Әлем

Тарих пен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік – Путин мақала жазды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин
Президент РФ Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путиннің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: тарих пен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік" мақаласы жарық көрді

"Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл болды. Осы жылдар ішінде бірнеше ұрпақ өсті. Планетаның саяси картасы өзгерді. Қазір Кеңес Одағы жоқ, ол нацизмді жеңіп, бүкіл әлемді құтқарды. Сол соғыстың оқиғалары тіпті оның қатысушылары үшін де алыста қалды. Неге 9 мамыр Ресейде ең басты мереке ретінде аталып өтеді? Ал 22 маусымда неге өмір тоқтап, тамаққа кесек тұрып қалғандай болады?

Книги Кемеля Токаева - Sputnik Қазақстан
Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін
Соғыс әр отбасының тарихында терең із қалдырды деп айту әдетке айналды. Бұл сөздердің астарында миллиондаған адамның тағдыры, олардың азабы мен қайғысы жатыр. Бұған ар-абырой, шындық және естелікті қосыңыз.

Менің ата-анам үшін соғыс – қоршаудағы Ленинградта көрген қорқынышты азап. Ол жерде екі жастағы ағам Витя қаза болды, анам әрең аман қалды. Әкем өз еркімен туған қаласын қорғауға аттанды. Ол да миллиондаған кеңес азаматы секілді отанына қызмет етті. Әкем Невский плацдармында соғысып, ауыр жарақат алды. Ол жылдар алыстаған сайын ата-анаммен әңгімелесіп, өмірінің әскери кезеңі туралы толығырақ білгің келеді. Алайда қазір ештеңе сұрау мүмкін емес. Сол себепті соғыс туралы әкем мен анамның әңгімесін жүрегімнің бір түкпірінде сақтаймын.

Мен және менің замандастарым үшін балаларымыз, немере мен шөберелеріміздің ата-бабасының қандай сыннан өтіп, қандай бейнет көргені, қалай тойтарыс беріп, жеңіске жеткенін білуі маңызды. Әлем таңғалған темірдей мықты рух қайдан келді? Иә, олар өз үйін, балаларын, туғандарын, отбасын қорғады. Дегенмен, барлығын Отанға деген сүйіспеншілік біріктірді. 

Бүгінде "Қазіргі жас ұрпақ өзін қалай ұстайды? Қиын жағдайда қалай әрекет етеді?" деген сұрақтар жиі қойылады. Менің көз алдыма адам өмірін құтқару үшін қазіргі уақытта "қызыл аймақта" жүрген жас дәрігерлер, медбикелер, тіпті кешегі студенттер келеді. Солтүстік Кавказда, Сирияда халықаралық лаңкестікпен күрес барысында қаза тапқан біздің әскери қызметшілер ше?. Олар тым жас еді. Аңызға айналған алтыншы десанттық ротаның жауынгерлері небәрі 19-20 жаста болды. Бірақ олардың барлығы Ұлы отан соғысында Отанымызды қорғаған жауынгерлердің ерлігіне лайықты екенін көрсетті.

Сондықтан өз борышын адал орындау, қажет болса құрбандыққа бару Ресей халқының бойына сіңген қасиет екеніне сенімдімін. Жанкештілік, патриотизм, туған үйге, отбасыға, Отанға деген махаббат бүгінгі күні де Ресей қоғамы үшін іргелі әрі бәрін бір мақсатқа жұмылдырып отырғаны даусыз. 

На Воинском братском кладбище - Sputnik Қазақстан
Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі
Қазір бізде "Мәңгілік полк" сияқты жаңа дәстүрлер пайда болды. Бұл – ұрпақтар арасындағы байланыс маршы. Миллиондаған адам Отанымызды қорғап, нацизмді талқандаған туған-туысының фотосымен шеруге шығады. Осылайша, олардың өмірі, бастан өткерген сынағы мен азабы, бізге сыйлаған жеңісі ешқашан ұмытылмайтыны хақ.

Дүниежүзілік соғыстың басталу себептерін, соғыстың қиын сәттері мен берген сабағын талдауды жалғастыруға қажеттілік туып отыр.

Өткен мен болашақ алдындағы жауапкершілігіміз – қорқынышты трагедиялардың қайталануына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Сол себепті екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысы жайлы мақала жариялауды парызым деп санадым. Бұл тақырыпты әлемдік көшбасшылармен бірге бірнеше рет талқылап, олардың түсіністік танытқанын көрдім. Өткен жылдың соңында ТМД елдері басшыларының саммитінде бәріміздің ойымыз бір жерден шықты: ұрпаққа нацизмді кеңес халқының жеңгенін айту және сол күресте майдан мен тыл шебінде иық тірестіре Кеңес одағына мүше республикалардың өкілдері тұрғанын жеткізу. Сол кезде әріптестеріммен соғыс алдындағы қиын кезең жайлы да әңгіме қозғаған едім.

Бұл әңгіме Еуропа мен әлемде үлкен резонанс тудырды. Демек, өткен кезеңдегі сабақтарға жүгіну өте маңызды әрі қажет. Осыдан кейін көп эмоция, түрлі айыптаулар болды. Бірқатар саясаткер әдеттегідей Ресей тарихты қайта жазуға тырысып жатыр деп мәлімдеуге асықты. Дей тұрғанмен, келтірілген бір де бір деректі, бір де бір фактіні жоққа шығара алмады. Әлбетте, ресейлік қана емес, шетелдік архивте де сақталған құжаттарға қатысты дау айту қиын және мүмкін емес.

Сол себепті дүниежүзілік соғысқа әкелген себептерді талдау, оның қиындықтары, трагедиялары мен жеңістері, еліміз және бүкіл әлем үшін оның берген сабақтары туралы зерделеуді жалғастыруға қажеттілік бар. Бұл ретте тек архивтегі материалдар мен замандастардың дәлелдеріне ғана сүйену керек. Кез келген идеологиялық және саясиландырылған жорамалдарға жол беруге болмайтынын тағы қайталап айтқым келеді.

Айқын жайтты тағы бір еске салып өтейін. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері көбінесе бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерге келіп тіреледі. Версаль келісімі Германия үшін әділетсіздіктің символы болды. Іс жүзінде бұл елді тонау еді, Германия батыс одақтастарына экономикасын әлсіреткен үлкен репарациялар төлеуге міндеттілді. Одақтас әскерлердің бас қолбасшысы француз маршалы Ф.Фош Версальды "Бұл бейбітшілік емес. Бұл жиырма жылға бітім жасау" деп анық сипаттады.

Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев (слева) на церемонии встречи глав государств-участников V Каспийского саммита в Актау. - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады
Осындай ұлттық қорлау Германияда радикалды және реваншистік жағдайды қалыптастырды. Нацистер осы тектес сөздерді шебер қолданып, Версальдің мұрасынан Германияны құтқаруға, оның бұрынғы қуатын қалпына келтіруге уәде берді. Шын мәнінде, неміс халқын жаңа соғысқа итермеледі. Оған батыс мемлекеттері, ең алдымен Ұлыбритания мен АҚШ тікелей немесе жанама ықпал жасады.

Олардың қаржы және өнеркәсіптік шеңберлері әскери мақсаттағы өнімдерді шығарған неміс фабрикалары мен зауыттарына белсенді түрде капитал салды. Аристократтар және саяси истеблишменттің арасында Германияда және Еуропада күш алған радикалды, ұлтшыл қозғалыстарды жақтаушылар аз болды.

Версаль "әлем құрылысы" көптеген жасырын қайшылық пен айқын қақтығыстарды тудырды. Олардың негізінде – Бірінші дүниежүзілік соғыс жеңімпаздары ерікті түрде ресімделген жаңа еуропалық мемлекеттердің шекарасын бекітті. Іс жүзінде олардың картада пайда болуынан бастап шекара дауы мен өзара шағымдар басталды, оның соңы "баяу әрекет ететін минаға" айналды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындыларының бірі Ұлттар лигасының құрылуы болды. Бұл халықаралық ұйымға ұзақ мерзімді бейбітшілікті, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен үміт артылды. Бұл жаһандық соғыс қасіретін қайталауды болдырмауы мүмкін прогрессивті идея болды.

Алайда Ұлыбритания мен Франция секілді жеңімпаз державалар басым болған Ұлттар лигасы өзінің тиімсіз екенін көрсетті және бос әңгімеге айналды. Ұлттар лигасында, жалпы еуропалық континентте Кеңес одағының ұжымдық қауіпсіздіктің тең құқықты жүйесін қалыптастыруға бірнеше рет бас көтергені ескерілмеді. Атап айтқанда, агрессияға тосқауыл қоя алатын Шығыс Еуропа және Тынық мұхиты пактілерін жасау ұсынысы еленбеді.

Ұлттар Лигасы Эфиопияға Италия шабуылы, Испаниядағы азаматтық соғыс, Қытайға қарсы Жапония агрессиясы, Австриядағы аншлюс сияқты әлемнің түрлі бөліктерінде қақтығыстардың алдын ала алмады. Гитлер және Муссолиниден басқа да Ұлыбритания мен Францияның көшбасшылары қатысқан Мюнхен сөз байласуында Ұлттар лигасы кеңесінің толық мақұлдауымен Чехословакия бөлінді. Осыған байланысты Сталин Еуропаның сол кездегі көптеген жетекшілерімен салыстырғанда сол кезде батыс ортасындағы беделді саясаткер, Еуропа елдері астаналарында әрқашан құтты қонақ бола алатын Гитлермен жеке кездеспегенін атап өткім келеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы деректер
Чехословакияның бөлінуінде Германиямен бірге Польша да әрекет етті. Олар Чехословакия жерін кімге алуға болатынын алдын ала бірге шешті. 1938 жылы 20 қыркүйекте Польшаның Германиядағы Елшісі Ю.Липский Польшаның сыртқы істер министрі Ю. Бекке Гитлердің келесі антын хабарлады: "... Польша мен Чехословакия арасындағы істен Тешинадағы поляк мүддесінен қақтығыс туындаса, Рейх (поляк) сіздің жаққа шығады". Нацистердің басшысы тіпті поляк тарапы "Немістердің Судет тауларымен айналысуынан кейін ғана" әрекет етуін айтып кеңес берді.

Польшада Гитлер қолдауынсыз оның жаулап алу жоспары сәтсіздікке ұшырайтынын білді. Мұнда Германияның Варшавадағы елшісі Г-А.Мольте мен Ю. Бекпен 1938 жылдың 1 қазандағы поляк-чех қарым-қатынастары және КСРО-ның бұл мәселедегі позициясы туралы сұхбатының жазбасын келтіре кетейін: "... Бек мырза... Мюнхен конференциясында поляк мүддесін түсіндіргені үшін, сондай-ақ чех қақтығысы кезінде шынайы қарым-қатынас үшін үлкен алғысын білдірді. Үкімет пен қоғам [Польшаның] Фюрер мен рейхсканцлердің ұстанымдарын толық көрсетеді".

Чехословакия бөлінуі қатыгез және арсыз болды. Мюнхен құрлықта қалған формальды, осал кепілдіктерді де бұзды. Өзара келісімнің күші жоқ екенін көрсетті. Бұл мюнхендік сөз байласу "ілгек" болып, Еуропадағы үлкен соғыстан қашу мүмкін болмай қалды.

Қазір Еуропа саясаткерлері, ең алдымен поляк басшылары, Мюнхеннің үнсіз болғанын қалайды. Неге? Олардың елі сол кезде өз міндеттемелерін берумен қатар, мюнхендік келісімді қолдады, ал кейбіреулері тіпті өндірісті бөлуге қатысты. Бірақ 1938 жылдың сол күрделі күндері тек КСРО Чехословакияға жақтасқанын айтуға ыңғайсызданады.

Кеңес Одағы Франциямен және Чехословакиямен келісімге келіп, соның ішінде, өз халықаралық міндеттемелерінен шыға отырып, трагедияны болдырмауға тырысты. Польша өз мүдделерін қорғай отырып, барлық күшпен Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға кедергі келтірді. Польшаның сыртқы істер министрі Ю.Бек 1938 жылдың 19 қыркүйегі бұл туралы елші Ю. Липский Гитлермен кездесу алдында"... өткен жылы поляк үкіметі Чехословакияны қорғауға халықаралық деңгейде араласуға қосылуға деген ұсынысты төрт рет қабылдамады" деп жазды.

Ұлы Отан соғысы, пулеметшілер - Sputnik Қазақстан
Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы
Сол кезде чехтар мен словактардың бас одақтасы болған Британия, сондай-ақ Франция өз кепілдігінен бас тартып, осы Шығыс Еуропа елін абдыратып тастауды жөн көрді. Тек лақтырып қана қоймай, нацистердің ұмтылысын шығысқа жіберіп, Германия мен Кеңес Одағы сөзсіз бір-бірін қыруын мақсат етті.

Батыстың "татулық"  саясаты осы еді. Бұл тек Үшінші рейхқа ғана емес, Антикоминтерндік пакттің басқа қатысушылары - фашистік Италия мен милитаристік Жапонияға да қатысты еді. Қиыр Шығыстағы оның шарықтау шегі 1939 жылдың жазындағы ағылшын-жапон келісімі болды. Жетекші еуропалық державалар бүкіл әлем үшін Германия мен оның одақтастарынан қандай қауіп төніп тұрғанын мойындағысы келмеді. Олар соғыс өздерін айналып өтеді деп ойлады.

Мюнхен келісімі Кеңес Одағына Батыс елдері қауіпсіздік мәселелерін оның мүдделерін ескермей шешетінін көрсетті. Ал ыңғалы жағдайда антисоветтік майдан қалыптастыра алады.

Кеңес Одағы соңына дейін антигитлерлік коалиция құру үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысты. Қайталап айтқым келеді - Батыс елдерінің екі жақты позициясына қарамастан осылай жасады. Барлау қызметі желісі бойынша кеңес басшылығы 1939 жылдың жазында ағылшын-герман байланысы туралы толық ақпарат алып тұрды. Олардың өте қарқынды жүргеніне назар аударғым келеді. Әрі бұл жұмыс Франция, Ұлыбритания және КСРО өкілдерінің үшжақты келіссөздерімен бір мезгілде жүргізілді.

Осыған байланысты британдық архивтен құжат келтіре кетейін. Бұл 1939 жылдың тамыз айында Мәскеуге келген британдық әскери миссияның нұсқаулығы. Онда делегация "келіссөздерді өте баяу жүргізуге" тиіс; "Біріккен Корольдіктің үкіметі қандай да бір жағдайларда әрекет ету еркіндігін шектей алатын егжей-тегжейлі жазылған міндеттемелерге қатысты жауапкершілікті өзіне алуға дайын емес" делінген. Сондай-ақ кеңес делегациясын ағылшындар мен француздарға қарағанда "Еуропадағы агрессияға қарсы Англияның, Францияның және КСРО-ның әскери қорғанысын ұйымдастыру" мәселелері бойынша әскери конвенцияға қол қоюға барлық қажетті өкілеттіктерге ие болған Қызыл армияның жоғары басшылары басқарды.

Келіссөздер кезінде кеңестік тарап алдында ешқандай міндеттеме алғысы келмеген Польша үлкен рөл сомдады. Батыс одақтастарының қысымымен поляк басшылығы вермахтаға қарсы тұруда Қызыл әскермен бірлескен әрекеттерден бас тартты. Тек қана Риббентроптың Мәскеуге ұшып келуі туралы белгілі болғанда ғана, Ю.Бек өз қалауынсыз француз дипломаттары арқылы кеңес тарапын хабардар етті. "... германдық агрессияға қарсы бірлескен іс-қимыл жағдайында анықталуы тиіс техникалық жағдайлар кезінде Польша мен КСРО арасындағы ынтымақтастық жоққа шығарылмайды" деп хабарлады. Сонымен қатар ол өз әріптестеріне: "... мен бұл тұжырымдамаға тек тактиканы жеңілдету мақсатында қарсы болмадым және КСРО-ға қатысты біздің принципті көзқарасымыз түпкілікті және өзгеріссіз қалады" деп түсіндірді.

Қазір Еуропа саясаткерлері, ең алдымен поляк басшылары, Мюнхеннің үнсіз болғанын қалайды. Неге?

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады
Қалыптасқан жағдайда Кеңес Одағы Германияға шабуыл жасамау туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде бұл келісімге Еуропа елдері ішінде ең соңғы болып барды және батыста Германиямен және Халхин-Гол өзеніндегі қарқынды шайқастар жүріп жатқан шығыста Жапониямен соғыс алдындағы қауіп кезінде келісті.

Сталин мен оның ортасы көптеген әділ айыптауларға лайық. Біз өз халқымызға қарсы режим қылмыстары туралы да, жаппай қуғын-сүргіннің қасіреті туралы да ұмытпаймыз. Кеңес басшыларын көп жағдайда кінәлауға болады, тек сыртқы қауіп-қатерді байқамады деуге келмейтінін тағы да қайталаймын. Олар Кеңес Одағын Германия мен оның жақтастарына қарсы жалғыз өзін қалдыруға тырысып жатқанын сезді. Осы қауіпті біліп, елдің қорғанысын нығайту үшін әрекет етті.

Сол кезде жасалған шабуыл жасамау туралы шартқа байланысты қазіргі заманғы Ресейдің атына көптеген әңгімелер мен шағымдар айтылады. Иә, Ресей – КСРО-ның заңды мұрагері және кеңес кезеңі, ішіндегі барлық жеңісі мен трагедиясын қоса алғанда мыңжылдық тарихтың ажырамас бөлігі. Бірақ Кеңес одағы Молотов пактасы Риббентропқа құқықтық және моральдық бағасын берді. 1989 жылдың 24 желтоқсандағы Жоғарғы кеңестің қаулысымен "жеке билік актісі" секілді хаттамалар ресми түрде сотталды.

Осы орайда маңызды бір мәселені атап өткен жөн, кейбір мемлекеттер әлі күнге дейін нацистер мен батыс саясаткерлері қол қойған келісімдерді еске алмауды жөн көреді. Ондай "әріптестікте" заңды баға бермей-ақ қояйық. Саяси негізі де жоқ емес. Ал Еуропаның кейбір қайраткерлері нацистердің жантүршігерлік жоспарымен келісті, тіпті, қолдап отырды. Мәселен, Польшаның Германиядағы елшісі Ю.Липскийдің 1938 жылы 20 қыркүйекте Гитлерге айтқан бір ұятсыз сөзі бар. "...еврейлер мәселесін шешкені үшін біз (поляктар) оған Варшавада тамаша ескерткіш қойып береміз", - деді ол.

Сосын нацистермен арадағы келісімдердің қосымшалары мен хаттамалары болды ма? Жоқ па? Біз оны әлі білмейміз. Әзірше, сөзге ғана сеніп отырмыз. Алайда әлі күнге дейін ағылшындар мен немістердің арасындағы құпия келіссөздердің материалдары әлі күнге ашылған жоқ. Сол себепті барлық мемлекетті өз архивтерін ашу процесін үдетуге шақырамыз. Бұған дейін еш жерге шықпаған соғысқа дейінгі және соғыс кезіндегі құжаттарды жариялау қажет. Соңғы жылдары Ресей осы жұмысты белсенді атқарып келеді. Біз осы салада әріптестік байланыстарын жүргізуге, ортақ зерттеу жобаларын атқаруға дайынбыз.

Дегенмен, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі оқиғаларға оралайық. "Гитлер Чехословакиядан кейін кезекті территориялық талаптар қоймайды" деген сөзге аңқаулар ғана сенген шығар. Таяқтың бір ұшы Чехословакияны бөлісуге қатысқан Польшаның өзіне де тиді. Нацистерге Данцикский дәлізі керек болған. Сондықтан Польшаның трагедиясына сол кездегі басшылық жауапты. Олар Ұлыбритания-Франция-КСРО әскери одағына кедергі жасап, батыс әріптестерінің көмегіне ғана сенді. Сөйтіп, өз халқын гитлерлік машинаның астына салып жіберді.

Празднование Дня Победы  - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тараздықтар соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады – видео
Негізі, немістің шабуылы таза жылдам соғыстың доктринасы бойынша жасалды. Польшаның армиясы батырлық танытып, қарсылық көрсетсе де, неміс әскері бір аптаның ішінде 1939 жылы 8 қыркүйекте Варшаваға жақындап келді. Ал 17 қыркүйекте Польшаның әскери-саяси басшылығы өз елін сатып, Румынияға қашып кетті. Халық болса, басқыншыларға қарсы соғысты тоқтатқан жоқ.

Польшаның одақтастары да халықтың сенімін ақтамады. Германияға соғыс жариялағаннан кейін француз әскері ұзаққа барған жоқ. Иә, олар немістің территориясына кірді, біршама жерді басып алды. Алайда бұның барлығы белсенді әрекеттің демонстрациясы болған сияқты. Ал 1939 жылы 12 қыркүйекте ағылшындар мен француздардың Жоғарғы әскери кеңесі Абвилде алғаш рет бас қосып, Польшадағы оқиғалардың жылдам өрбуіне байланысты шабуылды тоқтатуға шешім шығарды. Осылайша, "біртүрлі соғыс" басталып кеткен. Ал Франция мен Англия Польшаның алдында алған міндеттемелерін сатып кетті.

Нюрнберг процесі кезінде неміс генералдары Шығыстағы жылдам жеңістерін бір сөзбен түсіндірген. Германияның қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшылықтың шұғыл штаб бастығы, генерал А.Йодль батыста ағылшын және француз армиясы тоқтап қалмағанда немістер Польшада жылдам жеңіске жете алмайтынын ашық айтқан. "...1939 жылы біз жеңілген жоқпыз, себебі Польшамен соғысқанда батыс жақта небәрі 23 герман дивизиясы тұрса да, 110 француз және ағылшын дивизиясы ешбір әрекет жасамады", - деді ол.

1939 жылғы тамыз бен қыркүйекте КСРО мен Германия арасындағы байланыстарға қатысты барлық материалдарды көтеруді сұрадым. 1939 жылы 23 тамызда рәсімделген КСРО мен Германияның бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қосымша құпия хаттаманың 2-тармағына сәйкес, Поляк мемлекетіне кіретін облыстар саяси-аумақтық жағынан қайта құрылса, екі елдің мүдделер аясының шекарасы "шамамен Нарева, Висла мен Сана өзендерінің бойымен өтуі тиіс". Бір сөзбен айтқанда, кеңестердің ықпал жүргізу аймағына украин мен белорус халқы тұрған жерлер ғана емес, Висла мен Буганың арасындағы поляктардың тарихи жері де енген. Бұны көбісі біле бермейді.

Сосын тағы бір мәселе бар. 1939 жылы қыркүйекте Берлин Польшаға шабуыл жасаған бойда бірнеше рет Мәскеуді әскери шараларға қосылуға үндеді. Алайда кеңестердің басшылығы бас тартты, соңына дейін араласқан жоқ. Ал Ұлыбритания мен Францияның өз одақтасына көмектеспейтіні анық болғаннан кейін Қызыл армияны шығысқа шығаруға шешім қабылданды. Оған қоса, вермахт Польшаны жылдам басып алса, бірден Минск қаласына жақындайды деген қауіп болды. Сол себепті 17 қыркүйекте кеңес әскері шығыс шекарасына аттанды. Бүгінде ол жерлер Белоруссия, Украина мен Литваның құрамына кіреді.

Сөзсіз, басқа амал болған жоқ. КСРО-ға үлкен қауіп төнетін еді. Өйткені, тағы қайталап өтейін, бұрынғы КСРО мен Польшаның шекарасы Минск қаласына жақын жерде болған. Ал нацистермен қарсы соғыстың тура сол жерде басталғаны стратегиялық тұрғыда тиімсіз. Себебі Брест, Гродно, Перемышль, Львов пен Вильноның түбінде тұрған сан алуан ұлттар, олардың ішінде еврейлер де нацистер мен олардың жандайшаптары – антисемиттер мен радикал-ұлтшылдардың құрбанына айналатын еді.

Ветеран войны в Афганистане Александр Яшин награжден медалью За отвагу - Sputnik Қазақстан
700-ден астам ардагер Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
Кеңес Одағы соңына дейін жанжалға қатысудан аулақ болуға ұмтылды және Германия жағында болғысы келмеді. Ал бұл кеңес және неміс әскерлерінің нақты жанасуы құпия хаттамада айтылған шекарадан шығыс жағында болды. Вмсла бойында емес, шамамен 1919 жылы Антантаның ұсынысымен Польшаның шығыс шекарасы аталған Керзон сызығы бойында болды.

Барлық мемлекетті өз мұрағатын ашып, соғыс алдындағы және соғыс кезіндегі белгісіз құжаттарды жариялау процесін жандандыруға шақырамыз. Ресей солай жасап жатыр.

Шартты райды өтіп болып кеткен оқиғаға қолдану қиын екені белгілі. Тек 1939 жылдың қыркүйегінде кеңес басшылығы КСРО-ның Батыс шептерін одан әрі батысқа қарай, нақты айтсақ Варшаваға дейін жылжытуға мүмкіндігі болды, алайда мұны жасамаймыз деп шешті.

Немістер жаңа статус бекітуді ұсынды. 1939 жылдың 28 қыркүйегінде Мәскеуде И.Риббентроп пен В.Молотов КСРО мен Германия шекарасындағы достық туралы келісімге, сонымен қатар мемлекеттік шекараны өзгерту бойынша құпия хаттамаға қол қойды. Ол келісім екі әскер тұрған демаркациялық сызық деп танылды.

1939 жылдың күзінде өзінің әскери-стратегиялық, қорғаныс міндеттерін шеше отырып, Кеңес Одағы Латвия, Литва және Эстония инкорпорация процесін бастады. Олардың КСРО-ға кіруі аталған ел билігінің келісуімен шартты негізде іске асырылды. Бұл сол кездегі халықаралық және мемлекеттік құқық нормаларына сәйкес келді. Сонымен қатар Литва 1939 жылдың қазан айында Польшаның құрамына кірген Вильно қаласы және іргелес аймақ қайтарылды. КСРО құрамындағы Балтық елдері өздерінің билік органдарын, тілін сақтап, Кеңестік жоғары мемлекеттік құрылымдарда өкілдік етті.

Осы уақытта сырт көзге көрінбейтін дипломатиялық және әскери-саяси күрес, барлау жұмысы тоқтаған жоқ. Мәскеу нацизммен арада жасырын соғыс жүріп жатқанын түсінді. Сонымен қатар КСРО мен Германия арасындағы "достық" дәлелі ретінде сол жылдардың ресми мәлімдемелерін, ресми хаттамалық ноталарын қабылдауға ешқандай негіз жоқ екенін білді. КСРО-ның белсенді сауда және техникалық байланыстары Германиямен ғана емес, басқа елдермен де жасады. Осы ретте Гитлер бірнеше рет КСРО-ны Ұлыбританиямен қақтығысқа қатыстыруға тырысты. Дегенмен, кеңес басшылығы бұған көнген жоқ.

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и президент России Владимир Путин на IV Форуме руководителей приграничных регионов России и Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
1940 жылдың қарашасында Молотовтың Берлинге сапары барысында Гитлер соңғы рет КСРО-ны бірлескен іс-қимылдарға тартуға талпынды. Алайда Молотов Сталиннің нұсқауларын дәлме дәл орындады, ол 1940 жылдың қыркүйегінде қол қойылған Ұлыбритания мен АҚШ-қа қарсы бағытталған Германия, Италия және Жапонияның одағына шартына КСРО-ның қосылуы бойынша немістердің идеясы туралы ортақ әңгімелермен шектелді. 17 қарашада Молотов Лондондағы кеңес одағының өкілетті өкілі И.Майскийге нұсқау берді. "Бағдар үшін...Берлинде ешқандай келісішарт жасалған жоқ және мұны істеуге қажеттілік болмады. Берлиндегі іс пікір алмасумен шектелді. Немістер мен жапондар бізді Парсы шығанағы мен Үндістан жағына итермелеуге тырысты. Біз бұл мәселені талқылаудан бас тарттық, өйткені Германия тарапынан мұндай кеңестерді орынсыз деп санаймыз", - деді ол.

Ал 25 қарашада кеңес басшылығы бұл іске нүкте қойды. Ол немістердің Финляндиядан герман әскерін шығаруы, КСРО және Болгария арасындағы өзара көмек туралы келісім секілді нацистер үшін қолайсыз шарттарды ресми түрде ұсынды. Осылайша шартқа қосылудың әлдебір мүмкіндікті саналы түрде жоққа шығарды. Осыдан кейін неміс басшысы КСРО-ға қарсы соғыс бастау туралы ойын нығайтты. Желтоқсанның өзінде Гитлер екі соғыстың қауіпі туралы барлық ескертулерді елемей, "Барбаросса" жоспарын бекітті. Бұл шешімді неміс тарапы Кеңес одағының еуропадағы оған қарсы тұра алатын басты күш екенін ескере отырып жасады. Шығыстағы жекпе-жек дүниежүзілік соғыстың қорытындысын шығарады. Ал Мәскеуге шабуыл тез әрі табысты болатынына сенімді болды.

Сол кезде батыс елдері кеңес одағының әрекетін құптады, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын мойындағанына баса назар аударғым келеді. Осылайша, 1939 жылдың 1 қазанында сол сәтте бұрынғы британдық Адмиралтействасының басшысы У.Черчилль радиода сөз сөйледі. "Ресей өз мүддесінің салқынқанды саясатын жүргізеді... Ресей нацистер тарапынан келген қатерден қорғану үшін орыс әскері осы желіде тұруы қажет болғаны анық [жаңа батыс шекарасы] ", - деді ол. 1939 жылдың 4 қазанында лордтар палатасында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Э.Галифакс сөз сөйледі.

"...Кеңес үкіметінің іс-әрекеті шекараны Версаль конференциясы кезінде Лорд Керзон ұсынған шекараға дейін көшіру екенін еске салу керек... Мен тек тарихи деректерді келтіремін және ешқандай дау тумайды деп ойлаймын", - деді ол. Белгілі британдық саяси және мемлекеттік қайраткер Д.Ллойд-Дордж та осыған қатысты пікір білдірді. "Орыс әскері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польшадан күштеп тартып алынбаған және Польшаның жері саналмайтын аймаққа орналасты", - деп жазды ол.

Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді
Ал Кеңес одағының өкілетті өкілі И.Майскиймен әңгіме барысында ағылшынның жоғары лауазымды саясаткерлері мен дипломаттар ашық сөйлесті. Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Батрел 1939 жылдың 17 қазанында Польшаның жеріне қатысты пікір білдірді. "...Ағылшын үкімет ортасында Польшаға Батыс Украина мен Белорусьті қайтару туралы ешқандай мәселе болуы мүмкін емес. Егер КСРО мен Германияның ғана емес, сонымен қатар Англия мен Францияның кепілдігімен қарапайым көлемдегі этнографиялық Польшаны қайта құрса, Британия үкіметі толық қанағаттанады", - деп жазды ол. 1939 жылдың 27 қазанында Н.Чемберленнің бас кеңесшісы Х.Вильсон "Польша өзінің өзінің этнографиялық базасында дербес мемлекет ретінде қалпына келтірілуі тиіс, бірақ Батыс Украина мен Беларусь базасында емес" деді.

Осы орайда әңгіме барысында Кеңес-Британия қарым-қатынасын жақсарту мәселесі де көтерілді. Бұл байланыстар көп жағдайда болашақ одақтастық пен антигитлер коалициясының негізін қалады. КСРО-ға деген антипатияға қарамастан және бұрын онымен ынтымақтастықта болғанына ескерместен, жауаптылардың ішінде көреген саясаткерлер арасында У.Черчилль ерекшеленіп алға шықты. "Егер агрессияға қарсы Ұлы одақ құра алмасақ, біз өлім қаупіне тап боламыз. Кеңестік Ресеймен ынтымақтастықты қабылдамасақ, ең үлкен ақымақтық болар еді", - деп айтты ол 1939 жылдың мамыр айында қауымдастық палатасында.

Ал 1939 жылдың 6 қазанында И.Майскиймен кездесуде Еуропадағы ұрыс қимылдары басталғаннан кейін де соған қатысты пікір білдірді. "...Ұлыбритания мен КСРО арасында ешқандай елеулі қайшылықтар жоқ, ал шиеленіскен қарым-қатынастар үшін ешқандай негіз жоқ. Британ үкіметі... сауда қатынастарын дамытуды қалайды. Ол сондай-ақ өзара қарым-қатынасты жақсартуға ықпал ететін басқа да шараларды талқылауға дайын", - деді ол.

Екінші дүниежүзілік соғыс кенеттен, оқыстан, күтпеген жерден бастала салған жоқ. Германияның Польшаға қарсы агрессиясы да дәл солай. Ол – сол кезеңдегі әлем саясатындағы көптеген үдеріс пен фактордың нәтижесі. Соғысқа дейінгі барлық оқиға бір тізбекке қаланды. Әрине, ең бастысы, адамзат тарихындағы ең үлкен трагедияны алдын ала білді, - бұл мемлекеттік өзімшілдік, қорқу, агрессияны бастаушыны құптау, саяси элитаның ымыраға келуге дайын емес екенін көрсетеді.

Сондықтан Германияның сыртқы істер министрі Риббентроптың екі күнге Мәскеуге сапары екінші дүниежүзілік соғысты тудырды деп айтуға келмейді. Барлық жетекші ел қандай да бір дәрежеде соғыстың басталғаны үшін кінәлі. Әрқайсы түзелмейтін қателік жасады. Басқаларды алдап, бір жақты артықшылықтарды қамтамасыз ете аламыз деп және әлемде болатын қайғы-қасірет оларды айналып өтетініне сенді. Осындай алдын ала болжам жасай алмау салдарынан, ұжымдық қауіпсіздікті құрудан бас тартқаны үшін миллиондаған адам өмірден өтті, шығын көп болды.

Президент РФ В. Путин встретился с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Ресей халқын ұлттық мерекесімен құттықтады
Біреуді айыптау немесе ақтау үшін сот болып, мемлекет пен халық арасында тарихи алаңда халықаралық ақпарат қақтығыстың жаңа бағытын тудырудан аулақ екенімді мәлімдеймін. Өткен оқиғаларды саралауды әр елдің беделді ғалымдары айналысуы қажет. Бәрімізге шындық пен объективтілік қажет. Өз тарапымнан әріптестерімді әрдайым тыныш, ашық, сенімді диалогқа шақырамын. Ортақ өткенімізге жеке сыни, біржақты көзқарасқа қарсымын. Мұндай тәсіл сол кезде жасалған қателіктерді қайталамауға және ұзақ жыл бойы бейбіт өмір мен дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алайда біздің көптеген серіктесіміз әлі де бірлесіп жұмыс істеуге дайын емес. Керісінше, өз мақсаттарын жүзеге асыра отырып, олар біздің елімізге қарсы ақпараттық шабуылдардың саны мен ауқымын ұлғайтады, ақталуымызды қалап,  өзімізді кінәлі сезінгенімізді қалайды. Олар жалған саяси декларацияларды қабылдайды. Мысалы, Еуропалық парламент мақұлданған "Еуропаның болашағы үшін тарихи естеліктің маңыздылығы туралы" қарардың 2019 жылдың 19 қыркүйегі Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына нацистік Германиямен бірге КСРО-ны айыптады. Әрине, Мюнхен туралы еш жерде айтылған жоқ.

Бұл қарарды құжат деп атай алмаймын деп санаймын, мұндай "қағаздар" есеп айырысу кезінде нақты қауіп тудырады. Өйткені оны құрметті орган қабылдады. Нені көрсеткісі келді? Қанша жерден өкінішті болғанына қарамастан, бұл – соғыстан кейінгі әлем құрылысын бұзуға бағытталған саясат, алайда бұл осы жалған декларацияға дауыс беріп отырған бірқатар елдің ар-намысы мен жауапкершілігін көрсетті. Осылайша, Нюрнберг трибуналының қорытындысы бойынша 1945 жылдағы жеңістен кейін әмбебап халықаралық институттарды құрған әлемдік қоғамдастықтың мүшелері қолдау білдірді.

Осыған байланысты еуропалық интеграция процесі, оның барысында тиісті құрылымдар, соның ішінде еуропалық парламент құрылды. Ол өткеннен алынған сабақтардың, оның нақты құқықтық және саяси бағалауының арқасында ғана жүзеге асты. Және бұл консенсусқа саналы түрде күмән келтіргендер соғыстан кейінгі Еуропаның негіздерін бұзады.

Бұл жерде әлемдік тәртіптің негізгі принциптеріне ғана қауіп төніп тұрған жоқ. Адамгершілік тұрғысында үлкен әділетсіздік бар. Тарихты қорлау, келеке ету – нағыз оңбағандық. Ал оны әдейі жасауы да мүмкін, соған саналы түрде жол беріледі. Әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына арналған мәлімдемелерде антигитлерлік коалицияның қатысушыларын атағанда КСРО-ны айтпай кету нағыз оңбағандық емес пе? Оңбағандыққа қорқақ мінез тән. "Басқыншылыққа қарсы күресіп жатырмыз" деген желеумен нацизмді жеңгендердің ескерткіштерін қиратады, неонацистер мен бендершілердің ізбасарларына қарсы шыққандарды өлтіреді. Оңбағандық әрқилы болады. Бірақ оған деген жиіркеніш ешқашан азаймайды.

Президент РФ В. Путин провел совещание с главами регионов по борьбе с распространением коронавируса в РФ - Sputnik Қазақстан
Путин майданға өз еркімен аттанған әкесі туралы айтып берді
Тарих сабақтарын ұмытудың зардабы қатты. Сондықтан біз тарихи фактілерге негізделген шындықты қорғайтын боламыз. Екінші дүниежүзілік соғыстың оқиғалары жайында әділ айтамыз. Біржақты пікір болмайды. Ресейде осы соғысқа қатысты архив құжаттарының, кино және фотоматериалдарының ең үлкен коллекциясын құруға арналған ауқымды жоба да осыны көздейді.

Негізі, осы саладағы жұмыс басталып кеткен. Мақаланы дайындағанда жаңадан табылған және құпия белгісі алынған көптеген материалдарды қолдандым. Бұл ретте КСРО-ның Германияға қарсы соғысқа алдын ала дайындалғанын растайтын архив құжаттарының жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдей аламын. Иә, кеңестердің әскери басшылығы ұстанған доктринаға сәйкес, агрессия болған жағдайда Қызыл армия жауға бірден тойтарыс беріп, шабуылға көшуі тиіс. Одан кейін соғысты қарсыластың территориясында жүргізеді деген ұстаным болған. Алайда ондай стратегиялық жоспарлар Германияға бірінші болып шабуыл жасауды көздеген жоқ.

Қазір тарихшылардың қолында кеңестік және неміс штабтарының директивалары, әскери жоспарлау құжаттары бар. Сосын біз ол кездегі оқиғалардың шын мәнінде қалай өрбігенін білеміз. Осы орайда бір ғана нәрсені айтқым келіп отыр, ол кезде жалған мәліметтер көп түсті. Бірақ кеңестік биліктің көшбасыларына нацистердің дайындап жатқан агрессиясына қатысты нақты ақпарат та түсіп тұрған. Сол себепті елдің әскери дайындығына баса назар аударылды, әскери міндеттілер жиындарға жасырын түрде шақырылды. Бұдан бөлек, ішкі әскери округтарының құрылымдары батыс шекарасына қарай ауыстырылған болатын.

Соғыс кенеттен басталған жоқ. Оны күткен, оған дайындалған. Бірақ нацистердің соққысы, шынымен де, өте қатты болды. 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағы әлемдегі ең күшті дайындалған армиямен бетпе-бет келді. Оған бүкіл Еуропаның өндірістік, экономикалық және әскери әлеуеті жұмыс істеп тұрған. Осы жойқын шабуылға вермахт қана емес, Германияның сателлиттері, Еуропа континентіне кіретін басқа да мемлекеттердің әскери контингенттері де қатысты.

1941 жылғы аса ауыр жеңілістер елді апатқа ұшыратып жібере жаздады. Әскердің соғысқа деген қабілетін қалпына келтіру оңай болмады. Төтенше жағдайда әрекет етуге тура келді. Жалпыға ортақ мобилизация ұйымдастырылған. Мемлекет пен халықтың барлық күші жұмылдырылды. 41-ші жылы жазда миллиондаған адамды, жүздеген зауыт пен өндірісті шығысқа қарай көшіру шаралары басталды. Себебі жаудың шабуылы қатты болды. Дегенмен, қысқа уақыттың ішінде тылда қару-жарақ пен оқ-дәрінің өндірісі ұйымдастырылған болатын. Бұның барлығы сол жылы қыста майданға жөнелтілді. Ал 1943 жылға қарай әскери өндірістің көлемі Германия мен оның одақтастарынан да асып кетті. Бір жарым жылдың ішінде кеңес халқы майданда болсын, тылда болсын, мүмкін емес болып көрінген нәрсені істеді. Осы ұлы жетістіктерге жету үшін қаншама қажыр-қайрат, ерлік пен жанкенштілік керек десеңші.

Мәншүк Мәметова - Sputnik Қазақстан
Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
Нацистердің толығымен қаруланған салқын қанды басқыншылық машинасына қарсы өзінің туған жерін қорғауға ұмтылған кеңес қоғамы көтерілді. Әрине, осы қантөгіс кезінде кейбір адамдар қорқынышқа бой алдыртты, сасқалақтады, рухы түсті. Содан сатқындық болды, адамдар әскерден қашты. Азаматтық соғыс пен революцияның зардабы, большевиктердің ұлттық тарих, дәстүр мен сенімге қатысты сұрқия саясаты да халықтың санасына кері ықпалын тигізген. Алайда кеңес халқы бір мақсатқа, бір мүддеге қызмет етті. Ол – Отанды қорғау, оны құтқарып қалу. Бәрі соған ұмтылды, соған күш салды. Адамдар шынайы патриоттық құндылықтардан рух алды.

Нацистік "стратегтер" болса, көпұлтты мемлекетті жылдам басып аламыз деп ойлады. "Күтпеген жерден соғыс басталса, адам төзгісіз қиындықтар көпұлтты байланыстарды бұзады" деген болжам болды. Сөйтіп, елді бөліп билеуге ұмтылды. Осы орайда Гитлер: "Ресейдің кең-байтақ жерін мекендейтін халықтарға қатысты саясатымыз кез келген алауыздық пен келіспеушілікті қолдап отыруы қажет", - деп айтқан.

Дегенмен, бірінші күннен бастап нацистердің жоспары орындалмайтыны белгілі болды. Брест қамалын 30-дан астам ұлттан шыққан жауынгерлер қасық қаны қалғанша қорғады. Шешуші шайқастарда әрбір плацдармды, туған жердің әрбір метрін қорғау кезінде осы іспетті бірліктің талай мысалдарын келтіруге болады.

Шығысқа қарай көшірілген миллиондаған адамдар үшін Еділ мен Жайық, Сібір және Қиыр Шығыс, Орталық Азия мен Кавказдың арғы жағындағы республикалар туған үйге айналды. Сол жердің тұрғындары барын аямай, қолдан келгенде көмектесті. Дұшпан үшін халықтар достығы, олардың бір-біріне деген өзара көмегі кәдімгідей алынбайтын қамал болды.

Қазір нацизмнің күйреуіне қатысты сан алуан уәждер айтылып жатыр. Ондайда не нәрсені дәледеуге тырысса да, бір мәселе анық, нацизмді жеңген негізгі әрі шешуші күш ол - Кеңес Одағы, Қызыл армия. Белосток мен Могилев, Умань мен Киев, Вязьма мен Харьковтың түбінде қоршауға түссе де, ерлік танықтан қаһармандардың арқасы. Олар Мәскеу мен Сталинград, Севастополь пен Одесса, Курск пен Смоленсктің түбінде жауға қарсы шықты, оққа ұшты. Варшава, Белград, Вена мен Праганың азат етті. Кенигсберг пен Берлинді шабуылмен алды.

Бауыржан Момышұлы - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні
Біз соғысқа қатысты нағыз шындықты қорғап қалуға тырысып жатырмыз. Бұл тегістелген, я болмаса, сырланып боялған шындық емес, қатал, аяусыз, ащы болса да, шындық. Оны бізге майданда болған ақындар мен жазушылар жеткізді. Олардың шынайы романдары мен повесттері, ащы "лейтенанттық прозасы" мен өлеңдері менің замандастарымның жүрегінде ғана емес, басқа ұрпақтың есінде ұзақ сақталады. Бұның барлығы жеңіске барын салған ардагерлерді құрметтеуге деген өсиет сияқты. Ұрыс даласында қалғандарды естен шығармауға үндейді.

Осы орайда Александр Твардовскийдің "Я убит подо Ржевом…" атты өлең жолдарын еске алсақ та, жеткілікті. Бұл шығарманың әрбір сөзі адамды бей-жай қалдырмайды. Бір ғана Ржев қаласы мен Ржевский шоқысы үшін болған шайқаста 1941 жылғы қазан мен 1943 жылғы наурыз аралығында Қызыл армия жарақат алғандар мен із-түзсіз жоғалғандарды қоса есептегенде 1 миллион 342 мыс 888 адамнан айырылды. Архивтерден жиналған осы мәліметті алғаш рет жариялап отырмын. Оны әлі де толықтырады. Осылайша, біз белгілі және беймәлім батырларымызға лайықты баға береміз. Өкінішке қарай, соғыстан кейінгі жылдары олар туралы көп айтылған жоқ.

Тағы бір құжатты келтірейін, бұл – Германиядан келетін репарациялар жөніндегі Халықаралық комиссияның баяндамасы. Осы құжат И.Майскийдің басшылығымен 1945 жылы ақпан айында дайындалды. Германия жеңіске жеткен державаларға тигізген зардабын өтеп беруі тиіс. Комиссия осы шығындарды есептеудің формуласын анықтаған. Оған сәйкес, Германияның солдаттары кеңестік майданда ең көп уақыт өткізген, басқа майдандармен салыстырғанда 10 есеге көп болып тұр. Неміс танктері мен ұшақтарының басым бөлігі де кеңестік майданда соғысты. Жалпы, антигитлерлік коалицияда әскери күштің 75 проценті КСРО-ға тиесілі болды. Қызыл армия нацистік блоктың 626 дивизиясын талқандады. Соның 508-і – герман әскері.

1942 жылы 28 сәуірде Рузвельт өзінің америкалық ұлтқа арнаған үндеуінде кеңес әскерінің жетістігін ерекше атап өткен. Ал Черчилль 1944 жылы 27 қыркүйекте Сталинге арнаған жолдауында: "орыс армиясы герман әскери машинасының ішек-қарнын қопарып тастады", - деп жазған. Дәл осы сөздің ұлы шындығы бар. Оны барша әлем мойындады. Ол кезде ешкім күмән келтірген жоқ. Майдандарда, тұтқында, аштықта, нацистік геттода және лагерь пештерінде 27 миллионға жуық кеңес азаматтары қаза болды. КСРО әрбір жетінші адамнан айырылды. Ұлыбритания әрбір 127-ші, ал АҚШ әрбір 320-шы адамнан айырылып қалды.

Талғат Бигелдинов (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
Осы статистика Кеңес Одағының қандай шығынға ұшырағанын көрсетсе керек. Дегенмен, Қызыл армияның жауынгері, партизан, әскери тұтқын, бейбіт халықтың өкілі болған және жазалаушылардың қолынан қаза тапқан талай адамның есімін әлі де тарихқа енгізу керек. Бұл – біздің міндетіміз. Осы орайда іздеумен айналысатын әскери-патриоттық қозғалыстар мен еріктілер бірлестіктерінің рөлі маңызды. "Халықтың естелігі" электронды базасы сияқты жобалар да аса қажет. Әрине, тығыз халықаралық ынтымақтастық та болған жөн.

Ортақ жаумен күрескен барлық мемлекет пен халық осы жеңіске үлкен үлес қосты. Британ армиясы өз елін қорғап қалды. Олар нацисттер мен олардың сателлиттерімен Жерорта теңізінде және Солтүстік Африкада күресті. Ал америкалық әскермен бірге Италияны азат етті, екінші майданды ашты. АҚШ Тынық мұхитта агрессорға жойқын соққы жасады. Біз қытай халқының жапон милитаристеріне қарсы шайқаста көрсеткен ерлігін ұмытпаймыз. Капитуляцияны мойындамаған француз жауынгерлерінің батырлығын да білеміз.

Біз одақтастардың көмегіне де әрқашан алғыс айтамыз. Олар Қызыл армияны оқ-дәрімен, шикізатпен, азық-түлікпен және техникамен қамтамасыз етті. Осы көмектің көлемі аз болған жоқ. Кеңес Одағында болған әскери өндірістің 7 процентін алып тұрды.

Германия Кеңес Одағына шабуыл жасаған күннен бастап антигитлерлік коалицияның өзегі қалыптаса бастады. АҚШ пен Ұлыбритания бірауыздан қолдау білдірді. 1943 жылы Тегеран конференциясы кезінде Сталин, Рузвельт пен Черчилль ұлы державалардың альянсын құрып, коалициялық дипломатияны жүргізуге келісті. Ортақ стратегияны әзірлеуге кірісті. "Үлкен үштіктің" көшбасшылары КСРО, АҚШ пен Ұлыбританияның өндірістік, ресурстық және әскери әлеуетін бірлесіп пайдаланса, жаудан басым түсетінін білді.

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды  - Sputnik Қазақстан
Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды – фото
Кеңес Одағы одақтастары алдында өз міндеттерін толық орындады, әрқашан көмек қолын созды. Мәселен, Белорусьтағы "Багратион" ауқымды операциясымен Қызыл армия Нормандияда ағылшын-америкалық десанттың қонуын қолдады. 1945 жылдың қаңтар айында Одераға шығып, біздің жауынгерлер Арденндағы Батыс майданда Вермахттың соңғы қуатты шабуылына тосқауыл қойды. КСРО-ның Германияны жеңгеннен кейін үш айдан кейін, Ялта уағдаластығына сәйкес, Жапонияға соғыс жариялады және Квантун әскеріне миллиондап шығын келтірді.

1941 жылдың шілде айында Кеңес басшылығы "фашисттік қанаушылыққа қарсы соғыстың мақсаты біздің елге төнген қауіп-қатерді жою ғана емес, сонымен қатар герман фашизмінің астында тұрған Еуропаның барлық халқына көмек көрсету болып табылады" деп мәлімдеген. 1944 жылдың ортасында жау бүкіл Кеңес аумағынан қуылды. Бірақ оны соңына дейін өз үңгіріне дейін қуу қажет еді. Ал Қызыл армия Еуропаны босату миссиясын бастады. Көп халықты қырып-жоюдан және Холокостың үрейінен құтқарды. Сол үшін жүздеген мың кеңес әскерінің өмірін қиды.

Сондай-ақ, КСРО босатылған елдерге ашаршылық қаупін жоюда, экономика мен инфрақұрылымды қалпына келтіруде көрсеткен орасан зор материалдық көмекті ұмытпау керек. Мұны Брестен Мәскеу мен Еділге дейінгі мыңдаған шақырымға дейін аймақта күл жатқан кезде жасалғанын ұмытпау керек. Мысалы, 1945 жылдың мамырында Австрия үкіметі КСРО-ға азық-түлікпен көмек көрсетуді өтінді, өйткені жаңа егіске дейін алдағы жеті аптада өз халқын қалай асырайтынын білмеді. Кеңес басшылығының бұл жақсылығын Австрия Республикасының Уақытша үкіметінің мемлекеттік канцлері К.Реннер "Австриялықтар ешқашан ұмытпайтын" құтқару актісі деп атады.

Одақтастар бірге нацистік саяси және әскери қылмыскерлерді жазалауға арналған халықаралық әскери трибуналды құрды. Оның шешімдерінде адамзатқа қарсы геноцид, этникалық және діни тазарту, антисемитизм және ксенофобия сияқты қылмыстарға нақты құқықтық біліктілік берілген. Нюрнберг трибуналында нацистердің сыбайластарын, коллаборационист да айыптады.

Мұндай масқара жағдай Еуропаның бірқатар елінде болды. Петен, Квислинг, Власов, Бандера сияқты "қайраткерлер", олардың ізбасарлары ұлттық тәуелсіздік немесе коммунизм бостандығы үшін күресшілердің кейпіне енсе де, сатқын әрі жендет болып саналады. Олар өздерінің қожайындарынан асып түсті. Арнайы жазалау топтарының құрамында қызмет етуге тырысып, адам сенгісіз тапсырмаларды орындады. Олардың қанды қолдарының ісі – Бабий Ярдың атылуы, Волын қырғыны, өртелген Хатынь, Литва мен Латвиядағы еврейлерді жою акциялары.

Алматыдағы Мәңгілік алау - Sputnik Қазақстан
"Айыбым – тірі қалғаным" "Түнгі мыстан" атанған Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
Бүгінгі таңда біздің ұстанымымыз өзгеріссіз қалып отыр – нацистерге көмектесушілерінің қылмыстық әрекеттерін ақтау мүмкін емес және оның белгіленген уақыты да жоқ. Сондықтан бірқатар елде фашистермен ынтымақтастық жасағандар Екіншідүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілгені таңғалдырады. Босатушылар мен оккупанттарды теңестіруге болмайды деп санаймын. Ал нацистердің жақтастарын ерлік жасады деп көрсетуді біздің әкелер мен аталарға жасаған сатқындығымыз. Нацизммен күресте халықтарды біріктірген идеалдардың сатқындығы.

Сол кезде  КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының алдында тарихи міндет тұрды. Сталин, Рузвельт, Черчилль өз елін түрлі идеологиялармен, мемлекеттік ұмтылыстармен, мүдделермен, мәдениеттермен таныстырды, бірақ үлкен саяси ерік көрсетті, қарама-қайшылықтар мен құмарлық үстінен өтіп, әлемнің шынайы мүддесін басты орынға қойды. Нәтижесінде олар келісімге келіп, барлық адамзат пайда көрген шешімге қол жеткізді.

Жеңімпаз державалар бізге бірнеше жүзжылдықтың интеллектуалды және саяси ізденістерінің квинтэссенциясы атанған жүйені қалдырды. Тегеран, Ялта, Сан-Франциско, Потсдамск конференциялары түрлі қарама-қайшылықтарға қарамастан әлемнің 75 жылдан бері соғыссыз өмір сүруінің негізін қалады.

Қазір екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына қатысты Батыста пайда болған тарихи ревизионизм 1945 жылы Ялта мен Сан-Франциско конференциясына салынған бейбіт даму қағидаттарында өрескел бұрмалау жасауымен қауіпті болып отыр. Сол кездегі Ялта мен басқа да шешімдердің басты тарихи жетістігі – жетекші державалардың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда оны шешу дипломатия шеңберінде қарауға мүмкіндік беретін еді.

ХХ ғасырда жаппай және түрлі ғаламдық қақтығыстар болды, ал 1945 жылы аренаға Жерді физикалық жақтан жоюға қабілетті ядролық қару шықты. Басқаша айтқанда, туындаған дауды қарулы күшпен шешу үдейді. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары мұны түсінді. Түсініп қана қоймай, адамзат алдындағы жауапкершілікті сезінді.

Ұлттар лигасының қайғылы аяқталуын 1945 жылы ескерді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрылымы әлем кепілдігін барынша нақты және тиімді ету үшін әзірленген. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері институты және олардың артықшылықтары мен жауапкершілігі ретінде вето құқығы солай пайда болды.

Қасым Қайсенов - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығы деген не? Анығын айтқанда, бұл ірі елдердің тікелей соқтығысуының жалғыз ақылға қонымды баламасы. Бұл бес державаның бірінің мәлімдемесі. Демек, қандай да бір шешім оның көңілінен шықпайды, оның қызығушылығы мен көзқарас туралы ұғымына қайшы келеді деген сөз. Қалған елдер қандай да бір шешіммен келіспесе де, олар өздерінің бір жақты ұмтылыстарын жүзеге асыру әрекетінен бас тарта отырып, шындық деген бағытты ұстанады. Яғни, қандай да бір ымыраға келуі қажет.

Жаңа жаһандық қақтығыс Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірден басталды және кейде өте қатал сипатқа ие болып келеді. Ал кескілескен соғыс Үшінші дүниежүзілік соғысқа айналмауына "үлкен үштікпен" жасалған келісімдер әсер етті. БҰҰ-ны құру кезінде келісілген мінез-құлық ережелері одан әрі қауіп-қатерлерді барынша азайтуға және қарсы тұруды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.

Әрине, қазір БҰҰ жүйесі өзінің мүмкіндігіне сай тиімді жұмыс істей алмай отырғанын көріп отырмыз. Алайда БҰҰ өзінің басты қызметін әлі де атқарып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің қағидалары – бұл үлкен соғыстың немесе жаһандық қақтығыстың алдын алудың бірегей тетігі.

Соңғы жылдары вето құқығын жою, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне ерекше мүмкіндіктерден бас тарту туралы жиі айтылады. Өйткені, егер мұндай жағдай орын алса, Біріккен Ұлттар Ұйымы шын мәнінде сол Ұлттар лигасына айналады. Ал ұлттар лигасы – әлемдік процестерге әсер етудің қандай да бір тетігінен айырылған бос әңгімелерге арналған жиналыс. Оның соңы немен аяқталғаны бәріне белгілі. Сол себепті жеңімпаз державалар алдыңғы қателіктерді қайталамас үшін жаңа әлемдік тәртіптің жүйесін қалыптастыруға жақындап келеді.

Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін құру – Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындыларының бірі. Тіпті ең ымырасыз геосаяси, идеологиялық, экономикалық қайшылықтар соған деген ұмтылыс болса, қатарласа бейбіт өмір сүру мен өзара іс-қимыл формаларын табуға кедергі келтірмейді. Қазір әлемде ең тыныш уақыт деп айта алмаймыз. Барлығы өзгереді – күштер мен ықпал етуді жаһандық орналастырудан бастап, қоғам, мемлекет, тұтас континенттер өмірінің әлеуметтік, экономикалық және технология негіздеріне дейін өзгереді.

Өткен дәуірде мұндай көлемдегі өзгерістер ірі көлемдегі әскери жанжалсыз жүзеге асқан емес. Жаңа жаһандық иерархияны құру күш қолданусыз жасалмайды. Одақтас державалардың саяси қайраткерлерінің даналығы мен көрегендігінің арқасында осындай объективті, тарихи түрде әлемдік бәсекелестік дамуына тән шектен тыс жағдайларды ұстап тұратын жүйе құрылды.

Біздің парызымыз – екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз державалар өкілдері бұл жүйенің сақталуы мен жетілуіне кепілдік беру. Бүгін сол 1945 жылдағыдай саяси ерік танытып, бірге болашақты талқылау маңызды болып отыр. Біздің әріптесеріміз - Си Цзиньпин, Макрон, Трамп Джонсон мырзалар. Олар  Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, бес ядролық мемлекет басшыларының кездесуін өткізу туралы Ресей бастамасын қолдады. Оларға алғыс айтып, мұндай ашық кездесуге мүмкіндік туа салысымен кездесу өтетініне сенеміз.

Алдағы саммитте қандай мәселе көтеріледі? Ең алдымен, біздің ойымызша, жаһандық істерде ұжымдық бастамаларды дамыту жөніндегі қадамдарды талқылау орынды деп есептеледі. Бейбітшілікті сақтау, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, стратегиялық қару-жарақты бақылау, терроризмге, экстремизмге, басқа да қыр көрсету мен қауіп-қатерге қарсы іс-қимылда бірлескен әрекет мәселелері туралы ашық әңгіме өрбиді деп күтілуде.

Памятник летчику-штурмовику Нуркену Абдирову - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
"Қарағандыға хат жібер...": Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің көзсіз ерлігі
Кездесудің тағы бір өзекті тақырыбы – жаһандық экономикадағы жағдай. Ең алдымен, коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған экономикалық дағдарысты еңсеру. Біздің еліміз адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау, осындай қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау үшін теңдесі жоқ шаралар қабылдап жатыр.

Алайда пандемияның салдары қаншалықты ауыр болатыны, рецессиядан кейінгі жаһандық экономиканың қаншалықты тез шығатыны – нақты серіктестер ретінде бірлесе және хабар беріп жұмыс істеуге қабілетімізге байланысты болады. Оның үстіне экономиканы қысым мен қарсы тұру құралына айналдыруға жол берілмейді. Көпшілік сұрауына ие тақырыптың бірі – қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес, сондай-ақ, жаһандық ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ресей ұсынып отырған "бестік" саммитінің күн тәртібі біздің еліміз үшін және бүкіл әлем үшін маңызды және өзекті болып саналады. Сонымен қатар әрбір тармақ бойынша бізде нақты идеялар мен бастамалар бар.

Ресей, Қытай, Франция, АҚШ және Ұлыбританияның бірлескен саммиті қазіргі замандағы сын-қатерлерге ортақ жауаптарды іздеуде маңызды рөл атқаратынына және иық тірестіре шайқасқан әкелер мен аталардың жоғары гуманистік идеялары мен құндылықтары арқылы одақтастық рухына шынайы берілгенін көрсететініне күмән жоқ.

Жалпы тарихқа сүйенсек, біз бір-бірімзге сенім арта аламыз және сенім артуымыз қажет. Бұл ғаламшарда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін, барлық мемлекеттің гүлденуі мен әл-ауқатының артуы үшін табысты келіссөздер мен келісілген іс-қимылдарға берік негіз болады. Бұл біздің бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы, бүкіл әлем алдындағы ортақ борышымыз бен жауапкершілігіміз".

Жаңалықтар
0