Денсаулық

Күзгі аллергия: қалай күресу керек

© Engin Akyurt /РixabayДевушка в маске
Девушка в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
Күзде адам ағзасындағы физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді
Аллергия – ағза көп адам үшін қауіпсіз заттарды қауіпті деп қабылдайтын иммундық жүйенің патологиялық реакциясы. Кейде ол заттарға тамақ, өсімдік тозаңы, жүн, шаң және тағы басқасы жатуы мүмкін. Аллергенмен байланыс болған кезде теріде, тыныс алу жолдарында реакциялар, басқа да өзгерістер болады және бұл кейбір жағдайда өмірге қауіп төндіруі де мүмкін. Сонымен қатар маусымдық аллергия да жиі кездесетін қолайсыздыққа айналды. Sputnik Қазақстан күзгі аллергия және онымен күресу жолдары туралы толығырақ баяндайды.

Күзгі аллергия неден пайда болады

Күз өтпелі маусым болғандықтан, оның барысында адам ағзасы жылы жаз маусымынан кейін климаттық өзгерістерге бейімделеді де, осының салдарынан айтарлықтай жүктеме мен күйзеліске ұшырайды. Күзгі күйзелістің айқын факторларына ауа температурасының төмендеуі, жиі жауатын жаңбыр, жоғары ылғалдылық, құбылмалы ауа райы, магниттік дауылдар жатады.
Күзде адам ағзасындағы физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Алайда әлеуметтік себептерге байланысты адам кәсіби және тұрмыстық белсенділікті жоғары деңгейде ұстауға мәжбүр. Адамның маусымдық биоырғақтары ауа температурасы, ылғалдылық, Жердің электромагниттік өрісі сияқты табиғи факторлардың өзгеруімен реттеледі. Бірақ жарық уақыттың ұзақтығы негізгі фактор болып саналады. Биоырғақтардың күзгі өзгеруі көбінесе ауа температурасының маусымдық төмендеуімен тығыз байланысты жарық уақыттың қысқаруына тәуелді болады.
Овощи, фрукты. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Денсаулық
Жеміс пен көкөністің пайдасы мен зияны қандай
Қолайсыз экологиялық факторлар маңызды: қоршаған ортаның поллютанттармен ластануы (атмосферадағы мөлшері жоғары кезде адамдар мен жануарларда әртүрлі патологиялық жағдайларды тудыруы мүмкін химиялық заттар), радиацияның жоғарылауы, ауадағы өндірістік қоспалар, түтін, көміртегі тотығы, күкірт қос тотығы, азот қос тотығы, қышқылдар, қатты бөлшектер ингредиенттері болатын химиялық заттар.
Жалпы ластаушы заттар өндірістік және фотохимиялық түтін деп бөлінеді. Өндірістік түтін – сұйық және қатты отынның толық жанбауының нәтижесі. Ол өнеркәсіптік аймақтарда кездеседі. Фотохимиялық түтін күн сәулесінің әсерінен пайдаланылған газдардағы фотохимиялық реакциялардың белсенді болуының салдары және ол көлік қозғалысы көп орындарында пайда болады. Дегенмен күздегі аллергендер көктем мен жаздағыдан ерекшеленбейді. Көп жағдайда бұл – өсімдік тозаңы, зең микросаңырауқұлақтардың споралары.
Мамандардың айтуынша, күздің басында ауа райы ұзақ уақыт бойы жылы және құрғақ болса, кейбір өсімдіктер қайтадан гүлдейді. Бұл шөп безгегімен ауыратын адамдарда симптомдар тудыруы мүмкін. Ал тез салқын түсіп, жоғары ылғалдылық болған кезде, керісінше, көгерген аллергендер ағаштардың түскен жапырақтарында көп мөлшерде болуы мүмкін. Сонда дәл осындай аллергия жетекші орында болуы ықтимал.

Күзгі аллергия белгілері

Күзгі аллергия белгілері көктемдегі аллергия кезіндегімен бірдей: мұрынның бітелуі, ісіну, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, көздің қызаруы, жас ағу, түшкіру, жөтелу, мұрыннан көп мөлшерде сұйықтық ағу. Дегенмен саңырауқұлақ спораларына аллергия күзде ғана емес, сонымен қатар өте ерте көктемде, қар еріген кезде және күзде түскен жапырақтар қардан тазарған кезде де туындауы мүмкін.
Тамақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Денсаулық
Таңғы ас қандай болуы керек - пайдалы кеңес
Маусымдық аллергияны жиі суық тиюмен шатастырады. Әдетте науқастың немесе оны емдейтін терапевтің пікірі бойынша, мұрыннан су ағу, түшкіру, жөтел секілді жағымсыз белгілер ұзақ уақытқа созылған кезде ғана адамдар аллергологқа барады. Бірақ тек аллергиялық реакцияларға ғана тән ерекшеліктер бар - түшкірмес бұрын мұрынның қышуы, мұрыннан мөлдір шырыштың көп бөлінуі. Осы белгілер жіті респираторлы вирусты инфекцияның алғашқы күндерінде де болады. Бірақ респираторлық инфекция кезінде бірнеше күннен кейін мұрыннан аққан шырышты сұйықтық қоюланып, жасыл немесе сары түсті болады. Ал аллергия кезінде мұндай болмайды, сулы, мөлдір күйде қала береді, дейді сарапшылар.

Күзгі аллергияның алдын алу шаралары

Маусымдық күзгі аллергияның алдын алу бірінші кезекте дәрігерге уақытылы барудан басталады. Егер адам өзінде аллергия бар екенін білмесе, терапевтке немесе педиатрға жүгінуі керек. Ал диагноз расталса, аллерголог-иммунологқа хабарласу керек, деп кеңес айтады сала мамандары.
Балмұздақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Денсаулық
Балмұздақтың қай түрі ағзаға аса қауіпті - дәрігер жауабы
Күзгі аллергиясы бар науқастың көгеруі мүмкін тағамдарды жеуден бас тартқаны дұрыс. Бұл үйде дайындалған консервілер, тұздалған өнімдер, кептірілген жемістер (дұрыс сақталмаған жағдайда), тосап, квас, ашыту процесіне негізделген басқа да сусындар, саңырауқұлақтар. Арамшөптердің (жусан, көкпек, ойраншөп және т.б.) тозаңына аллергия расталған жағдайда, күнбағыс тұқымдары, күнбағыс майы (тазартылмаған) және құрамындағы күнбағыс майы бар өнімдер (майонез, қыша, халва) рационнан алынып тасталады. Сол сияқты бұл жағдайда қауын, қарбыз, цитрус жемістері, қызанақ, қияр, цикорий тұтыну көлемі шектеледі.
Аллергологтардың пікірінше, бөлме өсімдіктері аллергия көзі болып анықталмаса, олар әдетте аллергиялық реакцияларды тудырмайды. Дегенмен маусымдық аллергияның кез келген түрінен зардап шегетін науқастар үшін жатын бөлмедегі үй өсімдіктерінің санын азайтқан дұрыс. Ең дұрысы, бөлме өсімдіктері үшін бөлек орын бөлу керек.

Аллергияны емдеу жолдары

Аллергия кезінде де адам өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек. Алдымен дәрігермен келіскен жөн.
Жалпы аллергияға қарсы препараттардың көбінің белгілі бір жанама әсері бар екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, ұйқышылдықтың пайда болуы. Тіпті олардың кейбіреуін күн сайын қабылдауға болмайды. Сондықтан дәрігер мақұлдаған болса да, белгілі бір дәріге арналған аннотацияны міндетті түрде оқып шығу маңызды.
қайызғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Денсаулық
Бастағы қайызғақ: қалай күресу керек
Аллергияның кез келген түрін емдеу, ең алдымен, аллергенмен байланысты тоқтату (жою шаралары) арқылы жүргізіледі. Егер бұл мүмкін болмаса, оны барынша азайту қажет.
Симптоматикалық препараттар аурудың қандай түріне диагноз қойылғанына және қандай белгілердің пайда болуына байланысты таңдалады.
Антигистаминді құралдар. Олар патологияның әртүрлі жағдайында, соның ішінде профилактикалық мақсаттарда, яғни асқыну басталғанға дейін қолданылады. Бұл препараттар гистаминдік рецепторларды бұғаттайды. Сондықтан түшкіруді, ринитті, қызаруды, терінің қышуын азайтады.
Балаларға ұйқышылдық тудырмайтын, зейін мен ден қоюды сақтайтын дәрілер ұсынылады. Мұндай препараттарды күніне бір рет қабылдауға болады.
Радикулит - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Денсаулық
Радикулит: туындау себептері және емдеу әдістері
Сыртқы емдеуге арналған құралдар. Егер күзгі аллергия теріде пайда болса, қышу, қызару, тері ыдырау секілді симптомдарды тез жою үшін глюкокортикостероидтары бар жақпамайлар қолданылады. Әдетте, дәрігерлер оларды қолдану мерзімін 5-7 күнге дейін шектеуге тырысады. Өйткені ұзақ қолдану жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Олардың көбін бетке және терінің үлкен аумағына жағуға болмайды.
Диета. Ал тамаққа қатысты туындайтын аллергия белгілі бір диета сақтамай емделмейді. Егер дәрігер ересек адамның немесе баланың күзде аллергиясы бар екенін анықтаған болса, онда бұл өнімді мәзірден алып тастау керек. Сондай-ақ кез келген жемісті, көкөністі және тағы басқа өнімді жегеннен кейін реакцияны бірден қадағалай отырып, тамақтану күнделігін жүргізуге болады.
тізе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Денсаулық
Буын аурулары және оны емдеу жолдары
Жаңалықтар
0