Өңірлер

Тараздықтар соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПразднование Дня Победы
Празднование Дня Победы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіс күніне орай Жамбыл облысының 57 соғыс ардагеріне миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

АЛМАТЫ, 6 мамыр – Sputnik. Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл облысының еріктілері ардагерлерді ерекше форматта құттықтады.

Өңірдегі еріктілер автокран арқылы 98 жастағы Бердібаев пен 94 жастағы Ережепбаевтың балконына көтеріліп, оларға гүл шоғын сыйлады.

Оқи отырыңыз: Ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге 7,6 млрд теңге бөлінді 

Жастар майдангерлерге бейбіт аспан үшін алғысын білдірді, ал ардагерлер жастарға батасын берді. Үшінші дүниежүзілік соғыстың болмауын тіледі.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мереке күндері облыс басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтайтынын хабарлады.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі?

Жамбыл облысында Жеңіс күніне орай 57 ардагерге бір миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Соғыс жылдарында тылда жарты жылдан астам жұмыс істеген азаматтар (4 247 адам) 50 мың теңгеден алды. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің 350 жесірі мен соғыс кезінде мүгедек болып қалған ардагерлердің әйелдеріне де 50 мың теңгеден берілді.

Ленинград қоршауының бұрынғы тұтқындарына және концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына 60 мың теңгеден аударылды.

Сонымен қатар соғысқа қатысушы мен мүгедектерге теңестірілген 1 989 адам 100 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алды.

Бір рет берілетін әлеуметтік көмекті 6 650 адамға беру үшін 500 миллион теңгеден астам (1,1 миллион доллардан астам) қаржы бөлінген.

Жаңалықтар
0