Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы

© Sputnik / Федор Левшин / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысы, пулеметшілер
Ұлы Отан соғысы, пулеметшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен шайқасқан қазақстандықтардың тарихын еске алды. 21 жасында қаза тапқан Ақмола қаласының тумасы Георгий Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасын оқып шығуды ұсынамыз

1943 жылдың шілдесі – Ұлы Отан соғысында Курск доғасындағы фашистер мен Кеңес әскерінің қатал шайқастарының ең қызған кезі. Жараланған капитан Георгий Игишев соңғы күшін жинап, жауға шабуыл жасауға шақырды. Ол және оның жауынгер жолдастары өз өмірін бәйгеге тігіп, Самодуровка ауылында шайқасты. Ал осы уақытта госпитальда ешнәрсеге күдіктенбей, жауынгердің қаза тапқаны жайлы білмеген ғашығы оны күтумен болды.

© Photo : предоставлено Поныровским историко-мемориальным музеем Курской битвыКеңес Одағының батыры Георгий Игишев
Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы - Sputnik Қазақстан
Кеңес Одағының батыры Георгий Игишев

Георгий Игишев 1921 жылы бірінші қазанда Қазақ КСР Ақмола қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) дүниеге келген. Әкесі мұғалім болып жұмыс істеді, анасы үй шаруасында болды.

Георгий сегіз жаста болғанда оның отбасы Алматыға көшіп келді. Ол осында орта мектепті аяқтады. 19 жасында әскерге шақырылды. Гаубица артиллериялық полкінде қызмет етті.

Тағы оқыңыз: Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері

Ұлы Отан соғысы басталған кезде артиллериялық қару-жараққа жауап беретін құрамның командирі болып тағайындалды. Екі айдан кейін ол Красин атындағы бірінші Мәскеу артиллериялық училищесіне оқуға жіберілді, оқу орнын 1941 жылдың қыркүйегінде сәтті аяқтап шықты. Осы жылдың қараша айында майданға аттанып, ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт госпитальда дәрігерлердің бақылауында болды.

Майдан алаңында алған жарақаты жазылған соң, Игишев 1943 жылы  артиллериялық батареяны басқарды.

Коммунист атағын мақтан тұтты

КСРО қорғаныс министрлігінің мұрағатында Георгий Игишевтің 1943 жылдың қаңтар айында әпкесі Нинаға жазған хаты сақталған. "Мен сізге қуанышты жаңалық айтуға асықпын, Нина. Мен Коммунистік партияның мүшесі болдым. Бұл – ұлы іс, қызыл кітапша менің жүрегімнің тұсында тұр, маған ұрыс даласында батылдық беріп, аязда жылытады", - деп жазды жауынгер әпкесіне.

Курск шайқасында қаза тапты

1943 жылдың шілде айында капитан Игишевтің батареясы Орталық майданның екінші жойғыш дивизиясының жойғыш танкіге қарсы артиллериялық полкінің құрамына кірді. Ол Курск облысы Поныровский ауданы Самодуровка ауылын қорғады. Сарбаздар ауыр сынақтың, Курск шайқасының болатынын білді.

Курск облысының тарихи-мемориалдық мұражайында Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып өткендей, Игишев бригадасы жау танктері бұзуға тырысқан Ольховатка және Самодуровка кенттерінің арасындағы майдан учаскесінде өз күштерін шоғырландырды. Игишев командасының жауынгерлері оларға мықты қарсылық көрсетті. Игишевтің жауынгерлеріне жаудың жеті шабуылына тойтарыс беру үшін үш күн уақыт кетті. Сарбаздарға күніне 50 танкіден жоюға тура келді. Бұл ұрыста Игишев тағы да ауыр жарақат алды.

Солдаттардың күші әлсіреп, барлық қару-жарақ істен шықты. Бар күш-жігерін жинаған Игишев жауынгерлерге шайқасуды бұйырды. Қан жоса болып, есінен танып, командир істі аяғына дейін жеткізді. Фашистер кері шегіне бастады. Алайда арада біраз уақыт өткен соң, жау әскері әуе арқылы бомбалауға кірісті. 1943 жылдың 8 шілдесінде аспаннан түсірілген бомбалардың бірі артиллериялық батареядан жарты метр жерге құлады. Игишев қаза тапты.

Қосылмаған қос ғашық

"Музыкальная правда" газетінің 1998 жылдың 24 маусымдағы № 27 санында "сенің планшетіңді мәңгіге сақтап қойдым" мақаласының авторы Ирина Дажина фельдшер болып қызмет еткен Любовь Казина мен Георгий Игишевтің керемет махаббат тарихын айтып берді.

Люба мен Жора (мақалада осылай атайды) Ленинградта танысқан. Ол әскери-медициналық училищенің 18 жастағы студенті болды, бұл Георгийдің 19 жасқа толған кезі. Екеуінің арасында бірден махаббат пайда болып, үйленуді жоспарлай бастады.

Тағы оқыңыз: Соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары туралы не білеміз?

Георгий сол кезде Мәскеуге іссапарға кетті, қайтып оралғаннан кейін демалыс алуды жоспарлады. Любочкаға келіп, өзі қызмет ететін жерге оның жұмысын ауыстыруды ойлайды. Алайда жоспары орындалмады. Соғыс басталып кетті.

Люба Ленинградта қалды, ал Жора астананы қорғады. Ғашықтар бір-біріне жиі хат жазды, алайда арасында ол хат иесіне жетпей қалып жатты. Блок ашылғаннан кейін, Игишевтің қалыңдығы онымен кездесуге уәде бергені жазылған көп хат алды.

Қос ғашық кездесті, алайда ол кездесу бірнеше минутқа ғана созылды. Олар 1943 жылдың алтыншы шілдесінде майдан жолдарының қиылысында кездесті. Георгий өзінің сүйіктісін ұзақ құшақтады, ал қоштасарда оған иығына ілген былғары планшетін сыйлады, ол картаға арналған офицер сөмкесі болатын.

Екі күннен кейін Георгий қаза тапты, ал Люба ауруханаға түсті. Алайда ержүрек қыз басқа дивизияның жауынгерлерімен бірге Берлинге дейін барды.

Тағы оқыңыз: Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті

Осы уақыт бойы Любаны сүйіктісі оны ұмытып кетті ме деген сұрақ мазалады. Сүйіктісінің қаза тапқанын бірнеше жылдан кейін ғана білді.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 43 жыл өткен соң, Любовь Матвеевна қаза тапқан артиллеристерге арналған ескерткішке барды. Осы сапар жайлы және Жораға арнап өлең жазды:

Сенің планшетіңді мәңгіге сақтап қойдым,

Соғыста ол менімен бірге болды.

Мүмкін онда сенің ерлігің сақталып,

Мен үйге тірі оралдым.

Любовь Матвеевна тұрмысқа шығып, ұзақ уақыт Калининградтағы мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істеді.

Мәңгілік естелік

Георгий Игишевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ол Ленин және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Жауынгер Самодуровка кентінде жерленген, 1959 жылы ауылдың атауы Игишево болып өзгертілді.

Курск облысында шайқас кезінде қаза тапқан Кеңес жауынгерлеріне арнап ескерткіш орнатылды, ол жерде мыңдаған жауынгердің аты жазылған. Олардың ішінде 83 адамның кім екені әлі күнге дейін анықталған жоқ.

Ескерткіштің төменгі жағында Георгий Игишев батареясының танкіге қарсы зеңбірегі орнатылған.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда Георгий Игишевтің құрметіне аталған көшелер бар.

Жаңалықтар
0