https://sputnik.kz/20231005/mushel-zhas-61-zhasta-qalay-saqtanu-kerek-39165315.html
Мүшел жас: 61 жаста қалай сақтану керек
Мүшел жас: 61 жаста қалай сақтану керек
Sputnik Қазақстан
Қазақтың жыл санауы бойынша 61 жас бесінші мүшел болып саналады. Ол кезде адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарайды. Қазақта адамның алпыс бір жасы "бесінші мүшел" немесе "бесінші бунақ өмір" деп аталады.
2023-10-05T10:55+0500
2023-10-05T10:55+0500
2023-10-10T10:55+0500
мүшел жас
ырым-тыйымдар
салт-дәстүр
https://sputnik.kz/img/846/00/8460086_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_d7c2d05653ed293b63bd7746fe4e36d1.jpg
Қазақтың жыл санауы бойынша 61 жас бесінші мүшел болып саналады. Ол кезде адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарайды. Sputnik Қазақстан бесінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.60 жастың ерекшелігіҚазақта адамның алпыс бір жасы "бесінші мүшел" немесе "бесінші бунақ өмір" деп аталады. Осы жасқа келген ер адам болсын, әйел болсын, ақылы толған, мінезі орныққан, жеңілтек сезімнен, көбелек көңіл-күйден әбден тазарған, ары жарқылдап айдай толған болып саналады.Қазақ бұл жастағы ер адамды "ата жасы", "ақыл жасы", "жұрт ағасы", "дана жас", "атан жас", "ақберен жас", "ақ сүңгі жас" деп қараған. Сондықтан қазақта "Алпыстан асқаннан ақыл сұра, отыздағы жігіттен олжа сұра" деген тәмсіл бар. Тағы да қазақтың "Жігіттің алпысқа келгені - атан жігіт болып толғаны", "Алпыс - тал түс", "Алпыстағы адамнан бата алған жанның бақыты жанады, тоқсан тарау жолы жақсылыққа ашылады" деп, алпыс жастың қадір-қасиетін, өмірдің мәнін дұрыс бағалай білген.Ал алпыс бір жасқа толған әйел адамдарды "ақ жаулықты ана", "ақ самайлы шеше", "ару ана", "ақ қарын ана", "төр бәйбіше", "от анасы", "орда ақылы", "ауыл анасы", "ел анасы", "ақыл данасы" деп бағалаған. Алпыстан асқан ананы ерекше құрметтеген, жастар алдынан кесе-көлденең өтпеген, қатты сөз айтып, қамықтырмаған. Себебі ана жолы – үлкен жол. "Ананың ақылы - халықтың нақылы" деп білген. Қазақта "Әке қарғысы - оқ, шеше қарғысы - боқ" деген мақал бар. Осы мақалдың түп-төркінінде шешенің шындап қарғамайтындығы, жүрегінің күн шуағындай жылы, мейірімді екендігі көрініп тұр.Алпыстан асқан адамның өмір тәжірибесі мол болады. Әр басқан қадамын есептеп басып, есті тәрбие айтады. Қателік өткізіп алудан, ұятты істерден көш аулақ жүреді. Бесінші мүшел адам баласының өмірінің ең жоғары сапалы дәрежеге өткен, иманы кемеліне келген, өте дұғалы ауызды кезі саналады.Бесінші мүшелде не істеу керекҚазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті. Бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Сосын ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген. Бүгінде осы салтты жасайтын адамдар аз емес.Бірде Сыр елінің әйгілі әншісі, белгілі сазгер Әлмұрза Ноғайбаевтың ән кеші өтті. Сол кезде Әлмұрза көпшіліктің алдында бағалы затын сыйға тартқан."Бүгін – менің туған күнім. Жай туған күн емес, мүшел жасым. Халқымыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бойынша мүшелде адам қимас киімін шын жүректен басқаға сыйлауы керек. Менің киімдерімнің ішіндегі өзім үшін ең қымбаты, бағалысы батыр Бәукең атамыздың қара шаңырағынан киген зерлі шапаным еді. Қадірлеп, қастерлеп үлкен сахналарда ғана киюші едім. Осы күнге аман-сау жетіп, алдарыңызда ән шырқап тұрғаныма Аллаға шүкіршілік етіп, мен де бабалар дәстүрін орындайын", – деді де, інілік ізетпен сыйлы бір ағасына кигізді.Бесінші мүшелде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.Бүгінде кейбіреулер "әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін" деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді.Мал шалу керек пеКейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды. Жәндіктерді де беталды өлтіре бермейді.Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды."Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылықты жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.Бесінші мүшелде қалай сақтандыҚазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.Ағзадағы өзгерістерАстрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан.Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.2028 жылға дейін мүшелде зейнетке шығадыҚазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61-де ұстап тұруға шешім қабылданды. Осылайша, алдағы бес жыл бойы олар бесінші мүшелде зейнетке шығатын болады.Ал 2028 жылдан бастап қайтадан жырты жылдан қосып, ер адамдардың зейнет жасымен теңестіреді.Мүшелге қай кезде кіредіӘрбір мүшелдің маңыздылығы қандай13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).
https://sputnik.kz/20230929/mushel-zhas-turaly-ne-bilu-kerek-38874817.html
https://sputnik.kz/20231001/birinshi-mushel-13-zhasta-ne-isteu-kerek-38987372.html
https://sputnik.kz/20230930/ekinshi-mushel-25-zhasta-ne-isteu-kerek-38995155.html
https://sputnik.kz/20231008/besikke-boleudin-toy-retindegi-mani-ozgerip-ketti--etnograf-39148436.html
https://sputnik.kz/20220207/qazaq-ush-zhuz-derekter-22587887.html
https://sputnik.kz/20211111/qaza-khalqy-qasietti-sandar-18632454.html
https://sputnik.kz/20211109/kiyiz-ui-turaly-18584462.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/846/00/8460086_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_add8ffd1cd92e125a539ec6d234c2b9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас зейнеткерлік зейнеткер зейнет мал шалу
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас зейнеткерлік зейнеткер зейнет мал шалу
Қазақтың жыл санауы бойынша 61 жас бесінші мүшел болып саналады. Ол кезде адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарайды.
Sputnik Қазақстан бесінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.
Қазақта адамның алпыс бір жасы "бесінші мүшел" немесе "бесінші бунақ өмір" деп аталады. Осы жасқа келген ер адам болсын, әйел болсын, ақылы толған, мінезі орныққан, жеңілтек сезімнен, көбелек көңіл-күйден әбден тазарған, ары жарқылдап айдай толған болып саналады.
Қазақ бұл жастағы ер адамды "ата жасы", "ақыл жасы", "жұрт ағасы", "дана жас", "атан жас", "ақберен жас", "ақ сүңгі жас" деп қараған. Сондықтан қазақта "Алпыстан асқаннан ақыл сұра, отыздағы жігіттен олжа сұра" деген тәмсіл бар. Тағы да қазақтың "Жігіттің алпысқа келгені - атан жігіт болып толғаны", "Алпыс - тал түс", "Алпыстағы адамнан бата алған жанның бақыты жанады, тоқсан тарау жолы жақсылыққа ашылады" деп, алпыс жастың қадір-қасиетін, өмірдің мәнін дұрыс бағалай білген.
Ал алпыс бір жасқа толған әйел адамдарды "ақ жаулықты ана", "ақ самайлы шеше", "ару ана", "ақ қарын ана", "төр бәйбіше", "от анасы", "орда ақылы", "ауыл анасы", "ел анасы", "ақыл данасы" деп бағалаған. Алпыстан асқан ананы ерекше құрметтеген, жастар алдынан кесе-көлденең өтпеген, қатты сөз айтып, қамықтырмаған. Себебі ана жолы – үлкен жол. "Ананың ақылы - халықтың нақылы" деп білген. Қазақта "Әке қарғысы - оқ, шеше қарғысы - боқ" деген мақал бар. Осы мақалдың түп-төркінінде шешенің шындап қарғамайтындығы, жүрегінің күн шуағындай жылы, мейірімді екендігі көрініп тұр.
Алпыстан асқан адамның өмір тәжірибесі мол болады. Әр басқан қадамын есептеп басып, есті тәрбие айтады. Қателік өткізіп алудан, ұятты істерден көш аулақ жүреді. Бесінші мүшел адам баласының өмірінің ең жоғары сапалы дәрежеге өткен, иманы кемеліне келген, өте дұғалы ауызды кезі саналады.
Бесінші мүшелде не істеу керек
Қазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті. Бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Сосын ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген. Бүгінде осы салтты жасайтын адамдар аз емес.
Бірде Сыр елінің әйгілі әншісі, белгілі сазгер Әлмұрза Ноғайбаевтың ән кеші өтті. Сол кезде Әлмұрза көпшіліктің алдында бағалы затын сыйға тартқан.
"Бүгін – менің туған күнім. Жай туған күн емес, мүшел жасым. Халқымыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бойынша мүшелде адам қимас киімін шын жүректен басқаға сыйлауы керек. Менің киімдерімнің ішіндегі өзім үшін ең қымбаты, бағалысы батыр Бәукең атамыздың қара шаңырағынан киген зерлі шапаным еді. Қадірлеп, қастерлеп үлкен сахналарда ғана киюші едім. Осы күнге аман-сау жетіп, алдарыңызда ән шырқап тұрғаныма Аллаға шүкіршілік етіп, мен де бабалар дәстүрін орындайын", – деді де, інілік ізетпен сыйлы бір ағасына кигізді.
Бесінші мүшелде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.
Бүгінде кейбіреулер "әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін" деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді.
Кейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды. Жәндіктерді де беталды өлтіре бермейді.
Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды.
"Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.
Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылықты жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.
Бесінші мүшелде қалай сақтанды
Қазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.
отбасының берекесін сақтау;
қимайтын әдемі киімдері мен бұйымдарын тарату;
әсіресе, жарлы-жақыбайға көмек беру;
Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.
Астрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан.
Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.
Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.
2028 жылға дейін мүшелде зейнетке шығады
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61-де ұстап тұруға шешім қабылданды. Осылайша, алдағы бес жыл бойы олар бесінші мүшелде зейнетке шығатын болады.
Ал 2028 жылдан бастап қайтадан жырты жылдан қосып, ер адамдардың зейнет жасымен теңестіреді.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанда.
1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады
6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді – 98-де шығады
9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығады.
Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай
13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.
61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).