Денсаулық

Асқазан-ішек жолдары аурулары: белгілері мен емдеу жолдары

© Photo : Pexels / Sora ShimazakiБолезнь
Болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Асқазан-ішек жолдарының аурулары әдетте адам ағзасының басқа жүйелерінің жұмысындағы проблемалармен байланысты
Іштің ауыруы – әр адамға бала кезінен таныс симптом және сонымен бірге асқазан-ішек жолдары бұзылған адамдарда жиі кездесетін шағымдардың бірі. Адамдар әртүрлі диспепсиялық құбылыстарға емес, дәл осы іш ауруына назар аудару арқылы терапевтке ас қорыту органдарының жұмысына шағымданып келеді. Sputnik Қазақстан асқазан-ішек жолдары ауруларының түрлері, олардың ерекшеліктері мен белгілері туралы толығырақ баяндайды.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары

Асқазан-ішек жолдарының аурулары әдетте адам ағзасының басқа жүйелерінің жұмысындағы проблемалармен байланысты. Олар жағымсыз ауырсыну белгілерімен бірге жүреді және шұғыл емдеуді қажет етеді.
Әр адам әрқашан дені сау және күш-қуатқа толы күйде өмір сүргісі келеді. Алайда, өкінішке қарай, соңғы жылдары бүкіл әлемде асқазан-ішек жолдарының ауруларының асқыну үрдісі байқалады.
Головные боли, мигрень - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Денсаулық
Инсульт: белгілері, емі және профилактикасы
Ас қорыту жолы – тағамнан қоректік заттарды өңдеуге және алуға, оларды сіңіруге және қорытылмаған қалдықтарды организмнен шығаруға арналған адам ағзаларының жүйесі. Ас қорыту процесі өте күрделі. Сондықтан мұндай қарқынды жұмыс кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Бұл әсіресе адам ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктегенде (тым көп тамақ жесе), тұрақсыз тамақтанса немесе қимыл-қозғалысы аз өмір салтын ұстанса, созылмалы күйзеліске ұшыраса, асқына түседі.
Ас қорыту жолы ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, өңештен, асқазаннан, аш ішектен, тоқ ішектен және тік ішектен тұрады. Сонымен қатар ас қорыту процесіне гепатобилиарлы жүйе мүшелері, яғни бауыр, өт қабы, ұйқы безі де қатысады.
Ғалымдардың пікірінше, асқазан-ішек жолдарының аурулары көптеп қалыптасуына дұрыс тамақтанбау, тұрақты күйзеліс, экологиялық проблемалар және айналадағы көптеген зиянды заттар себеп болып отыр.

Асқазан-ішек жолдары ауруларының себептері

Асқазан-ішек жолдарының патологиясының дамуына әкелетін бірқатар жалпы себеп бар. Оларды атап көрсетсек, негізінен мыналар жатады:
қабынуды тудыратын инфекциялар;
дұрыс тамақтанбау: майлы және қуырылған тағамдарды, фаст-фудты, құрғақ тағамды тым көп тұтыну;
темекі шегу және алкогольді асыра пайдалану;
қимыл-қозғалысы аз өмір салты, физикалық белсенділіктің болмауы;
дәрігердің бақылауынсыз өз бетінше мөлшерден тыс дәрі қабылдау;
тұрақты күйзеліс;
ішкі органдардың паразиттермен зақымдалуы;
тамақ дайындау және тұтыну кезінде санитарлық нормаларды сақтамау;
эндокриндік аурулар;
зиянды, ауыр еңбек жағдайлары;
тұқым қуалайтын бейімділік;
аутоиммунды аурулар;
ішкі органдар құрылымының туа біткен патологиялары.
Бұл факторлар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларына әкелуі мүмкін. Олардың кейбіреуін өмір салтын өзгерту және дұрыс тамақтануды ұстану арқылы жоюға болады.

Асқазан-ішек жолдары ауруларының белгілері

Көбінесе симптомдар аурудың сипатына байланысты болады. Дегенмен бірқатар ауруға тән жалпы белгілер де бар:
іштің әртүрлі жерлерде ауыруы;
кекіру, жүрек айну және құсу;
диареямен бірге жүретін ас қорытудың бұзылуы;
іш кебу және метеоризм.
Ауруды және оның қай жерде орналасқанын дәл анықтау үшін терапевт дәрігерге жүгіну керек. Нақтыланбаған белгілердің салдарынан ауруды өз бетінше анықтау мүмкін емес. Ал өзін-өзі емдеу жағдайды айтарлықтай ушықтыруы мүмкін.
Девушка в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Денсаулық
Күзгі аллергия: қалай күресу керек
Жалпы белгілерден басқа, асқазан-ішек жолдарының әрбір ауруының өзіндік белгілері бар.

Гастрит

Ол асқазанның шырышты қабығының қабынуымен сипатталады. Гастрит кезінде мына белгілер байқалады:
эпигастриалды аймақтағы (іштің жоғарғы бөлігі) ауырсыну;
жүрек айну және құсу;
қыжыл, кекіру;
ас қорыту және нәжістің бұзылуы;
жалпы әлсіздік, шаршау.
Гастрит асқынған кезде бұл симптомдар күшейеді.
Сердце - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Денсаулық
Миокард инфаркті: белгілері мен алдын алу шаралары

Колит

Тоқ ішектің шырышты қабығының қабыну процесі. Ол мына белгілермен сипатталады:
ұзаққа созылған диарея;
іштің қатты сыздап ауыруы;
тамақ ішпесе де жүрек айнуы;
метеоризм;
ауыздағы жағымсыз дәм.
Бұл ауру кезінде адам ашуланшақ, әлсіз, шаршаңқы болуы мүмкін.

Холецистит

Өт қабының қабынуы. Көбінесе бауырдың зақымдануы немесе дұрыс тамақтанбау салдарынан пайда болады. Оған көбіне мына белгілер тән:
оң жақ қабырға астындағы ауырсыну;
жүрек айну және құсу;
ауыздағы ащы дәм;
метеоризм, ауа кекіру.
Холецистит кезінде науқастар көбінесе әлсіздікті сезінеді.
қайызғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Денсаулық
Бастағы қайызғақ: қалай күресу керек

Панкреатит

Ұйқы безінің қабынуы. Бұл ауру келесі белгілермен сипатталады:
іштің сол жағындағы ауырсыну;
жүрек айну, құсу, оның ішінде қан қоспасымен құсу;
кекіру және метеоризм.
Аурудың асқынған кезеңдерінде ұйқы безінің дисспепсиясы – ұйқы безі функциясының бұзылуы байқалуы мүмкін. Бұл ферменттердің жетіспеушілігі салдарынан ас қорытудың бұзылуына әкеледі.

Асқазанның және аш ішектің ойық жарасы

Асқазанның және/немесе аш ішектің шырышты қабығының ойық жаралы зақымдалуы. Ол көп жағдайда мына белгілермен сипатталады:
іштің жоғарғы бөлігіндегі (төстің төменгі жағында) ауырсыну;
тұрақты қыжыл;
жүрек айну және құсу;
ішек жұмысының бұзылуы: диарея немесе іш қату.
Аурудың әртүрлі кезеңдерінде науқастарда қатты әлсіздік, шаршау күшейеді.
Радикулит - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Денсаулық
Радикулит: туындау себептері және емдеу әдістері

Гепатит

Бауырдың вирустармен зақымдалуы салдарынан туындайтын ауру. Ол былай сипатталады:
сарғаю: шырышты қабықтардың және терінің, көз ақтарының сарғаюы;
жалпы әлсіздік, шаршау;
жағдайдың күрт нашарлауы.
Көп жағдайда бауыр жұмысының бұзылуы болғандықтан, ас қорыту және тәбет жоғалту белгілері пайда болуы мүмкін.

Дисбактериоз

Ішек микрофлорасының бұзылуы. Бұл ауруға мына белгілер тән:
нәжістің бұзылуы (диарея, жиі іш қату);
іш кебу және метеоризм;
ішек аймағындағы ауырсыну және жайсыздық;
жүрек айнуы, қыжыл, кекіру;
ауыздағы жағымсыз иіс;
тәбеттің төмендеуі.
Жиі жағдайда бұл ауру кезінде теріде қышитын бөртпе түрінде аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Вздутие живота, болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Денсаулық
Ұйқы безі ауруының белгілері және емдеу жолдары

Асқазан-ішек жолдары ауруларының диагностикасы

Бүгінгі таңда заманауи гастроэнтерология саласындағы технологиялық жетістіктің арқасында асқазан-ішек жолдарының барлық мүшелерін мұқият тексеруге болады. Мұндай тексерулердің қатарында мыналар бар:
Ультрадыбыстық зерттеу;
ФГДС және ирригоскопия – асқазан-ішек жолдарының эндоскопиясы;
асқазан ішілік рН-метрия;
барлық ас қорыту органдарының манометриясы;
электрогастроэнтерография;
сәулелік диагностика;
биопсия.
Асқазан-ішек жолдарының кез келген ауруын емдеу және диагностикалау тек білікті гастроэнтерологпен жүргізілуі керек. Адамдар өздеріне зиян келтірмес үшін өз бетінше ем қабылдаумен айналыспауы керек.

Асқазан-ішек жолдарының ауруларының алдын алу

Асқазан-ішек жолдарының патологиясын емдеу ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан денсаулығын ойлайтын кез келген адамның міндеті – осы дерттердің алдын алу. Ол үшін күнделікті мына қағидаларды ұстанған жөн:
бөліп тамақтану – кішкене бөлікпен, күніне 4 ретке дейін;
темекі, алкоголь секілді зиянды әдеттерден бас тарту;
қолды, түрлі көкөністерді, жемістерді және басқа да өнімдерді мұқият жуу;
ауырлықты сезінбейтіндей деңгейде қалыпты мөлшерде тамақтану және ұзақ уақыт аш күйде жүрмеу;
салмақты бақылау, артық салмақтан біртіндеп және қатаң диеталарсыз арылу;
таза ауада серуендеу, демалу және толық 8 сағаттық ұйқы;
қимыл-қозғалысы көп өмір салтын ұстану: жаяу серуендеу, велосипед тебу, дене салмағын көтеру арқылы жаттығулар орындау;
стресстік жағдайларды азайту, эмоцияларыңызбен жұмыс істеу;
профилактикалық тексерулер үшін дәрігерге мерзімінде бару.
тізе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Денсаулық
Буын аурулары және оны емдеу жолдары
Бұл шаралар асқазан-ішек жолдарының және ағзаның басқа жүйелерінің күйіне жақсы әсер етеді. Осы өмір салтын ұстану арқылы сіз жағымсыз белгілердің пайда болуына, көптеген аурулардың дамуына жол бермейсіз және жалықтыратын ұзақ емдеу процесінен өзіңізді аулақ жүре аласыз.
Приступ, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Денсаулық
Бауыр неге ауырады: белгілері мен емдеу жолдары
Жаңалықтар
0