24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты. Жарылыстың салдарын жою жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай орнына барды. Қазіргі уақытта жарылыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз.