https://sputnik.kz/20231003/mushel-zhas-49-zhas-nege-qaterli-bolyp-sanalady-39166322.html
Мүшел жас: 49 жас неге қатерлі болып саналады
Мүшел жас: 49 жас неге қатерлі болып саналады
Sputnik Қазақстан
Қазақтың жыл санауы бойынша 49 жас төртінші мүшел болып саналады. Бұл – адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Осы жаста кейбіреулер немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмауға тырысады. 49 жасты аса қатерлі шақ деп санайды
2023-10-03T11:35+0500
2023-10-03T11:35+0500
2023-10-10T10:43+0500
мүшел жас
ырым-тыйымдар
салт-дәстүр
дерекқор
https://sputnik.kz/img/07e4/09/18/15042579_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_72a8027a3d2adaa86e699392a720539b.jpg
Қазақтың жыл санауы бойынша 49 жас төртінші мүшел болып саналады. Бұл – адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Осы жаста кейбіреулер немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмауға тырысады. 37-ні адам өміріндегі ең басты әрі қауіпті мүшел дейді. Ал 49 жасты аса қатерлі шақ деп санайды. Sputnik Қазақстан төртінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.Төртінші мүшел неге аса қауіптіҚазақта төртінші мүшел "төрт буынды өмір" деп саналады. 49 жасқа келген адамдар толғанып сөйлейді, ойланып істейді, он ойлап, бір пішеді. Төрт төңірегін күзетеді, сара жолын түзетеді. Артық жол баспайды. Осыған қарап, қазақ бұл жасты кейде "таразы өмір", "безбен тіршілік" деп те жатады. Сол себепті төртінші мүшелге "жерорта өмірі", "орта буын өмірі", "жас ортасы" деп қарайды.49 жастағы ер болсын, әйел болсын, шапқан жерін кеседі, тиген жерін теседі. Бойы қуатты, ойы суатты болады. Бұл жастағы жігітті қазақ "ақберен жігіт", "қылыш жігіт", "октаулы жігіт", "қыршын жігіт", "төре жігіт", "қырық жас - қыршын бас" деп те атайды. Ал әйелді "от ана", "көктем ана", "сары қарын ана", "Қыдыр ана" дейді.Қазақта төртінші мүшел аса қатерлі шақ деп саналады. Неге екені белгісіз, көп адамдардың осы 49 жаста ауырмай, сырқамай, тұтқиылдан дүниеден өткенін көп жұрт жақсы білген. Сондықтан төртінші мүшелде барынша сақтанып жүреді.Төртінші мүшелде қауіп-қатерден қалай сақтанғанАстрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан. Олар:Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.Мал шалу керек пеКейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды.Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды."Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылық жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.Ағзадағы өзгерістерМүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.Қазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.Мүшел жастағы сыйлықҚазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті.Мәселен, бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Мүшел жаста өзі ұзақ ұстаған затын беру керек деп ойлаған. Ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген. Бірақ мүшеліңде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.Мүшелге қай кезде кіреді1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді – 98-де шығады9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығады.Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.85 жас бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).
https://sputnik.kz/20230929/mushel-zhas-turaly-ne-bilu-kerek-38874817.html
https://sputnik.kz/20231001/birinshi-mushel-13-zhasta-ne-isteu-kerek-38987372.html
https://sputnik.kz/20230930/ekinshi-mushel-25-zhasta-ne-isteu-kerek-38995155.html
https://sputnik.kz/20231008/besikke-boleudin-toy-retindegi-mani-ozgerip-ketti--etnograf-39148436.html
https://sputnik.kz/20211111/qaza-khalqy-qasietti-sandar-18632454.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/18/15042579_624:0:3355:2048_1920x0_80_0_0_ab501c1abb1f7bea4fbf4af62578becd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас қауіпті ырым-тыйымдар садақа
мүшел жас кестесі бесінші мүшел ырымдар 13 жас 25 жас 37 жас 49 жас 61 жас 73 жас балиғат жасы кәмелет жас мүшел санау мушел жас қауіпті ырым-тыйымдар садақа
Мүшел жас: 49 жас неге қатерлі болып саналады
11:35 03.10.2023 (жаңартылды: 10:43 10.10.2023) Қазақта төртінші мүшел "төрт буынды өмір" деп саналады
Қазақтың жыл санауы бойынша 49 жас төртінші мүшел болып саналады. Бұл – адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Осы жаста кейбіреулер немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмауға тырысады. 37-ні адам өміріндегі ең басты әрі қауіпті мүшел дейді. Ал 49 жасты аса қатерлі шақ деп санайды.
Sputnik Қазақстан төртінші мүшелге қатысты қызықты деректерді ұсынады.
Төртінші мүшел неге аса қауіпті
Қазақта төртінші мүшел "төрт буынды өмір" деп саналады. 49 жасқа келген адамдар толғанып сөйлейді, ойланып істейді, он ойлап, бір пішеді. Төрт төңірегін күзетеді, сара жолын түзетеді. Артық жол баспайды. Осыған қарап, қазақ бұл жасты кейде "таразы өмір", "безбен тіршілік" деп те жатады. Сол себепті төртінші мүшелге "жерорта өмірі", "орта буын өмірі", "жас ортасы" деп қарайды.
49 жастағы ер болсын, әйел болсын, шапқан жерін кеседі, тиген жерін теседі. Бойы қуатты, ойы суатты болады. Бұл жастағы жігітті қазақ "ақберен жігіт", "қылыш жігіт", "октаулы жігіт", "қыршын жігіт", "төре жігіт", "қырық жас - қыршын бас" деп те атайды. Ал әйелді "от ана", "көктем ана", "сары қарын ана", "Қыдыр ана" дейді.
Қазақта төртінші мүшел аса қатерлі шақ деп саналады. Неге екені белгісіз, көп адамдардың осы 49 жаста ауырмай, сырқамай, тұтқиылдан дүниеден өткенін көп жұрт жақсы білген. Сондықтан төртінші мүшелде барынша сақтанып жүреді.
Төртінші мүшелде қауіп-қатерден қалай сақтанған
Астрономия ғылымында күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер әрбір 12 жыл сайын өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Ал жұлдыздарда болатын өзгерістер адам ағзасына да әсер етеді дейді. Сол кезде аурудың асқынатын уақыты келеді. Мүшел жаста қатерден сақтану ырымы да содан шыққан. Олар:
қауіп-қатерге толы жерлерге бармау;
отбасының берекесін сақтау;
қимайтын әдемі киімдер мен бұйымдарын тарату;
әсіресе, жарлы-жақыбайға көмек беру;
Сосын қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Бір жасты не кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған. Одан қалды, мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" деген сенім бар.
Кейбіреулер мүшел жаста мал шалады. Бірақ этнографтардың айтуынша, мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген ырым дұрыс емес. Мүшел жаста қан шығармайды.
Ал дін саласының мамандары қауіп-қатерді мүшел жаспен байланыстырмау керек деп санайды.
"Садақа бәле-жаладан қорғайды дейді. Сіз оны күн сайын бересіз бе, әлде арнайы 25 жастағы мүшелге толғанда бересіз бе, еш айырмашылығы жоқ", - дейді олар.
Қариялар да мүшел жаста құран оқып, тамақ берумен шектелмеу керек дейді. Қайырымдылық жыл бойы, өмір бойы жасаған жөн.
Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады.
Айталық, алғашқы мүшел 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста - бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас – ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.
Қазақ адамның өмірі әр 12 жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, адамдармен ұрыспаған.
Қазақта мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту сияқты әдет-ғұрыптар бар. Себебі сыйлық аман-саулық пен бақыт жолында берілген садақа іспетті.
Мәселен, бұрын байлар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Мүшел жаста өзі ұзақ ұстаған затын беру керек деп ойлаған. Ондай сыйлықты жай адамдарға емес, бата бере алатын, дуалы ауызды адамдарға берген. Бірақ мүшеліңде сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Қымбат дүниесін сыйға тартқан адам рухани тұрғыда серпіліп қалады, көңілі кеңейіп, сергіп қалады. Ал сый алған адам үшін бұл үлкен құрмет болған.
1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді – 14-те шығады
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді – 26-да шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді – 38-де шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді – 50-де шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді – 62-де шығады
6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді – 74-те шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді – 86-да шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді – 98-де шығады
9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді – 110-да шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді – 122-де шығады.
Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай
13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.
61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).