Денсаулық

Псориазды емдеу және алдын алу жолдары

Псориаз
Псориаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Көбіне тері зақымданады
Псориаз – адамдардың жасына қарамастан ерлер мен әйелдерде де бірдей пайда болатын кең таралған жұқпалы емес тері ауруы. Бұл созылмалы ауру болғандықтан, оның сыртқы белгілері әртүрлі аралықта пайда болуы және жоғалуы мүмкін. Sputnik Қазақстан псориаз не себепті пайда болатынын, оны емде және алдын алу жолдары туралы кеңінен баяндайды.

Псориаз деген не

Медицинада толық емделмейтін дерматологиялық аурулар тобы бар. Олардың дамуын бақылап, ремиссияға көшкеніне, мұндай аурулар созылмалы болатынына көнуден басқа амал жоқ.
Псориаз дәл осындай тері ауруларының тобына жатады. Ол – созылмалы жұқпайтын сырқат, дерматоз. Көбіне тері зақымданады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Денсаулық
10 млн теңге көтерме жәрдемақы: министрлік ауылға дәрігерлерді қалай тартады
Ересектер мен балалардағы псориаз күміс түсті қабыршақтары бар күлгін-қызғылт түсті дақ түрінде пайда болады. Теріні, тырнақтар мен буындарды зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, жер бетіндегі адамдардың шамамен 4%-і осы аурумен ауырады. Оған жас шектеуі жоқ, бірақ көбінесе 16 мен 22 жаста және 60 жас шамасында пайда болады.

Псориаз белгілері

Псориаздың әртүрлі кезеңдерінде симптомдар әртүрлі қарқындылықпен көрінеді. Қабыну процесіне және үнемі қыртыстанатын қабыршақтардың пайда болуына байланысты теріде қызыл дақтар туындайды. Бұл жерлерде кішкентай іріңдер мен бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Денсаулық
Асқазан-ішек жолдары аурулары: белгілері мен емдеу жолдары
Түйіншектер негізінен бас терісінде, шынтақ және тізе буындарында, арқаның төменгі жағында, сондай-ақ тері қатпарларында орналасады. Асқыну кезеңінде псориаз симптомдары қаттырақ болып, адамға психологиялық және физикалық тұрғыдан қолайсыздық тудырады.

Псориазға тән белгілер:

қатты қышу;
терінің тартылу мен жарылу сезімі;
ісінген және ауыратын буындар;
тырнақтардың қабыршықтануы мен үгітілуі;
саусақтардың ұштарындағы жарықшақтар;
ауыз қуысындағы қызыл иектің қабынуы.

Псориаз түрлері

Орналасуына байланысты псориаз негізінен кәдімгі және кері псориаз бөлінеді. Біріншісі күдік туындаған 85% жағдайда анықталады және негізінен бас терісін зақымдайды. Қабыршақты қызыл дақтар қабыршақтанып, қанайды және қолайсыздықты тудырады.
Псориаздың кері түрі күрделі және көрінбейтін жерлерде пайда болуымен сипатталады. Түйіншектер кеуде астында, тері қатпарларында, қолтықта, санның ішкі бөлігінде және сыртқы жыныс мүшелерінде пайда болады.
Уколы красоты - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Денсаулық
Ботокс: бұл не, не үшін қолданады және қауіпті ме
Терідегі түзілістердің көріністері мен пайда болу сипатына байланысты псориаз келесідей түрлерге бөлінеді:

Пустулярлы псориаз

Бұл түрі жайылған және алақан-табанда болады. Жайылған түрі жаппай дамиды және ауыр жүреді. Қан капиллярларға түседі де, небәрі екі сағат ішінде күйіп жатқандай жану мен ауырсынуды тудыратын қанық қызыл эритема және кішкентай пустулалар пайда болады. Симптомдарға қалтырау, лейкоцитоз және жалпы күйдің нашарлауы жатады. Алақан мен табан псориазы кезінде саусақ беттері мен табандағы доғалар, өкше және саусақ буындары зақымдалады.

Экссудативті

Оның кәдімгі псориаздан айырмашылығы - папула ішінде іріңді сұйықтық жиналуында. Ол қабыршақтарды тері бетінен алып тастаған кезде бөлінеді.

Псориазды артрит

Бұл псориаз және артрит белгілерін біріктіретін ең ауыр түрі. Денеде пайда болатын бөртпелерден басқа науқас буындардағы ауырсынуды сезінеді. Аурудың белгілері қол мен аяқтағы жеңіл артриттен буындардың ауыр деформациясына және тірек-қимыл аппаратының зақымдалуына, соның ішінде мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін.

Эритродермиялық псориаз

Терінің айтарлықтай бөлігі зақымдалатын аурудың тағы бір асқынған ауыр түрі. Ол бастапқы ауру ретінде немесе бұған дейін болған псориаздың туындаушы түрі ретінде пайда болады. Эритродермия белгілері: қан мен лимфаның тамырларға қарай ағуына байланысты ашық қызыл тері (гиперемия), терінің ісінуі, қалыңдауы және өзгеруі (лихенизация), құрғақ қабыршақтардың көп болуы. Науқастың температурасы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлайды.

Псориаздың туындау себептері

Ғылыми зерттеулер әлі күнге дейін псориаздың себептері туралы нақты шешім шығарған жоқ. Ең ықтимал себеп – генетикалық бейімділік. Сонымен бірге ғалымдар вирустық, психосоматикалық және аралас факторлардың әсерін жоққа шығармайды.
Головные боли, мигрень - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Денсаулық
Инсульт: белгілері, емі және профилактикасы
Дегенмен, бүгінгі күні иммундық жүйенің псориаздың даму механизмдеріне тікелей қатысы бар екені кеңінен танылды. Әдетте антигендерге қатысты жауап беретін иммуноциттер сау тері жасушаларына қарсы агрессия жасайды. Бұл беткі қабаттағы жасушалардың қалыпты жағдаймен салыстырғанда тым белсенді бөлінуін тудырады. Эпителиоциттерде жеткілікті деңгейде "өсуге" уақыты жоқ болғандықтан, олар бір-біріне мықтап беки алмайды. Нәтижесінде олар тері бетіне шығып, күміс түсті қабыршақтармен жабылған шығыңқы аумақтарды құрайды. Осылайша, псориаздың негізгі себебі – генетикалық түрде анықталған типтік патогенезді тудыратын иммундық дисфункция.
Түйіншектер түзілу процесіне тері де, бүкіл адам ағзасы да қатысады. Сондықтан псориаздың пайда болу себептері вирустық, инфекциялық, тұқым қуалайтын, психосоматикалық немесе аралас сипатта болуы мүмкін. Негізінен мына факторларды атап көрсетуге болады:
тұрақты күйзеліс, ашулану, депрессия;
генетикалық бейімділік;
гормоналды күйдің бұзылуы;
аллергиялық реакциялар;
Эритродермиялық псориаз
бауыр аурулары;
зат алмасудың бұзылуы;
вирустық, бактериялық, зеңдік инфекциялар;
жиі механикалық жарақат алу және тітіркену.
Девушка в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Денсаулық
Күзгі аллергия: қалай күресу керек
Псориаз өздігінен пайда болуы мүмкін және ол өздігінен жоқ болады. Псориаз созылмалы болғандықтан, оның асқыну және ремиссия кезеңдері де болады.
Адам терісі оның физиологиялық және эмоционалдық жағдайын көрсететін айна десекте болады. Сондықтан тері ағзадағы өзгерістерге сезімтал. Бұл псориаздың психосоматикалық себептері деп аталады. Сол себепті ауруды емдеу кезінде науқастың психологиялық жағдайына назар аударған жөн.

Псориаздың алдын алу шаралары

Аурудың алдын алу қарапайым ережелерді сақтауды талап етеді. Біріншіден, адам өз жүйке жүйесін қорғауы керек. Өйткені күйзеліс факторлары псориазды тудыруы мүмкін. Екіншіден, иммундық жүйені нығайтуды ұмытпай, салауатты өмір салтын ұстануы қажет.
Сердце - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Денсаулық
Миокард инфаркті: белгілері мен алдын алу шаралары
Негізгі шаралар ретінде мыналарды атауға болады:
қуырылған, тұзды, майлы тағамдардан бас тарту және дұрыс тамақтану;
темекі шегуге және алкогольді ішуге болмайды, өйткені бұл симптомдарды асқындыруы мүмкін;
теріге күтім жасау – үсік шалудан қорғану, ашық күн астында ұзақ тұрмау, механикалық зақымданудан аулақ болу;
киетін киім матасы денеге жағымды болу.

Псориазды емдеу

Псориазды емдеумен дерматовенеролог дәрігер айналысады. Қабылдау кезінде ол анамнез жинайды және терапия тағайындайды. Әдетте бұл – айқын көрінетін ауру белгілерінен арылуға және науқастың өмірін айтарлықтай жақсартуға көмектесетін процедуралар жиынтығы.
қайызғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Денсаулық
Бастағы қайызғақ: қалай күресу керек
Зақымдалған теріні емдеу. Қабыршықтануға қарсы гормоналды жақпамай, өлі эпителий жасушаларынан құтылуға көмектесетін ретиноидтер, салицил қышқылы және ылғалдандыратын жақпамайлар тағайындалады. Бұл әсіресе псориаз бет пен қолда пайда болған кезде тиімді.
Арнайы сусабындар. Құрамында кортикостероидтар бар, зеңге қарсы және шайыр компоненттері бар сусабындар бас пен мойындағы псориазбен күресуге көмектеседі. Олар қабынуды, қышуды жеңілдетуге, қабыршақтарды кетіруге көмектеседі.
Радикулит - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Денсаулық
Радикулит: туындау себептері және емдеу әдістері
Дәрі-дәрмектер. Емдеуді толықтыру немесе жақсарту үшін энтеральды препараттар тағайындалуы мүмкін. Олар қабынуды тоқтатады, ісінуді, қышуды және эпидермис жасушаларының белсенділігін азайтады. Дәрі-дәрмекпен емделу жанама әсерлер туындатуы ықтимал. Сондықтан дәрігердің ұсыныстарын мұқият орындау керек.
Дәрігерлер қышуды жеңілдету және иммунитетті жақсарту үшін антигистаминді препараттар тағайындайды.
Жалпы, мамандардың пікірінше, псориазды емдеудің жалғыз және тиімді әдісі жоқ. Мұның бәрі тәндегі зақымдалудың күйі мен ерекшеліктеріне байланысты болады. Ең бастысы, псориаздың асқынуына жол бермей, тиісті емдеуді таңдайтын маманға уақытында жүгіну қажет.
Вздутие живота, болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Денсаулық
Ұйқы безі ауруының белгілері және емдеу жолдары
Жаңалықтар
0