Әлем

Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді

© REUTERS / YVES HERMANСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология орталығында әзірленген COVID-19 індетіне қарсы препарат адамдарға сыналады

АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Мәскеудің екі медицина мекемесінде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеуден өткізіледі. Ол жерде 38 еріктіден тұратын екі топ жұмыс істейді. Бұл жайында Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарта ала ма?

Жақында ведомство Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология орталығында әзірленген COVID-19 індетіне қарсы препаратты адамдарға сынауға рұқсат берді. Сынақ бүгін басталды.

Мамандар вакцинаның сұйық және лиофилизацияланған (құрғақ, сусыз) түрінің ағзаға әсерін зерттейді.

"Бұлшықет ішіне салуға арналған ерітінді түріндегі вакцина Бурденко атындағы әскери госпитальда тексерістен өтеді", - делінген хабарламада.

Ал ұнтақ түріндегі вакцина Сеченов университетінде сыналады.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі зерттеуге қатысушылардың екі апта бойы шипажайда бақылауда болғанын айтты. Олар бұл қадамға өз еркімен барып отыр, оларға процедураның қалай өтетіні, қауіп-қатер мен қолайсыздықтар туралы хабарланды.

 

Жаңалықтар
0