Жовтис: рақымшылық азап шегу болды

© Sputnik / Сергей КимЕвгений Жовтис
Евгений Жовтис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиспен рақымшылықтың кімге қажеттігі жөнінде: сотталғандарға ма жоқ әлді бүкіл қоғамға, жалпы ол қажет пе жоқ па; сотталғандар үшін нағыз сынақ болған 2012 жылғы рақымшылық туралы әңгімелесті.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Сегей Ким. Евгений Жовтис көпшілікке жақсы таныс. Оның 2009 жылғы қыркүйекте кісі өлімімен аяқталған жол апаты үшін сотталғаны, кейіннен мерзімнен бұрын шартты түрде босауға талпынған әрекеттері сәтсіз аяқталып, 2012 жылғы рақымшылықпен босап шыққаны көпшіліктің есінен шыға қойған жоқ. 

Тұтқын - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанда 1,8 адам рақымшылықпен босауы мүмкін

- Бірер күн бұрын "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық туралы" заң қабылданды. Сізге бір кездері рақымшылық бойынша колониядан босап шыққан адам ретінде, "үнемі пікірталас туғызатын" сұрақ: "жалпы рақымшылық қажет пе?"  

— Жауап әбден бір жақты – әрине, қажет. Мен үшін рақымшылық ізгілік, кешірімділіктің белгілі бір әрекеті ғана емес. Цифрларда нақты болайықшы. Бас бостандығынан айыру орындарынан, есептеулерге сәйкес, 1,5 мыңнан аспайтын адам босап шығады. Бізде жатқан 40 мыңның қасында 1,5 деген не? 2012 жылы рақымшылық бойынша босап шыққандардың саны да осы шамада болған. Егер соңғы екеуінің алдында болған рақымшылыққа қарайтын болсаңыз, — ал қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бері сегізінші, алдыңғы алтауында босап шыққандардың саны көбірек болған. Бұл рақымшылықтан ауар және аса ауыр қылмыстарды алып тастаумен немесе бұл баптар бойынша жеңілдетулерді азайтуға қатысты – олар тек мерзімді қысқартумен тағы басқалармен байланысты.  

- Сонда ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жаза өтеп жатқан адамдары рақымшылықтан алып тастау дұрыс емес пе? 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан президенті рақымшылық туралы заңға қол қойды

— Дұрыс емес. Өйткені бұл ақылға емес эмоцияға әсер етеді. Біз ауар және аса ауыр қылмыстар үшін  бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды атаған кезде, ешкім рақымшылық оларды босатады деп айтып жатқан жоқ қой: адам кісі өлтіргені үшін отыр, оны алды да босатып жіберді. Олай емес, заңды мұқият оқыңыздар. Әңгіме онсыз да шартты түрде мерзімнен бұрын босау уақыты келген, жазасының белгілі бір бөлігін өтеген, бірақ белгілі бір себептермен босатылмаған адамдар туралы болып отыр. Немесе оның мерзімін қысқарту үшін қандай да бір негіздер бар. Бәрібір, оны босатуға болады ма, әлде жоқ па – шешімді сот қабылдайды. Бас бостандығынан айыру орындарында көптеген адамдардың барлығы бірдей қылмысына сай жаза өтеп жатпағандығын мәлімдеуге дайынмын. Бас бостандығынан айырмауға да болар еді. Яғни үкімдердің өзі мен олардың негізділігіне күмән келтіретін бірқатар факторлар бар. Нәтижесінде рақымшылық жағдайды кішкене түзетіп, айыптауға бейімді сот төрелігі жүйесінің негативті нәтижелерін азайтады. 

- Айтыңызшы, рақымшылық кімге керек: сотталушылардың өздеріне екендігі түсінікті. Бірақ бұл "тізімде" жалпы қоғам бар ма? 

Юрий және Ольга Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сотталған мұғалімнің жұбайы: біз рақымшылыққа өтініш береміз

— Өте жақсы сұрақ. Мен оған кішкене қарама-қайшы жауап беремін. Мәселен қоғам, бас бостандығынан айыруға қатысты шығарылған үкім туралы пікір айтқан кезде – бұл айыру қандай қоғамдық мақсатты көздейді? Қауіпсіздік. Мен ол адамды оқшаулаймын, демек мен қауіпсізбін. Мен осы логикалық алқаны кішкене жалғастырғым келіп отыр. Әзіз жандар, сіздер шын мәнінде адамды белгілі бір уақытқа түрмеде ұстап, ол жақтан шыққан кейін оның қауіпсізірек болатынына сенесіздер ме? Сіз шын мәнінде солай ойлайсыз ба?

- Бірақ бұл сұрақ жазаны атқару жүйесіне емес пе, бұл мәселеге басын ауыртуға тиіс емес қатардағы азаматтардың қатысы қанша? 

— Жоқ, жоқ. Кез келген азамат бұл мәселені ұғынуы тиіс. Егер сізде қатаң, адамның намысына тиетін, ызаландыратын қылмыстық атқару жүйесі болса, онда сіз сол жерден бір кездері сол жаққа түскеннен әлде қайда қауіпті өнім аласыз. Яғни, өзінің қауіпсіздігіне алаңдаған қоғам одан да әрі жүруі тиіс: қазір ол адамды "жапқандығы" туралы емес, кейін не болатынын ойлану керек. Ол онда жоқ болып кетпейді, ол жақтан ол шығады. 

- Алайда, бұл пікір тұрғысынан қылмыскерлерді мүлдем түрмеге отырғызбауға болады… 

Қарағанды облысы Долинка аулындағы қатаң режимді колония - Sputnik Қазақстан
Мемлекет кекшіл болмауы тиіс – Күлекбаев ісі туралы Жовтистің пікірі

— Жоқ. Қауіпті адам бар, қауіпті емес адам бар, ал олардың арасында орасан зор аралық бар. Белгілі бір дәрежеде қауіпті адам бар. Қоғам да, сот төрелігі жүйесі де, қылмыстық атқару жүйесі де – кімді отырғызу, ал кімді ұзақ мерзімге отырғызу керектігіне өте мұқият қарауы тиіс. Мен өлім жазасына қарсымын, бірақ маньяк өмір бойына отыруы тиіс. Адам қауіп төндіретін жағдайлар болады, адам оқшауландыруға тиіс. Бірақ онсыз да амал ететін жағдайлар болады. Сонымен қатар кінәсіздің де сотталу жағдайлары бар, ол қоғам үшін үлкен мәселе – біреулер сынбайды, енді біреулер сынып, бүкіл жүйеге кек қайтару үшін шығады. Қоғам бұл процестерге мұқият болып, бас бостандығынан айырудың өзі панацея емес екенін түсінуі тиіс.  

— Ал белгілі бір контингент үшін бас бостандығынан айыру орындарына түсу, олардың түсінігі бойынша "демалыс" болып табылады. Ал басқа жағынан, сол Голландияға келер болсақ, қылмыстық деңгейінің төмендеуі жүйенің өзімен емес, өмір сүру деңгейінің көтерілуі және игіліктерге қолжетімділіктермен байланысты болар

Қатаң тәртіпті колония - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жалған террористтер мен ұлт араздығын қоздырушыларға рақымшылық берілмеуі мүмкін

— Мысал келтірейін. Президент жарлығымен өлім жазасына мораторий жариялаған кезде, сыншылардың дәлелдерінің бірі: "енді өлім жазасысыз бізде басталады!" деген ұғым болған. Яғни, біз үнемі өлім жазасын жоюды алға тартқан кезде – 90-шы жылдардың аяғындағы пікірталастар есімде – барлық уақытта осы дәлелдер келтірілген. 2013 немесе 2014 жылдары мен мораторийді ұзарту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болғанымда, Бас прокуратура деректер келтірді: өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстар саны өспей ғана қоймай, жалпы қылмыстық артпаған. Яғни, өлім жазасын тоқтатқан 12 жыл ішінде ештеңе болған жоқ. Біз тағы бір мәрте екі құбылыс арасында тікелей корреляциялық байланыстың жоқтығы туралы әлемдік беталысты растадық. Екіншісі. 2012 жылғы түрме жұртшылығын қысқарту басталғалы бері, сосын 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодекспен біз түрме жұртшылығын екі есеге дерлік қысқарттық. Қылмыстық ешқандай өскен жоқ. Бұл корреляцияның өзі дұрыс екенін білдіреді. 

 - Сіздің рұқсатыңызбен, жеке тәжірибеңізге келсек.  2012 жылғы рақымшылық. Сол уақытқа дейін, біздің есімізде қалуынша, сіз мерзімнен бұрын шартты түрде босап шығуға тырыстыңыз, бірақ бір нәрсе болмай қалды. Теориялық жағынан сіз 2011 жылы шығуға тиіс болатын сияқты едіңіз. Сіздің өз басыңыз үшін осы сәтсіз әрекеттер контекстінде рақымшылық қандай болды? 

Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заңгер: экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

— Түзетіп жіберейін – мені үш рет мерзімнен бұрын шартты түрде босатудан бас тартты. Ал 2012 жылғы рақымшылық мүлдем ерекше болатын. Шынымды айтсам, мен неге олай болғанын осы күнге дейін білмеймін. Өйткені оған дейінгі алты рақымшылық, осы рақымшылық та процедура бойынша барлығы бірдей. Ал 2012 жылы бәрі өзгеше болатын. 

- Өзгеше деген қай мағынада? 

— Қазір айтып беремін. 2012 жылғы рақымшылық немен өзгеше болды? Барлық рақымшылық келесі тәртіпте жүргізілді: біріншіден, ең алдымен президент рақымшылық жасайтын ниеті туралы жариялайды, бір мезетте заң жобасы пайда болып, парламентке түседі, парламент оны өте жылдам қабылдайтын. Сосын рақымшылыққа ілігетін сотталушының сәйкес келетіндігін тексере бастайды, прокурорлар босату туралы жариялап, адамды босатады. 2012 жылы олай болған жоқ, өйткені президент рақымшылық туралы 2011 жылғы наурызда хабарлады. 2011 жылғы наурыздан бастап ештеңе болмады! Заң жобасын ешкім әзірлеген жоқ. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы болған желтоқсанға дейін ештеңе болған жоқ. Сосын заң жобасы әзірленді. Парламент оны қабылдап, 2012 жылғы қаңтардың аяғына қарай ғана босата бастады. Іс жүзінде барлық зоналар мен сотталушылар – олармен бірге мен де – екі ұдай жағдайда болдық. Біз оны былай дейтінбіз: "бізді әлсіретті". Мен ондай "түсіруді" ешқашан көрмегенмін. Елестете аласыз ба, рақымшылықты күткен адамдардың күн сайын қандай күйде болғанын? Әсіресе оған ілігетіндер. 

- Яғни үмітпен өмір сүрдіңіздер? 

түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заң күшіне енген күннен бастап жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады

— Әрине. Ол бір жылға созылған үміт болатын! 2011 жылы маған колонияға келген  Еуропа мемлекеттерінің бірінің елшісі табиғи азаптау деп атады. Адамдарды үміттендіріп қойды. Рақымшылықтың  қалай жасалатынын барлығы білген. Ал ол әлі де жоқ болатын. Танымал адам ретінде маған телефон қолжетімді болғандықтан, барлық жаза өтеушілер "сен депутаттармен сөйлесесің ғой, рақымшылықтың қашан болатынын біліп берші" деп мазамды алатын. Әрине ол үлкен күйзеліс болды. Сол рақымшылықта да – осыда да – рақымшылықты сот жариялайды деген процедураны ойлап тапқан. Мәселенің бәрі шағым түсіру мерзімі аяқталғанға дейін сот қаулысы күшіне ене алмайтындығында. Қолыңызға қаулыны аласыз, сізге рақымшылық жасады, ал сіз түрмеге қайта оралып біреу шағым түсіргенше 15 күн күтесіз. Әйтсе де шағым түсіретін адам да жоқ. Босатылған бола тұра, қамауда қала бересің. 



Жаңалықтар
0