https://sputnik.kz/20230112/salmaq-tastauga-komektesetin-bes-zhemis-pen-kokonis-31027173.html
Салмақ тастауға көмектесетін бес жеміс пен көкөніс
Салмақ тастауға көмектесетін бес жеміс пен көкөніс
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Диетолог Триста Бест салмақ тастауға ықпал ететін бес жеміс-жидек пен көкөністі атады, деп хабарлайды Lenta.ru. 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T07:00+0500
2023-01-12T07:00+0500
2023-01-12T07:00+0500
артық салмақ
диетолог
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18926051_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_994e35db4382be64dee5be8ec579d2b3.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Диетолог Триста Бест салмақ тастауға ықпал ететін бес жеміс-жидек пен көкөністі атады, деп хабарлайды Lenta.ru.Маман ұсынған тізімде бірінші орында цитрус жемістері тұр. Ол артық салмақтан арылу үшін грейпфруттың пайдасына ерекше назар аударды.Диетолог арықтағысы келетіндерге жидектерді, атап айтқанда, қаражидекті жиі тұтынуға кеңес берді. Ол бұл өнім семіздік пен қант диабетінің 2 түрінің қаупін азайтуға көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар қаражидек денсаулықты күтуге тиімді антиоксиданттарға бай екенін айтты.Бест брокколи, гүлді және Брюссель қырыққабаты сияқты көкөністерді үнемі тұтынуды ұсынды. Бұл көкөністер тойымды, калориясы төмен және қабынуға қарсы қасиетке ие.Диетолог құрамында пайдалы моноқанықпаған майлар бар авокадоның да арықтауға септігін тигізетінін айтты. Ол 55,4 мың адам қатысқан зерттеу нәтижелеріне тоқталды. Авокадоны көп тұтынған адамдарда артық салмақ туындау қаупі 15%-ке, ал өнімді аз мөлшерде тұтынғандарда бұл қауіп 7%-ке төмендегені белгілі болды.Мамандардың бұл тізімінде ең соңғы орында картоп тұр. Сарапшы тағамның құнарын азайтып, одан барынша пайда алу үшін май мен қаймақ қосылған картопты жеуді тоқтатуды ұсынды."Картоптың калориясы аз, бірақ салмақ жоғалтуға қажетті талшық пен басқа да пайдалы қоректік заттар көп. Қайнатылған картоптың калориясы оның мөлшеріне және қоспаларға немесе дәмдеуіштерге байланысты болады", - деп түсіндірді Бест.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18926051_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_b55e9d324dfc6240a5fc183529f711fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
артық салмақ, диетолог
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Диетолог Триста Бест салмақ тастауға ықпал ететін бес жеміс-жидек пен көкөністі атады, деп хабарлайды
Lenta.ru. Маман ұсынған тізімде бірінші орында цитрус жемістері тұр. Ол артық салмақтан арылу үшін грейпфруттың пайдасына ерекше назар аударды.
"Грейпфрут арықтауға көмектеседі, өйткені оның құнары салыстырмалы түрде төмен және онда жасұнық көлемі жоғары. Ол тамақ ішкеннен кейін адам өзін тоқ сезінуге көмектеседі. Сондай-ақ оның құрамында нарингенин деп аталатын қоспа бар. Зерттеулер нарингениннің майды ыдырататын қасиеті бар екенін көрсетті", - дейді дәрігер.
Диетолог арықтағысы келетіндерге жидектерді, атап айтқанда, қаражидекті жиі тұтынуға кеңес берді. Ол бұл өнім семіздік пен қант диабетінің 2 түрінің қаупін азайтуға көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар қаражидек денсаулықты күтуге тиімді антиоксиданттарға бай екенін айтты.
Бест брокколи, гүлді және Брюссель қырыққабаты сияқты көкөністерді үнемі тұтынуды ұсынды. Бұл көкөністер тойымды, калориясы төмен және қабынуға қарсы қасиетке ие.
Диетолог құрамында пайдалы моноқанықпаған майлар бар авокадоның да арықтауға септігін тигізетінін айтты. Ол 55,4 мың адам қатысқан зерттеу нәтижелеріне тоқталды. Авокадоны көп тұтынған адамдарда артық салмақ туындау қаупі 15%-ке, ал өнімді аз мөлшерде тұтынғандарда бұл қауіп 7%-ке төмендегені белгілі болды.
Мамандардың бұл тізімінде ең соңғы орында картоп тұр. Сарапшы тағамның құнарын азайтып, одан барынша пайда алу үшін май мен қаймақ қосылған картопты жеуді тоқтатуды ұсынды.
"Картоптың калориясы аз, бірақ салмақ жоғалтуға қажетті талшық пен басқа да пайдалы қоректік заттар көп. Қайнатылған картоптың калориясы оның мөлшеріне және қоспаларға немесе дәмдеуіштерге байланысты болады", - деп түсіндірді Бест.