Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Қазақ алғашқы мүшелді 13 жастан қайырады, одан кейін 12 жылды қосып отырады.

Қазақ халқы мүшелге көп мән береді. Бағзы замандардан бері он екі жылды бір мүшел санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі жануар атымен аталады. Әр мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. 

Алғашқы мүшел 13 жас – балалық шақтан ересек шаққа дейінгі кезең. 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. 37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел, жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтататын кез. 49 жас – даналыққа аяқ басатын кезең. 61 жас – адамның даналығы артып, өзі тәрбиеге келетін кезеңі. 73 жас – кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез. 85 жас – өзінен кейінгілермен балаша ұрсып, жеген тамағын жемедім деп, өкпелегіш болатын кез.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0