Дерекқор

Екінші мүшел: 25 жаста не істеу керек

© Photo : пресс- служба акима области Жетысу жастар

жастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
Қазақтың жыл санауы бойынша 25 жас екінші мүшел болып саналады
Бұл жастың өзіндік ерекшеліктері бар. Сол себепті қазақ халқы 25-ке келген ұл мен қызға қатысты арнайы салтты ұстанған, тыйымдар да болған. Сондай-ақ тіл-көзден сақтану жолдары да жоқ емес. Sputnik Қазақстан бірінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.

"Екі буынды өмірдің" ерекшелігі

Қазақта екінші мүшелді "екі буынды өмір" деп атайды. 25 жасқа келген адамның ақыл-ойы да, сана-сезімі де біршама дамыған. Азаматтар самырсын сапты балтадай, қынынан алған қылыштай жарқ-жұрқ етіп тұрған кез. Олар күндіз үйде болмай, түнде жорытатын көкбөрі сияқты. Бұл жастағы ұл балаларды "бозбала", "буыршын жігіт", "өр кез", "бұқа жігіт", "арда азамат", "жігіт ағасы", "сұлтан жігіт" деп, елдің, халықтың жүгін мойнымен көтеретіндігін көрсетуге тырысқан.
Ал қыз балалар үшін екінші мүшел толған айдай толықсып, ақ сазандай бұлықсып, арулықтың кемеріне келген кезі. Оларды "бұла кез", "бойжеткен", "ару", "бикеш", "талшын қыз", "қырмызы" мен "гүл өмір" дейді.
Наурыз 2018 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Дерекқор
Қазақтың сәукелесі туралы қызықты деректер - фото
Қазақ халқы 25-ке келген қыз бен ұлға бөрі мен қой деп қарайды. Сондықтан қыз бен ұлды бір үйге ешқашан түнетпеген. Атам қазақ "Бүлдіршін қыздың бүлігінен сақта, буыршын жігіттің бұзығынан сақта" деп белгісіз себеппен некесіз жағдаймен қыз бен жігіттің ортасынан от алып кетуінен сақтанған. "Қыздың қырық жаны бар, оттан ыстық қаны бар, жақсы болса бойында айдай жарқыраған ары бар" деп, екінші мүшелге толған қызды көзінің қарашығындай қорғай білген.
Қазақтың байырғы салтында қызды жиырма беске толмай күйеуге беріп, ұзатып отырған. Жиырма беске толған қызға "марқа қыз" немесе "отырған қыз" деп қараған.

Екінші мүшелде жасайтын әдет-ғұрыптар

25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Екінші мүшелге де садақа таратып, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
Астрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан. Бірақ дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды.
Национальный мужской головной убор бөрік - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Дерекқор
Ер де, әйел де киген: бөрік туралы не білеміз
"Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.
Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады. Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.

Тіл-көзден қалай сақтанған

Қазақ халқы мүшел жасқа толғанда жалғыз өзі ұзақ сапарға шықпайды. Өйткені мүшел жаста адам әлсіз күйде болады, қауіп-қатердің арасында өмір сүреді деп ырымдаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.
Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған.
тақия киген қыздар - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2021
Дерекқор
Тақияның өзге бас киімнен ерекшелігі неде – видео
Этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды.

Мүшел жаста қандай сыйлық берген

Қазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.
Мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар болды. Адам өзінің қимайтын бір затын жолдас-жорасына, тілеуін тілеп жүретін қарияға, құрбысына, болмаса ауылдағы дуалы ауызды адамға беріп, содан бата алған. Осылайша, өзіне төнген қауіп-қатер, сырқат садақа беру арқылы кетеді деп сенген. Ал сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті.
Наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Дерекқор
Барқыт шапан, былғары белбеу: Ерлердің ұлттық киімдері қандай болған - фото
Мәселен, бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Мүшел жаста өзі ұзақ ұстаған затын беру керек деп ойлаған. Ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген. Бірақ мүшеліңде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Себебі қимайтын затын садақаға бергеннен кейін көңілі кеңейіп, сергіп қалады екен. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.
Иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Дерекқор
Қазақ халқы қандай сандарды қасиетті санаған

Мүшелге қай кезде кіреді

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады
2-мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады
4-мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады
5-мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады
6-мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады
7-мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады
8-мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді - 98 шығады
9-мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады
10-мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығады
Юрта - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Дерекқор
Қазақтың киіз үйі туралы қызықты деректер

Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай

13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.
61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Дерекқор
Қазақ халқы жеті қазынаға нені жатқызған
Жаңалықтар
0