Қоғам

Қазақстан президенті рақымшылық туралы заңға қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рақымшылық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай жарияланды

АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мейірімділік ықтиярлығы болып саналатындығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

"Біздің отандастарымызға арналған мейірімділік, үміт пен кешірім акты қоғамды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл рақымшылық әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды — кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт кісілерді қамтиды", — деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Тәуелсіздік жылдарында елімізде сегіз рет рақымшылық жарияланған. 

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заң жобасын енгізген
Жаңалықтар
0