https://sputnik.kz/20230916/10-mln-tenge-koterme-zhardemaqy-ministrlik-auylga-darigerlerdi-qalay-tartady-38521088.html
10 млн теңге көтерме жәрдемақы: министрлік ауылға дәрігерлерді қалай тартады
10 млн теңге көтерме жәрдемақы: министрлік ауылға дәрігерлерді қалай тартады
Sputnik Қазақстан
Ауыл дәрігерлерін қолдауға қатысты түзетулер енгізілген заң жобасы парламент мәжілісінің қарауында жатыр 16.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-16T16:35+0500
2023-09-16T16:35+0500
2023-09-16T16:35+0500
денсаулық
жәрдемақы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/533/81/5338100_0:172:3013:1866_1920x0_80_0_0_ea2e3c35df9df59174e58db2a881091d.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ауыл дәрігерлерінің жұмысын беделді ету үшін материалдық ынталандыру тәжірибесін енгізуді қарастырып жатыр.Sputnik Қазақстан мультимедия орталығында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылға дейінгі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасын қалай жүзеге асырып жатқаны туралы айтып берді.Денсаулық сақтау министрлігі инвестициялық саясат департаментінің басшысы Самат Рамазановтың айтуынша, ұлттық жоба үш мәселені шешуге арналған. Ең алдымен бұл ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салуға қатысты."Бұл 655 нысан – медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар. Екінші міндет – 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту. Ал үшінші міндет – осы жаңа денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету", – деді Самат Рамазанов.Бұл ретте жобаның басты мақсаты – сапалы, жоғары технологиялық медициналық қызметті ауыл тұрғындарына барынша жақындату.Жыл соңына дейін 655 ауылдық медициналық нысанның 99-ы пайдалануға берілетіні, олардың құрылысына 28 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгені айтылды.Сондай-ақ 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Биыл оның төртеуінде күрделі жөндеу және кеңейту құрылыстары бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарды 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған.Кадр мәселесіДенсаулық сақтау министрлігі жаңа медициналық нысандардың құрылысымен қатар кадр мәселесін де шешеді, деп атап өтті ведомство өкілдері. Белгілі болғандай, бір ғана 32 көпсалалы ауданаралық ауруханаға мыңнан астам медицина қызметкері – 860-қа жуық дәрігер мен 400-ге жуық медбике қажет болады.Медициналық пунктерге, фельдшерлік-акушерлік пунктерге және дәрігерлік амбулаторияларға да қосымша дәрігерлер мен медбикелер қажет болады. Бұл тағы 280 адам.Ауыл дәрігерлерінің жұмысын беделді ету үшін денсаулық сақтау министрлігі түлектерге жолдама беруден бас тартып, дәрігерлерді ауылға баруға материалдық ынталандыру тәжірибесін енгізуді қарастырып жатыр."Біз заңнамалық қызмет аясында жергілікті атқарушы органдар 10 миллион теңге көтерме жәрдемақы беретіндей норма бекіткіміз келеді. Бұл ауылда тапшы мамандар жұмыс істегісі келуіне ықпал етеді", - деді денсаулық сақтау министрлігі ғылым және кадр ресурстары департаментінің директоры Дәулет Алдыңғұров.Оның айтуынша, бұл заңнамалық норма барлық өңірге қатысты болады және заң жобасы қазір мәжілістің қарауында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/533/81/5338100_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c5138059eafe6ed1917d39f9f4e1e6a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, дәрігер
10 млн теңге көтерме жәрдемақы: министрлік ауылға дәрігерлерді қалай тартады
Ауыл дәрігерлерін қолдауға қатысты түзетулер енгізілген заң жобасы парламент мәжілісінің қарауында жатыр
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ауыл дәрігерлерінің жұмысын беделді ету үшін материалдық ынталандыру тәжірибесін енгізуді қарастырып жатыр.
Sputnik Қазақстан мультимедия орталығында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылға дейінгі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасын қалай жүзеге асырып жатқаны туралы айтып берді.
Денсаулық сақтау министрлігі инвестициялық саясат департаментінің басшысы Самат Рамазановтың айтуынша, ұлттық жоба үш мәселені шешуге арналған. Ең алдымен бұл ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салуға қатысты.
"Бұл 655 нысан – медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар. Екінші міндет – 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту. Ал үшінші міндет – осы жаңа денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету", – деді Самат Рамазанов.
Бұл ретте жобаның басты мақсаты – сапалы, жоғары технологиялық медициналық қызметті ауыл тұрғындарына барынша жақындату.
Жыл соңына дейін 655 ауылдық медициналық нысанның 99-ы пайдалануға берілетіні, олардың құрылысына 28 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгені айтылды.
Сондай-ақ 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Биыл оның төртеуінде күрделі жөндеу және кеңейту құрылыстары бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарды 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа медициналық нысандардың құрылысымен қатар кадр мәселесін де шешеді, деп атап өтті ведомство өкілдері. Белгілі болғандай, бір ғана 32 көпсалалы ауданаралық ауруханаға мыңнан астам медицина қызметкері – 860-қа жуық дәрігер мен 400-ге жуық медбике қажет болады.
Медициналық пунктерге, фельдшерлік-акушерлік пунктерге және дәрігерлік амбулаторияларға да қосымша дәрігерлер мен медбикелер қажет болады. Бұл тағы 280 адам.
Ауыл дәрігерлерінің жұмысын беделді ету үшін денсаулық сақтау министрлігі түлектерге жолдама беруден бас тартып, дәрігерлерді ауылға баруға материалдық ынталандыру тәжірибесін енгізуді қарастырып жатыр.
"Біз заңнамалық қызмет аясында жергілікті атқарушы органдар 10 миллион теңге көтерме жәрдемақы беретіндей норма бекіткіміз келеді. Бұл ауылда тапшы мамандар жұмыс істегісі келуіне ықпал етеді", - деді денсаулық сақтау министрлігі ғылым және кадр ресурстары департаментінің директоры Дәулет Алдыңғұров.
Оның айтуынша, бұл заңнамалық норма барлық өңірге қатысты болады және заң жобасы қазір мәжілістің қарауында.