14 желтоқсан сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне рақымшылық жүргізу туралы заңға қол қойды.
"Иә, біз рақымшылыққа өтініш береміз. Шығындарды өтейтін шоттардың нөмірін білуіміз қажет", — деп хабарлады Ольга Пак агенттікке.
Оның айтуынша, рақымшылық заңына сәйкес, Юрий Пактің жаза мерзімі өтелмеген жаза мерзімінің төрттен біріне қысқарады, бұл жарты жылға толар-толмас уақыт.
"Соңғы он күн ішінде бума-бума хаттар келіп жатыр, олардың жүзден астамы АҚШ пен Канададан, әр түрлі қалалар мен штаттардан. Біздің мекенжайымызды қайдан біліп алғандарын білмеймін, пошташы таң қалып жүрген шығар", — дейді Ольга.
Бұл жайтқа немқұрайлы қарамаған қайырымды жандар сотталған мұғалімнің отбасына барынша қолдау көрсетуде.