Денсаулық

Жеміс пен көкөністің пайдасы мен зияны қандай

© PhotoОвощи, фрукты. Иллюстративное фото
Овощи, фрукты. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Адамның барлығы дені сау, аурудан аулақ болғысы келгенімен, бәрі бірдей ден мен тәннің саулығы ең алдымен тұтынатын тағамға тәуелді екенін біле бермейді.
Әрине, физикалық белсенділік, теріге жасалған күтімдер, эмоционалдық көңіл-күй – мұның бәрі адамның сыртқы келбетінде көрініс табады. Бірақ бет пен тәннің сұлулығы қалай болғанда да жейтін асқа байланысты.
Кейбір тағамдардың тырнақ, шаш, тіс және басқа да органдардың күйіне пайдасы медициналық зерттеулермен расталды. Қызмет бабы, тұрмыс тірлігі, отбасы және басқа да шаруалармен үнемі қозғалыста жүретін заманауи режим кезінде көп адам жылдам дайындалатын тағамдарға басымдық береді. Бірақ фастфуд аз уақытқа ғана тойымдылық сезім беріп, ағзаны қажетсіз, тіпті пайдасыз заттармен улайды.
Осы орайда өз денсаулығына бей-жай қарамайтын әрбір адам жылдам тамақтанудың орнына пайдалы асқа мән беруі керек. Көкөніс пен жеміс-жидек ешқандай зияны жоқ өнім саналады. Оның үстіне, олар адам ағзасының, әсіресе, терінің ұзақ уақыт жас күйде сақталуына кепілдік бола алады. Сол себепті рационда жаңа піскен көкөністер болуы керек. Олар адамға өте қажет витаминдер мен минералдардың құнды көзі болып табылады.
Сонымен қатар, көкөністердің құрамында жасұнық бар. Ол ішектің және тұтастай алғанда ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, дененің қорғанысын арттырады және шлактарды, токсиндерді және басқа қажет емес заттарды тиімді жояды.
Sputnik Қазақстан қандай көкөніс пен жеміс қандай витаминге бай және адамның қай органына қалай әсер ететіні туралы толығырақ баяндайды.

Қандай көкөністер пайдалы

Ең алдымен әрбір үйдің ас бөлмесінен оңай табылатын көкөністерге тоқталсақ.
Сәбіз – А витаминінің бастапқы түрі саналатын каротиннің маңызды көзі. Сәбіз құрамында басқа да пайдалы заттар бар: В, РР, С, Е, К дәрумендері, калий, темір, фосфор, магний, йод, фтор. Ол қан құрамын жақсартады, жүрек-тамыр жүйесі мен ішектің жұмысына жақсы әсер етеді, тырнақтар мен шашты нығайтады, теріні нәрлендіреді.
Қызанақ – әрбір дастарханнан оңай табылатын көкөніс. Бұл өте орынды. Себебі қызанақ адам ағзасында бірқатар маңызды функцияларды орындайтын өте пайдалы өнім. Мысалы, қызанақ зат алмасуды қалыпқа келтіреді, бүйрек пен ішектің жұмысын ынталандырады, қандағы зиянды холестерин деңгейін төмендетеді. Қызанақ жүрек-тамыр жүйесі аурулары және анемия кезінде де пайдалы.
Пайдалы тағам - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2022
Денсаулық
Қалағаныңызша жеуге болады - денсаулыққа пайдалы 10 тағам
Сарымсақ және оның пайдалы қасиеттері халық медицинасында белсенді қолданылады. Сарымсақтың құрамында 150-ден астам пайдалы зат бар қуатты табиғи кең спектрлі антибиотик саналады. Ол тәнге нығайтатын, қабынуға қарсы, антисептикалық, микробқа қарсы, түрлі зеңдерге қарсы әсер береді. Сарымсақ иммундық жүйені күшейтіп, адамның қорғаныс күштерін айтарлықтай арттырады. Дегенмен, асқазан ауруы бар адамдарға сарымсақты шамадан тыс қолдануға тыйым салынады.
Пияздың барлық пайдалы қасиетін тізіп айту оңай емес. Денсаулығыңыз мықты және иммунитетіңіз жоғары болсын десеңіз, бұл көкөніс рационда міндетті түрде болуы керек. Пияз құрамында витаминдер мен минералдардан басқа құнды органикалық қышқылдар мен эфир майлары бар. Пияз тұмау мен суық тиюге қарсы күресте таптырмас құрал. Сонымен қатар ол зат алмасуды белсендіреді, қанды тазартады, қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі және табиғи афродизиак болып табылады.
Болгар бұрышында лимон мен қарақатқа қарағанда С дәрумені әлдеқайда көп екенін көбі біле бермейді. Аскорбин қышқылының ең жоғары концентрациясы да сабағында орналасқанын білу керек. Болгар бұрышында сондай-ақ B, P, PP тобындағы витаминдер, калий, натрий, кальций, темір, фосфор бар. Бұл көкөністі үнемі тұтыну ағзны тазалауға, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Болгар бұрышының қатерлі ісікпен күресуде тиімді екендігі дәлелденді.
Қызылша тек табиғи қанттың көзі ғана емес, ол витаминдер мен микроэлементтерге, соның ішінде йод, магний, калий, кальций, темір, фосфорға бай. Қызылша ас қорытуды және зат алмасуды жақсартады, организмнен токсиндерді кетіреді, асқазанның, бауырдың, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді.
Ақ қырыққабаттың құрамында барлық дерлік маңызды витамин мен минерал бар. Қырыққабат сонымен қатар адам ағзасы өздігінен өндіре алмайтын U витаминінің көзі болып табылады. Бұл зат қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі және ішек аурулары, гастрит, асқазан жарасы сияқты бірқатар аурулардың алдын алады. Сонымен қатар, қырыққабат ағзадағы зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді және жүрек пен қан тамырларына оң әсер етеді.
Картоп – пайдалы және тойымды өнім болғандықтан, одан көптеген дәмді тағам дайындауға болады. Дегенмен пешке пісірілген немесе қабығымен қайнатылғанға картопқа басымдық беру керек. Сонда ғана ол пайдалы заттардың жоғарғы мөлшерін сақтайды. Картоптың құрамында адамға қажетті аминқышқылдың барлық дерлік түрі бар. Бұл өнім ағзадан артық сұйықтықты тиімді түрде жояйып, бүйректің жұмысын қалыпқа келтіреді. Картоп асқазан-ішек жолдары мен атеросклероз проблемалары кезінде пайдалы.
Мойындау керек, жоғарыда аталған көкөністер күнделікті қолданылғанымен, қазақтың дастарханында кәді көп кездесе бермейді. Бірақ кәдінің құрамында жасұнық, С және В витаминдері, кальций, калий, магний және фосфор өте көп. Егер сіз өзіңізді авитаминоздан қорғағыңыз келсе, онда бұл өнімді рационға міндетті түрде қосуды ұмытпаңыз.
Кәдінің "ең жақын туысы" саналатын баялды пайдасы мен тағамдық құндылығы жағынан өз "туысынан" еш кем түспейді. Бұл көкөніс диеталық өнімге жатады және 100 грамм баялдыда тек 24 калориядан бар. Шығыс елдерінде баклажан ұзақ өмір сүруге көмектесетін көкөніс деп танылған. Ол жүрек-тамыр жүйесіне оң әсер етеді, тамырлардағы холестеринді бөліктерді ыдыратады. Сонымен қатар, баклажан бауыр мен бүйрек қызметін жақсартады, зат алмасуды және ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді.
Таразы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Денсаулық
Қандай тамақ жегенде денеде май жиналады
Асқабақ ең пайдалы күзгі көкөністер тізімінде тұр. Дәрігерлер жүрек-тамыр жүйесі аурулары, ісіну, анемия, семіздік кезінде асқабақ жеуге кеңес береді. Бұл өнім ағзаға жақсы сіңеді және барлық қажетті дәрумен және минералмен қанығу үшін аз мөлшерде асқабақ жеу жеткілікті. Асқабақ диета кезінде тұтынуға жарамды. Өйткені оның калориясы аз және ол ішек жұмысын жақсартады.

Көкөністен тамақ жасаған кезде нені ескеру керек

Жоғарыда күнделікті тағам дайындау кезінде қолдануға әдеттенген көкөністер аталды. Бірақ бір ескере кететін жайт – көкөністер өз пайдасын жоғалтпауы үшін оларды бұқтырылған немесе қайнатылған күйде жеген абзал. Ал кейбір көкөністерді тіпті салат түрінде тұтынуға жарамды.
Көкөністерге тоқталған шақта жалпы көксөкті тұтынудың да маңызы туралы айтқан жөн болар. Себебі калориясы аз, құрамында жасұнық өте көп көксөк ас қорыту жұмысын толық жақсартады. Мұндай көксөктер қатарында салат жапырағы, аскөк, ақжелкен, асжапырақ, егістік қышатүс және тағы басқасы бар.
Сонымен қатар жалпы көкөністерді түскі немесе кешкі асқа жеген дұрыс деп санайды диетологтар. Өйткені жатар орынға мейлінше жеңіл тамақтану қажет. Бұл асқазанның жүктемесін арттырмауға себеп болады. Сондай-ақ, мамандар ұнамсыз, бірақ құрамында витамин мен минералды зат көп көкөністі жеуге әдеттену үшін ол өнімді рационға аз мөлшерден қосуға кеңес береді. Бұл дәм рецепторларын біртіндеп үйретуге көмектеседі.

Жемістің қайсысы пайдалы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша әр адам күніне 400-500 грамм көкөніс пен жеміс-жидек жеуі керек. Дәл осы өнімдер адам денсаулығының мінсіз болуына кепілдік бола алады. Олардың құрамында ұүлкен мөлшерде микро және макроэлементтер, көптеген витамин бар екенін жоғарыда айттық. Ендігі ретте адам ағзасы үшін пайдалы және теріні жас күйінде сақтауға тікелей ықпал ететін жемістерге тоқталсақ.
Фрукты, смайлик - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2021
Денсаулық
Арықтаған кезде қандай жеміс-жидек жеуге болмайды – нутрициолог жауабы
Алма. С дәрумені мен антиоксиданттардың арқасында иммундық жүйені күшейтеді. Оның құрамында сонымен қатар ас қорытуға көмектесетін және холестерин деңгейін төмендететін пектин бар. Бұл жемістерде калий көп, сондықтан олар қан қысымын реттеуге көмектеседі.
Қаражидек. Қаражидектің басты артықшылығы – оның құрамында антоцианиндер, яғни көзді бос радикалдардың зақымдануынан қорғауға және жалпы көруді жақсартуға көмектесетін заттар бар. Сондай-ақ қаражидекте антиоксиданттар өте көп. Ол когнитивті қабілетті жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар қаражидекте қандағы холестерин деңгейін төмендететін көптеген тағамдық талшық бар.
Жүзім. Ең алдымен жүзім жүрек жұмысын жақсартады: оның құрамында жүрек-тамыр жүйесін бос радикалдардың зақымдауынан қорғауға көмектесетін антиоксиданттар бар. Ол сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Жүзім ас қорытуды жақсартады және тағамдық талшықтың көп мөлшеріне байланысты организмнен токсиндерді шығаруға көмектеседі.
Құлпынай. Бұл жидек қартаю процесін баяулайтын антиоксиданттарға бай. Сонымен қатар құлпынай көру қабілетін жақсартады: оның құрамында катаракта сияқты көз ауруларының қаупін азайтатын антоцианиндер бар.
Қарбыз. Бұл калориясы төмен өнім артық салмақтан арылғысы келетін немесе өз салмағын үнемі бақылауда ұстайтын адамдар үшін қолайлы. Сондай-ақ қарбыз күнделікті тұтынылуы тиісті су мөлшерін сақтауға көмектеседі. Өйткені қарбыз 90% судан тұрады. Оның құрамында организмдегі азот оксидінің деңгейін арттыруға көмектесетін цитрулин аминқышқылы бар. Бұл қан ағымын жақсартады және жүрек-тамыр ауруларының қаупін азайтады.
Қазақстан аумағында өсетін бұл жеміс-жидектерден бөлек елге импортталатын тропикалық жемістер де бар. Олардың мұхит асып елге жеткізілуіне қарамастан, бұл жемістер жол бойы адам ағзасына тигізетін пайдасынан арылмайды. Сондықтан жеміс-жидекті рационға қосу кезінде ел аумағында өммірілмесе де, кез келген дүкен мен базардан оңай табылатын мына өнімдерге де назар аудару керек.
Апельсин. С дәрумені, калий және жасұнықтан басқа, апельсин құрамында фолий қышқылы бар. Бұл қышқыл туа біткен ақаулардың қаупін азайтуға көмектеседі.
Банан. Оның құрамында сүйектерге аса қажетті фосфор мен кальций бар. Сондай-ақ банан В6 және С дәрумендері, магний, диеталық талшықтар және антиоксиданттарға бай. Бұл бананды қоректік заттардың тамаша көзі етеді. Банандағы калий денедегі натрий деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде қан қысымының жоғарылау қаупін азайтады.
Ананас   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Диетолог ең зиянды жеміс шырындарын атады
Авокадо. Ол холестерин деңгейін және жүрек-тамыр ауруларының туындау ықтималдығын төмендетуге көмектесетін пайдалы майларға бай. Оның құрамында ас қорытуды жақсартатын тағамдық талшықтар да бар. Гиннестің рекордтар кітабы 1998 жылы авокадо әлемдегі ең пайдалы жеміс деп атағанын ескерсек, бұл жемістің адам ағзасы мен терінің жас қалыпта ұзақ сақталуындағы маңызын жіктеп жатудың өзі артық.
Папаяя. Құрамында ағуыздарды ыдыратуға және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін папаин ферменті бар. Бұл жеміс құрамында А және С витаминдерінің көп болуына байланысты теріге оң әсер етеді. Сонымен қатар, папайя химопапаин ферментінің әсерінен қабынудың алдын алады.
Ананас. Бұл экзотикалық жеміс иммундық жүйеге оң әсер ететін С витамині мен жасұнықтың тамаша көзі болып табылады. Сондай-ақ оның құрамында қабынуға қарсы қасиеттері бар бромелаин элементі бар.

Жеміс-жидекті қандай мөлшерде жеу қажет

Жеміс-жидектер витаминдер мен минералдардың негізгі көзі болып табылатынына және олардың көпшілігі А, С, Е витаминдеріне, фолий қышқылына, магнийге, мырышқа, фосфорға және калийге бай екеніне қарамастан, оны бәріне бірдей жеу ұсынылмайды.
Нутрицологтардың айтуынша, құрамында фруктозаның көп болуы жемістерді тұтынудағы негізгі проблема болып саналады. Өйткені адам ағзассы фруктозаны аз мөлшерде тұтынуға қабілетті. Ең тиімдісі тәулігіне тұтынылатын фруктоза көлемі 10-25 грамм болуы керек. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл шамамен 2 алмаға тең.
Дегенмен адамдар фруктозаны күнделікті бал, қант, сироптар, тәтті сусындар сияқты басқа тағамдармен бірге тұтынатындықтан, бұл көрсеткіш 85-100 граммды құрайды. Ендеше бұл нормадан 4 есе көп. Мұның салдары инсулинге төзімділік, қант диабеті, семіздік, подагра сынды ауруларға әкеледі.
Фруктозаны өңдеудің жанама өнімі несеп қышқылы болып табылады. Егер денеде бұл зат тым көп болса, инсулиннің әрекеті тежеледі де, глюкоза қайтадан майға айналады. Оның үстіне, рационда фруктозаның көп болуы адамды қажетті мөлшерден көп тамақ жеуге мәжбүр етеді. Өйткені, бұл зат инсулин реакциясын тудырмайды. Сондықтан бұл ағзаға тойымдылық сигналын жеткізбейді.
Сарапшылар осыған байланысты құрамында фруктоза жоғары жемістерді қант диабеті, лептинге төзімділік, подагра, зәр қышқылының жоғарылауы, экзема немесе дерматит, буын ауруы, артық салмақ, ісіну бар адамдарға жеуге болмайтынын атап өтеді.
Брокколи - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Салмақ тастауға көмектесетін бес жеміс пен көкөніс
Жаңалықтар
0