https://sputnik.kz/20230809/miokard-infarkti-belgileri-men-aldyn-alu-sharalary-37767880.html
Миокард инфаркті: белгілері мен алдын алу шаралары
Миокард инфаркті: белгілері мен алдын алу шаралары
Sputnik Қазақстан
Жүрек және қан тамырлары аурулары дүние жүзінде өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша... 09.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-09T12:20+0500
2023-08-09T12:20+0500
2023-08-18T12:20+0500
инфаркт
денсаулық
дерт
https://sputnik.kz/img/old/999/42/9994243_0:58:1000:621_1920x0_80_0_0_1864290fa505a4cad206db9d4bf4ec43.jpg
Жүрек және қан тамырлары аурулары дүние жүзінде өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жүрек-қантамыр аурулары жылына 17 миллионға жуық өлімге әкеледі. Sputnik Қазақстан жүрек-қантамыр ауруларының ішінде кең таралған түрі – миокард инфаркті туралы толығырақ баяндайды.Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда миокард инфаркті мен инсульт сияқты ауыр асқынуларға әкелетін артериялық гипертензиямен ауыратын 1,5 миллионға жуық науқас диспансерлік бақылауда тұр. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ауруға шалдыққандар арасында жас адамдардың көбеюі алаңдатады.Миокард инфаркті деген неМиокард инфаркті (МИ) – жүрек артерияларының бірінің атеросклеротикалық түйіншекпен бітелуі (тромбоз) салдарынан жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз етудің жедел бұзылуынан туындаған жүрек бұлшықетінің зақымдалуы. Бұл жағдайда бұлшықеттің зақымдалған бөлігі өледі, яғни онда некроз пайда болады. Жасушаның өлімі тамырдағы қан ағымы тоқтаған сәттен бастап 20-40 минут ішінде басталады.Миокард инфаркті қалай және қашан басталадыЖүрек – бұлшықет органы және оның негізгі қызметі бүкіл денеге қанды "айдау". Жүрек бұлшықеті (миокард) үнемі өте ауыр жүктемеге ұшырайды. Себебі орта есеппен, адам демалып жатқан сәттің өзінде жүрек минутына бес литр қан "айдайды", ал қарқынды жүктеме кезінде бұл 15 литр немесе одан да көп мөлшерге жетеді. Бұл жұмысты тиімді орындау үшін миокард қоректік заттармен және оттегімен өте жақсы қамтамасыз етілуі керек.Жүректі қанмен қамтамасыз ететін (коронарлық артериялар) тамырлардың қабырғасында ішінен уақыт өте келе холестерині бар қалың түзілістер пайда болады, олар атеросклеротикалық түйіншектер деп аталады. Түйіншектер бірте-бірте өсіп, артерия саңылауының тарылуын (стеноз) тудырады. Соның салдарынан жүрекке қан ағымы заңды түрде төмендейді. Бұл процесс атеросклероз деп аталады.Қазіргі уақытта атеросклероздың екі негізгі себебі бар: холестерин алмасуының бұзылуы және осы холестерин сақталатын тамырдың ішкі қабатының зақымдалуы.Көбінесе бұл бірте-бірте қалыптасатын процесс: жүрек бұлшықеті бұл күйге ұзақ уақыт бойы бейімделеді де, адам өз тамырларында не болып жатқанын білмей, көпке дейін өзін қалыпты сезінеді. Бірақ ауру асқынып келе жатқанда, адам дерттің алғашқы белгілерін сезінеді. Бұл кеудеде жиі шоғырланатын түю түріндегі ауырсынулар, жаншып-қысып ауыруы ауа жетіспеушілігі сезімімен бірге жүруі мүмкін және әдетте физикалық және эмоционалды жүктемелер кезінде пайда болады.Бұл тамырлардың тарылуы аймағындағы жүрек бұлшықетінің (миокард) қанмен қамтамасыз етілмеуі (ишемиясы) туралы сигнал болады. Бұл жүректің ишемиялық ауруы болып саналады.Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен жүрек ұстамасы ретінде сезілуі мүмкін. Ол ұйысқан қан – тромб түзілуіне негізделеді. Тромб атеросклеротикалық түйіншектің зақымдану орнында пайда болады және оған тамыр арқылы жүріп жатқан қанның тромбоциттері "жабыса" бастайды. Тромба тамырды бітейді. Бұл жағдайда жүректің тиісті бөлігіне қан ағымы кенеттен тоқтайды. Жүрек бұлшықетінің бір бөлігін қанмен қамтамасыз ету жеткілікті ұзақ уақыт тоқтатылған жағдайда, ол бұлшықет өледі. Бұл процесс инфаркт деп аталады.Қай кезде дәрігерге қаралу керекМиокард инфарктісінің негізгі белгілерінің бірі – кеудедегі ауырсыну. Кейде кеуде артында қатты және адам төзгісіз шаншу, қысу немесе түйіп ауыру. Ауырсыну кеуденің сол жағында, сирек жағдайда оң жақта да сезіледі. Сонымен қатар ауырсыну жақ, тамақ, сол жақ жауырынның астындағы арқада немесе жауырын арасында, іштің жоғарғы бөлігінде сезілуі мүмкін.Ауырсыну әдетте бір нүкте емес, кең аумаққа таралады. Ауырсыну толқын түрінде, яғни, біресе ұлғайып, біресе бәсеңдеп, тоқтап, қайтадан басталуы мүмкін. Ауырсыну 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін.Қатты әлсіздік, салқын тер, діріл, ауа жетіспеушілігі, ентігу, жөтел, бас айналу, естен тану сияқты қатар жүретін белгілер болуы мүмкін. Адамда эмоциялық қозу пайда болып, психоздың асқынуына дейін мінез-құлқында бұзылыстар байқалуы мүмкін. Сондай-ақ, инфаркт немесе инфаркт алдындағы жағдай кезінде жүрек айнуы, құсу және іш кебу де бірге жүруі мүмкін.Бұл белгілердің барлығы түгел пайда болуы міндетті емес. Сондай-ақ кеудедегі ауырсыну да болмауы мүмкін. Өйткені ауырсыну синдромының болмауы миокард инфарктісінің 20-30 пайызында кездеседі. Симптомдар тіпті аз болуы және тым айқын болмауы мүмкін. Көбінесе миокард инфарктісі қант диабетімен ауыратын адамдарда және егде жастағы науқастарда симптомсыз өтеді.Миокард инфарктінің жіктелуіЖүрек қабырғасының қай бөлігі зақымданғанына байланысты инфарктты мына түрлерге бөледі:Аурудың жүру сипаты бойынша мынадайға жіктеледі:Симптомдардың сипаты бойынша жіктелетін түрлері:Миокрад инфарктін алдын алу шараларыМиокард инфарктінен болатын өлім бірінші күні тіркеледі. Сондықтан медициналық көмек уақтылы көрсетілсе, сауығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Жалпы болжам жүрек бұлшықетінің зақымдану аймағына байланысты.Бұл дерттің алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек:
https://sputnik.kz/20210522/Bauyr-obyry-turaly-17117933.html
https://sputnik.kz/20210527/gastrit-emdeu-belgiler-17217143.html
https://sputnik.kz/20210522/kant-diabet-17231315.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/999/42/9994243_48:0:953:679_1920x0_80_0_0_6eda8fb42841c134d3199a703aa679b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
миокард инфаркті белгілері алғашқы көмек емдеу және алдын алу шаралары миокард инфаркт диагностика
миокард инфаркті белгілері алғашқы көмек емдеу және алдын алу шаралары миокард инфаркт диагностика
Жүрек және қан тамырлары аурулары дүние жүзінде өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жүрек-қантамыр аурулары жылына 17 миллионға жуық өлімге әкеледі.
Sputnik Қазақстан жүрек-қантамыр ауруларының ішінде кең таралған түрі – миокард инфаркті туралы толығырақ баяндайды.
Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда миокард инфаркті мен инсульт сияқты ауыр асқынуларға әкелетін артериялық гипертензиямен ауыратын 1,5 миллионға жуық науқас диспансерлік бақылауда тұр. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ауруға шалдыққандар арасында жас адамдардың көбеюі алаңдатады.
Миокард инфаркті деген не
Миокард инфаркті (МИ) – жүрек артерияларының бірінің атеросклеротикалық түйіншекпен бітелуі (тромбоз) салдарынан жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз етудің жедел бұзылуынан туындаған жүрек бұлшықетінің зақымдалуы. Бұл жағдайда бұлшықеттің зақымдалған бөлігі өледі, яғни онда некроз пайда болады. Жасушаның өлімі тамырдағы қан ағымы тоқтаған сәттен бастап 20-40 минут ішінде басталады.
Миокард инфаркті қалай және қашан басталады
Жүрек – бұлшықет органы және оның негізгі қызметі бүкіл денеге қанды "айдау". Жүрек бұлшықеті (миокард) үнемі өте ауыр жүктемеге ұшырайды. Себебі орта есеппен, адам демалып жатқан сәттің өзінде жүрек минутына бес литр қан "айдайды", ал қарқынды жүктеме кезінде бұл 15 литр немесе одан да көп мөлшерге жетеді. Бұл жұмысты тиімді орындау үшін миокард қоректік заттармен және оттегімен өте жақсы қамтамасыз етілуі керек.
Жүректі қанмен қамтамасыз ететін (коронарлық артериялар) тамырлардың қабырғасында ішінен уақыт өте келе холестерині бар қалың түзілістер пайда болады, олар атеросклеротикалық түйіншектер деп аталады. Түйіншектер бірте-бірте өсіп, артерия саңылауының тарылуын (стеноз) тудырады. Соның салдарынан жүрекке қан ағымы заңды түрде төмендейді. Бұл процесс атеросклероз деп аталады.
Қазіргі уақытта атеросклероздың екі негізгі себебі бар: холестерин алмасуының бұзылуы және осы холестерин сақталатын тамырдың ішкі қабатының зақымдалуы.
Көбінесе бұл бірте-бірте қалыптасатын процесс: жүрек бұлшықеті бұл күйге ұзақ уақыт бойы бейімделеді де, адам өз тамырларында не болып жатқанын білмей, көпке дейін өзін қалыпты сезінеді. Бірақ ауру асқынып келе жатқанда, адам дерттің алғашқы белгілерін сезінеді. Бұл кеудеде жиі шоғырланатын түю түріндегі ауырсынулар, жаншып-қысып ауыруы ауа жетіспеушілігі сезімімен бірге жүруі мүмкін және әдетте физикалық және эмоционалды жүктемелер кезінде пайда болады.
Бұл тамырлардың тарылуы аймағындағы жүрек бұлшықетінің (миокард) қанмен қамтамасыз етілмеуі (ишемиясы) туралы сигнал болады. Бұл жүректің ишемиялық ауруы болып саналады.
Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен жүрек ұстамасы ретінде сезілуі мүмкін. Ол ұйысқан қан – тромб түзілуіне негізделеді. Тромб атеросклеротикалық түйіншектің зақымдану орнында пайда болады және оған тамыр арқылы жүріп жатқан қанның тромбоциттері "жабыса" бастайды. Тромба тамырды бітейді. Бұл жағдайда жүректің тиісті бөлігіне қан ағымы кенеттен тоқтайды. Жүрек бұлшықетінің бір бөлігін қанмен қамтамасыз ету жеткілікті ұзақ уақыт тоқтатылған жағдайда, ол бұлшықет өледі. Бұл процесс инфаркт деп аталады.
Қай кезде дәрігерге қаралу керек
Миокард инфарктісінің негізгі белгілерінің бірі – кеудедегі ауырсыну. Кейде кеуде артында қатты және адам төзгісіз шаншу, қысу немесе түйіп ауыру. Ауырсыну кеуденің сол жағында, сирек жағдайда оң жақта да сезіледі. Сонымен қатар ауырсыну жақ, тамақ, сол жақ жауырынның астындағы арқада немесе жауырын арасында, іштің жоғарғы бөлігінде сезілуі мүмкін.
Ауырсыну әдетте бір нүкте емес, кең аумаққа таралады. Ауырсыну толқын түрінде, яғни, біресе ұлғайып, біресе бәсеңдеп, тоқтап, қайтадан басталуы мүмкін. Ауырсыну 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Қатты әлсіздік, салқын тер, діріл, ауа жетіспеушілігі, ентігу, жөтел, бас айналу, естен тану сияқты қатар жүретін белгілер болуы мүмкін. Адамда эмоциялық қозу пайда болып, психоздың асқынуына дейін мінез-құлқында бұзылыстар байқалуы мүмкін. Сондай-ақ, инфаркт немесе инфаркт алдындағы жағдай кезінде жүрек айнуы, құсу және іш кебу де бірге жүруі мүмкін.
Бұл белгілердің барлығы түгел пайда болуы міндетті емес. Сондай-ақ кеудедегі ауырсыну да болмауы мүмкін. Өйткені ауырсыну синдромының болмауы миокард инфарктісінің 20-30 пайызында кездеседі. Симптомдар тіпті аз болуы және тым айқын болмауы мүмкін. Көбінесе миокард инфарктісі қант диабетімен ауыратын адамдарда және егде жастағы науқастарда симптомсыз өтеді.
Миокард инфарктінің жіктелуі
Жүрек қабырғасының қай бөлігі зақымданғанына байланысты инфарктты мына түрлерге бөледі:
интрамуральды – өлу аймағы миокардтың тереңінде орналасқан;
трансмуральды – қабырғаның бүкіл қалыңдығына әсер етеді;
субэндокардиалды – зақымдану жүректің ішкі қабығына жақын орналасқан;
субэпикардиалды – жүректің сыртқы қапшығының жанында.
Аурудың жүру сипаты бойынша мынадайға жіктеледі:
жедел инфаркт (бастапқы);
рецидивті, өткір инфакттен кейін 2 ай ішінде дамиды;
қайталанған, бірінші инфаркттан кейін 2 айдан кейін дамиды.
Симптомдардың сипаты бойынша жіктелетін түрлері:
сол қолға және дененің сол жақ жартысына таралатын кеудедегі ауырсынумен сипатталатын қалыпты түрі;
атипті түрлері (абдоминальді – іштің ауыруы, астматикалық – қатты ентігумен жүреді, церебральді – бас айналумен, сананың шатасуымен, ісінумен жүреді, перифериялық – қолдағы, беттегі, мойындағы ауырсынумен, ауырсынусыз, аралас).
Миокрад инфарктін алдын алу шаралары
Миокард инфарктінен болатын өлім бірінші күні тіркеледі. Сондықтан медициналық көмек уақтылы көрсетілсе, сауығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Жалпы болжам жүрек бұлшықетінің зақымдану аймағына байланысты.
Бұл дерттің алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек:
темекі мен алкогольден бас тарту;
тұрақты дене белсенділігі;
жүрек-тамыр жүйесі аурулары болған кезде кардиологқа жүйелі түрде қаралу.