Денсаулық

Бастағы қайызғақ: қалай күресу керек

© Depositphotos.com / Zurijetaқайызғақ
қайызғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Жазылу
Әйел болсын, еркек болсын, жалпы шаш адмның көркін кіргізетіні жасырын емес. Алайда шашқа түскен қайызғақ үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Қайызғақ неден пайда болады және үй жағдайында қайызғақтан құтылу әдістерін оқыңыз.

Қайызғақтың пайда болу себептері

Бастағы қайызғақ көптеген адамды мазалайды. Дегенмен бұл оңай шешілетін мәселе. Қайызғақтың пайда болуын бақылау үшін оның туындау себептерін білу керек.
Қайызғақ туындауының негізгі себебі – Pityrosporum ovale саңырауқұлағы. Ол барлық дерлік адамның терісінде өмір сүреді, бірақ бірқатар жағдайларға байланысты ол бақылаудан шығып, қайызғақты тудыруы мүмкін.
"Pityrosporum ovale бас терісінде май бездері шығаратын заттармен қоректенеді. Май бездерінің жұмысы тым қарқынды болса, саңырауқұлақтар белсенді түрде көбейеді, бұл тері жасушаларының жаңаруы мен қабыршақтану процестерінің бұзылуына әкеледі. Тығыз қабыршақ түріндегі жансызданбаған жасушалар тері бетіне жиналып, бұл үлпек, яғни қайызғақ түзеді", – дейді терапевт, дерматолог және косметолог дәрігер Айгүл Муллағалиева.
Қайызғақ келесі себептерден туындауы мүмкін:
күйзеліс;
жүйке жүйесінің аурулары;
май бездерінің жұмысына әсер ететін гормоналды өзгерістер;
иммундық бұзылулар;
шашты жиі немесе сирек жуу;
гель, лак ​​және басқа да шашқа арналған өнімдерді шамадан тыс пайдалану;
суық немесе өте ыстық климат.
Қайызғақ қант диабеті немесе АҚТҚ сияқты аурулардың симптомы ретінде де пайда болуы мүмкін.

Үй жағдайында қайызғақты қалай кетіруге болады

Үйде қайызғақтан құтылу үшін мына талаптарды сақтау керек:
Жуар алдында шашты ақырын тарау керек.
Шашты күн сайын жуу қажет. Бұл бастапқы уақытта қайызғақ мөлшерін айтарлықтай азайту үшін жеткілікті болуы мүмкін.
Қабыршақтар қатты көрінсе немесе бас терісінің қызаруы байқалса, қайызғаққа қарсы сусабындарды қолдану керек. Сусабын қаптамасындағы нұсқауларды орындау маңызды.
"Қайызғаққа қарсы көптеген сусабынды шашқа жағып, бас терісіне 10-15 минут бойы сіңіріп, содан кейін жуып тастау керек. Егер бірнеше апта қолданғаннан кейін сусабын тиімді болмаса, басқасын қолданып көріңіз. Құрамында қарамай бар сусабындарды қайызғаққа қарсы қолдану өте тиімді", - дейді косметолог Айгүл Муллағалиева.
Бас терісін тырнау немесе қасудан аулақ болу қажет. Себебі бұл қайызғақтың пайда болуын арттырады.
Вздутие живота, болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Денсаулық
Аппендицит туралы не білу керек

Қайызғақпен күресте қолданылатын тиімді сусабындар

Әрбір сусабын жарнамасы қайызғақтан арылуға уәде береді. Бірақ бұған сене бермеу керек. Егер қайызғақ проблемасы туындаса, онда өнімнің құрамына назар аудара отырып, сусабынды мұқият таңдау керек.
Қапатамада мына құрауыш заттар көрсетілуі керек:
Мырыш пиритионы – тері аурулары мен қайызғақты тудыруы мүмкін саңырауқұлақтар мен басқа микроағзаларды өлтіреді;
Салицил қышқылы – өлі тері бөлшектерін жұмсартады (мұны қолданғаннан кейін кейбір адамдар терінің құрғақтығын сезінеді, бұл жағдайда кондиционер көмектеседі);
Селен сульфиді – тері жасушаларының жаңаруын баяулатады және саңырауқұлақтарды өлтіреді;
Кетоконазол – саңырауқұлаққа қарсы күшті әсері бар;
Қарамай – тері жасушаларының бөлінуін және жаңаруын баяулатады.
Егер қайызғақ тұрақты проблема болса, сарапшылар оның түр-сипатын анықтап, соған сәйкес сусабын таңдауды ұсынады:
майлы қайызғақ: Кертиоль, Фиторетар сусабыны;
құрғақ қайызғақ: құрамында селен, мырыш, салицил қышқылы бар сусабындар: Фридерм, Циновит, Фитосилик;
терінің тітіркенуі, қызаруы, қышуы: Фридерм, Кельюаль DS, Деркос, Нитроджина.
Низорал, Кето плюс, Себозол дәрілік сусабындары да пайдалы, бірақ нұсқауларды қатаң сақтау маңызды.
Меланома кожи, болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Денсаулық
Тері меланомасы туралы не білу керек: емдеу және алдын алу

Халық емі

Қайызғақты үй жағдайында халық емінің әдістерімен жоюға болады. Солардың бірі ретінде дәрігерлер бас терісін және шашты шаюға арналған түймедақ қайнатпасын ұсынады.
Тері де, шаш та құрғақ болса, қайызғақты жеңуге майлар көмектеседі. Мысалы, зәйтүн майы. Оны шаш түбіне жағып, жарты сағат ұстап, содан кейін шашты сусабынмен жуу керек.

Дәрігерге қашан жүгіну керек?

"Егер арнайы сусабын қолданғаннан кейін екі аптада қайызғақ кетпесе, дәрігерге бару керек. Одан да күрделі емдеу қажет болуы мүмкін. Бұл әсіресе қайызғақ себореялық дерматиттен туындаған кезде аса маңызды. Тек дәрігер ғана басқа ауруды анықтай алады", - дейді косметолог Айгүл Муллағалиева.
Сондай-ақ бас терісінде майлы немесе құрғақ қабыршақтар пайда болса, қышу және тітіркену болған жағдайда да маманға көріну керек.

Қайызғақтың алдын алу

Мамандар қайызғақтың алдын алуға арналған бірқатар ереже ретінде мыналарды атады:
Дұрыс тамақтану қажет, рационға құрамында омега-3, мырыш, түрлі дәрумендер бар тағамдарды қосу керек. Қырыққабат, бұршақ, балық, жұмыртқа, сүт, жаңғақтарды жиі жеу керек.
Күйзеліске жол бермеу де маңызды. Бұл иммундық жүйені әлсіретеді.
"Бас терісіндегі саңырауқұлақтардың көбеюіне жол бермеу үшін адам өз эмоцияларын басқара алуы, күйзелістерден аулақ болуы керек. Спорт, йога және таза ауада серуендеу адамға өзін бақылауда ұстауға көмектеседі", - дейді терапевт, дерматолог және косметолог дәрігер Айгүл Муллағалиева.
Әртүрлі өнімдерді пайдалану арқылы күрделі шаш үлгілерін жасауға қатты әуестенбеу керек. Егер мұндай өнімдердің көмегінсіз шаш үлгісін жасау мүмкін болмаса, құрамындағы табиғи құрауыштар бар өнімдерді таңдау қажет.
Мусс пен гельдерді қолданғаннан кейін шашты жатар алдында жақсылап сусабынмен жуу қажет.
Әдетте шашты жиі жуу дұрыс емес. Бірақ бұл адамның бас терісі қайызғаққа бейім болмаған жағдайда ғана ескерілуі керек. Тұрақты жуу өлі жасушалардың жиналуын болдырмайды.
тізе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Денсаулық
Буын аурулары және оны емдеу жолдары
Жиі қолдануға жарамды сусабын таңдау керек. Құрғақ бас терісі үшін ылғалдандыратын әсері бар сусабын, майлы бас терісі үшін тері майының бөлінуін реттейтін құрауыштары бар сусабын қажет.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Скрабтар бастағы қайызғақты кетіру көмектесе ме?
Бас терісіне арналған пилингтері мен скрабтары бір қолдануда қайызғақты емдей алмайды. Бұл қайызғақты емдеу кезінде бас терісінің күтіміне арналған өнімдердің бірі ғана. Скраб өлі тері бөлшектерінен, шашты сәндеуге арналған өнімдерінің қалдықтарынан құтылуға көмектеседі.
Қарапайым, медициналық емес сусабындар бастағы қайызғақпен күресуге көмектесе ме?
Дүкен сөрелеріндегі сусабындардың құрамында мырыш пиритионы сияқты қайызғақпен күресуде тиімді дәрілік құрауыштар болуы мүмкін. Мұндай құралдар дәріханада сатылмаса да, бас терісінің майлылығын қалыпқа келтіруге және бактериялардың өсуін тежеуге қабілетті. Дегенмен қайызғақпен күресте дүкеннен сатып алынған бір ғана сусабынға сену дұрыс емес. Қайызғақты емдеу кешенді сипатта болуы керек.
Бастағы қызыл қайызғақ нені білдіреді?
Бас терісі қызарып, қабыршақты болса, бұл қайызғақ ғана емес, себореялық дерматит болуы мүмкін. Бұл Malassezia саңырауқұлақтарынан туындаған май бездерінің қабынуы. Бас терісі ғана емес, бет терісі де зақымдалуы мүмкін. Емдеуді дерматолог жүргізеді.
Лапша - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Денсаулық
Гастрит ауруы туралы не білу керек: белгілері және емі
Жаңалықтар
0