Төрт жылға созылған соғыста жарты миллионнан астам қазақстандық қаза тапты. 700 мыңнан астамы еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімшелеріне жазылған болатын.
Ал ҚазКСР әртістері сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеруге атсалысты. Олар армияны аралап, 1 216 концерт өткізді.
Оқи отырыңыз: 21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Соғыс жылдары 49 колөнер училищесі мен фабрика-зауытқа оқыту мектептері ашылған. ҚазКСР-дың 27 әскери оқу орындары шамамен 16 мың офицерді даярлап шығарды.
Маңызды деректердің бірі: соғыста атылған 10 оқтың 9-ы ҚазКСР-да құйылды. Бұдан бөлек, төрт жылдың ішінде республикада шамамен 4 миллион артиллериялық снаряд пен 4,7 миллион мина шығарылды.