ғұмыр жанады. Қарт ата мен ананың құты шаңырағына дарып, шырағы өшпес болады.
Мүшел жаста қауіп-қатерден қалай сақтанады
Қазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.
Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.
Жетінші мүшелде сыйлық бере ме
Қазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті. Бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Сосын ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген.
Бірақ мүшелде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.
Кейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды.
Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды.
"Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.
Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылық жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.
Астрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан.
Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.
Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.
Қазақтың жыл санауы бойынша 12 жылдың әрбіреуі жануардың атымен аталады. Алдымен тышқан жылы, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит пен доңыз келеді. Әрбір жыл наурыздың 22-сінен басталады. Ал барлығы бір айналып шыққанда мүшел жасты құрайды. Бірақ адамның алғашқы мүшелі 13 жаста басталады. Себебі анасының құрсағында жатқан 9 айы бір жыл болып есептеледі.
Мүшел жас қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі болғаннан кейін 13 жасты "алғашқы мүшелі" дейді. Одан кейін 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. 25 жас - екі мүшел, 37 жас - үш мүшел, 49 жас - "төрт мүшел" болып кете береді. Мүшел санау дәстүрі қоғам мүшесінің қоғамдағы орны мен мәртебесін де белгілеуді білдіреді. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе.
Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы өзінің "Ұшқан ұя" романында мүшел жас туралы жазған. Оның айтуынша, алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күні.
"Қазір жыл сайын баланың туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде елдің ауыл- аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел - баланың жеті жасқа толған күні", - деп жазды Момышұлы.
Осы орайда жазушы "Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді" деген халықтың сөзін келтірген.
"Сол жетіге толған күні әрең аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел – 13 жас. "Он үште отау иесі" деген мақал бар. Бұл енді оңды- солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың мүшелі - жиырма бес жас", - дейді жазушы.
7-10 жас аралығы – қозы жасы. Бұл жастағы балаларға төрт түлік малдың төлдерінің ен-таңбасын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.
10 жастан 20 жасқа дейін – қой жасы. Ер бала осы жас аралығында қойдың қырық қайырымын білу, астық жинау (ұрық таңдау, баптау, ору, жию, қамбалау) әдісі, бағбандық (көшет отырғызу, баптау, бұтау, үзу, сақтау) сияқты амалдарды толық меңгеруі тиіс.
20 жастан 30 жас – жылқы жасы. Бұл жастағыларға ел танып, жер танып, тың жол тауып, жаңа бастама көтеріп, жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп-қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да, батыр болуы тиіс.
40 жас – жігіт ағасы, дүр жігіт. Қырыққа келген азаматты елдің тірегі санап, сын сағатта иек артқан.
50 жас – ел ағасы. Кейінгі ұпаққа жөн сілтеп, ақылшы болған. 60 жас – отағасы, пайғамбар жасы.
70-80 жас – қарасақал, ақсақал деп құрмет тұтқан.
1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады
6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді – 98-де шығады
9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығады
Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай
13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.
61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).