Денсаулық

Гастрит ауруы туралы не білу керек: белгілері және емі

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЛапша
Лапша - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Гастриттің туындауына ықпал ететін негізгі себептер, оның белгілері мен тиімді емдеу жолдары туралы оқи отырыңыздар

Асқазан-ішек жолы аурулары қазіргі заманда адамның бойында ең жиі кездесетін бес аурудың бірі болып саналады. Асқазанның шырышты қабығының қабынуы – гастрит асқазан-ішек жолындағы ең көп таралған сырқат. Өкінішке қарай, көп адам гастриттің пайда болуына жете мән бермей, бей-берекет дәрі ішіп немесе халық емі арқылы оны жасыруға тырысады. Сонымен қатар асқазан гастритін толық емдеу мүмкін емес, ол адам күйзеліске ұшырағанда қайта пайда болады деген де жалған ақпарат кең тараған.

Асқазан гастритінің ең жиі себептері, аурудың алғашқы белгілері мен оны емдеудің ең тиімді әдістері туралы сарапшылардың пікірін ұсынамыз.

Адам ағзасындағы ас қорыту процесі

Асқазан – ас қорыту жүйесіндегі ең әлсіз орган. Мұнда маңызды әрі күрделі ас қорыту процестері жүреді:

  • Асқазанда астың жылжуы жүреді – бұл механикалық процесс.
  • Одан соң астың ажырауы жүреді – бұл химиялық процесс.
  • Одан соң құнарлы заттарды сіңіру жүреді. Егер осы процестердің бірі дұрыс жүрмесе, онда ас қорыту жүйесі зиян шегіп, оның жұмысының одан кейінгі барлық кезеңі бұзылады.

Көбінесе асқазанның ішкі қабырғасы мен ас қорытудың маңызды компоненттері - асқазан сөлі мен қорғаныш шырышы түзілетін асқазанның шырышты қабығы зақымдалады.

Гастрит белгілері

Дұрыс тамақтанбау майлы, ащы, тұзды асты көп жеу, күйзеліс (жағымсыз эмоция кезінде асқазан сөлінің шығарылуы күшейетіні дәлелденген), кейбір дәрілерді қабылдау, қатты шаршау, саяхат кезінде сағат белбеулері ауысқанда гастрит симптомдары күшейе түседі. Алайда бұл белгілердің өзі асқазан жұмысында кінәрат бар екенін және шұғыл түрде емдеу қажет екенін білдіреді.

Жиі кездесетін симптомдар:

  • Асқазандағы ауырсыну мен ауырлық.
  • Іштің кебуі.
  • Тез тою, кейбір ас түрлерін көтере алмау.
  • Егер ұзақ уақыт бойы тамақтанбаса, асқазанда пайда болатын "аштық ауру".
  • Сонымен қатар гастрит кезінде тамақтанғаннан кейін, әсіресе көп мөлшерде тамақ ішкеннен кейін түйілулер пайда болады.
  • Күні бойы іштегі жайсыздық.

Ақиқатында, асқазан гастритінің пада болуына көп жағдайда хеликобактер пилори (Helicobacter pylori) микробы себепші болады. Осы микробтың ашылуы мен оның адам асқазанына кері әсерінің дәлел табуы ХХ ғасырдың соңында медицинадағы ең маңызды жаңалық болып саналады.

Асқазан гастритінің туындау себебі

2005 жылы Барри Маршалл мен Робин Уоррен асқазан гастритін тудыратын микробты анықтағаны және осы ауруды анықтау мен емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқаны үшін Нобель сыйлығын алды.

Гастриттің микроб салдарынан пайда болу теориясы туралы өткен ғасырдың 80-жылдарында айтыла бастады. Маршалл мен Уоррен гастритке шалдыққандардың асқазанындағы шырышты қабықтың талдауларында микроағзаны анықтап, оны "хеликобактер пилори" деп атаған. Алайда ол кезде ғалымдардың бұл жаңалығына ешкім сенбеді. Себебі асқазанда бөлінетін тұз қышқылы барлық тірі ағзаны, тіпті микробтарды да өлтіреді деп сенді.

Маршалл кәсіби ерлік жасап, түтікшеде хеликобактерді өсіріп, оны ішіп, екі аптадан кейін гастритке шалдыққанда да әріптестері оны күлкіге айналдырды.

Helicobacter pylori – бұл асқазанның түрлі аумағы мен аш ішекті зақымдайтын бактерия. Гастрит анықталған көп жағдай шырышты қабықта хеликобактердің ұрықтануымен байланысты.

Теорияның ақиқатын растайтын дәлелге жақында ғана қол жетті. Бұл бактериялар тұз қышқылына төзімді ерекше фермент – уреаза түзетіндіктен асқазанда өлмейтіні анықталды.

2015 жылы "Емдеуші дәрігер" медицина журналы Германияда Берлин мен Ганновердің бірнеше медицина орталығы мен зертханалары жүргізген ауқымды зерттеудің нәтижесін жариялады. Зерттеу авторлары мынандай тұжырым жасады: хеликобактер қол алысу, сілекей, ыдыс-аяқ, сүйісу және т.б. кезінде жұғады. Микроб адам ағзасына инфекция жұққан тағам және су арқылы түседі. Одан соң асқазанның шырышты қабығына тұрақтап, микробты орта түзіп көбейеді. Одан кейін шырышты қабықты кеміріп, қабыну ортасы туындауынан гастрит пайда болады. Неміс зерттеуінің авторлары былай деп жазды: "Helicobacter pylori инфекциясын жұқтыру қабыну реакциясын, асқазан сөлінің көлемі ұлғаюына және гастритке алып келуі мүмкін".

Гастритті емдеу

2015 жылдың қыркүйегінде асқазан гастритін емдеу гастроэнтерологияның алтын стандартын анықтайтын Киот консенсусы жарияланды. Онда гастритті емдеу кезінде эрадикация, яғни Helicobacter pylori баактериясының көзін жою қажет деп жазылған. Бұл шара қолданылмаса, басқа емдеу тиімсіз болып, гастрит симптомдары қайта оралуы мүмкін екені де көрсетілген.

Хеликобактер бактерия болғандықтан, гастритті емдеу жоспары антибиотикті терапияны қамтиды. Алайда мұнда да жанама әсер бар. Ресейлік сарапшылар былай деп жазды: " Helicobacter-ді жою үшін антибиотиктерді кеңінен қолдану бірқатар проблемаларға алып келеді. Олардың ішінде антибиотиктерге төзімділік салдарынан емдеу тиімділігінің төмендеуін атауға болады".

Гастрит симптомдары көп адамда байқалуы мүмкін. Біреулерде аздаған ауырсыну туындап, оны дәрі-дәрмекпен басу әдетке айналса, біреулерде гастрит созылмалы типке ауысып, дұыс тамақтанбаған немес күйзеліске ұшыраған кез келген жағдайда сыр береді. Көп жағдайда гастритке Helicobacter pylori бактериясының асқазанның шырышты қабығында көбеюі себеп.

Инновациялар

Ғалымдар Helicobacter-мен күресуге қатысты ағзаға мейлінше аз зақым келтіретін және әсері бар затты іздеуге кірісті. Көптеген зерттеу барысында кейбір пайдалы бактерияларды қабылдау айқын оң әсер беретіні анықталды.

Асқазан микрофлорасы мен ішекке оң әсер ететін бірқатар пайдалы бактериялар ішінде Helicobacter секілді "нашар" бактериялармен күресетін бактериялар анықталды. Сонымен қатар олар гастритті емдеу кезінде дәрі-дәрмек терапиясының тиімділігін арттыратыны және антибиотик қабылдаудың кері әсерін төмендететіні анықталды.

Helicobacter-ге қарсы тиімді әрі қауіпсіз құралдарды іздеуге ғалымдар аз уақыт жұмсаған жоқ.

Асқазан гастриті кезіндегі диета

Гастритті емдеу кезінде мейлінше жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тамақтануды реттеген дұрыс. Бұл сіз өмір бойы езілген сорпа, быламық ботқа жеп, күріш қайнатпасын ішесіз дегенді білдірмейді. Бірақ белгілі бір шектеулерді ұстануға тура келеді: асқазанның шырышты қабығы қабынған жағдайда ащы, майға қуырылған, тұзды тағамдардан, ашытылу әдісімен дайындалатын астан (квас, сыра, қара нан), сірке суы қосылған азық-түліктен, дәмі тым қанық сорпадан, саңырауқұлақтан, газдалған сусындардан бас тарту керек. Гастрит асқынған болса, көкөніс пен жемісті де көп жемген абзал. Себебі олар ашу процесін күшейтеді. Көкөністі бұқтырылған немес қайнатылған күйде жеген дұрыс. Ақ және кептірілген нан жеу керек. Емдеу кезінде кез келген алкоголді сусыннан бас тарту крек.

Тамақты шамадан тыс көп жемеңіз. Азық-түлік мейлінше аз өңделген және қарапайым жолмен дайындалған болса, оның асқазанға пайдасы да соғұрлым жоғары. Шұжыққа қарағанда қайнатылған немесе бұқтырылған еттің пайдасы көбірек.

Тамақтанудан 30-40 минут бұрын су ішіңіз (тамақтанар алдында ішкен бір стақан жылы су асқазанның қышқылдығын қалыпқа келтіреді). Сонымен қатар тамақтану кезінде және одан кейін бірден су ішуге болмайды. Кем дегенде жарты немесе бір сағаттан кейін су ішуге тырысыңыз.

Тамақты жақсылап шайнаңыз. Егер ас асқазанға үлкен бөлік түрінде түссе, бұл да қосымша жүктеме, жайсыздық пен іш кебу тудырады.

Кешкі уақытта ұйқыға жатардан 3-4 сағат бұрын тамақтаныңыз. Тоя тамақ жегеннен соң ұйықтауға жатпаңыз.

Жағымсыз сезім мен ауырсынуға шыдауды әдеттенбеңіз. Асқазаныңызда ауырсыну пайда болса, гастроэнтеролог дәрігерге қаралыңыз.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, асқазанда гастрит пайда болуы хеликобактер бактериясының шырышты қабықты зақымдауы себеп. Осы бактерияның ұрықтануын тоқтату бүгінгі күні гастроэнтерологияның алтын стандарты болып табылады. Әлемдегі ешбір диета хеликобактерден арылта алмайтыны анық. Бұл күрделі терапияны қажет етеді.

Жаңалықтар
0