НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаева Арыстағы жарылыстың себебі "табиғи құбылыс" деген жоқ, деп мәлімдеді ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығы Данияр Әлжанов.
"Министр: "... бұл табиғи нәрсе, әрбір арсеналдың қауіптері бар..." — деп айтқан видеоға қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Оның сөзі "арсеналдың жарылу себебі – табиғи құбылыс" деп қате аударылып кетті. Дұрыс аударғанда, "табиғи нәрсе" "қалыпты жағдай" деген мағынаны білдіреді, сонда министрдің не айтқысы келгенін түсінеміз", - деп жазды қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.
Әскери қызмет пен арсеналдан келетін белгілі бір қауіп-қатер бар, бұл – қалыпты дүние, деп жалғастырды Әлжанов. Ол тергеу бітпейінше ешкім алдын ала қорытынды шығармайтынын атап өтті.
"Біз қорғаныс министрінен кейін тағы да қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтамыз (олардың екеуі – әскери қызметкерлер). Болған жайтқа қатты өкінеміз және арсенал жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бәріне жанымыз ашиды", - деді Әлжанов.
Тағы оқыңыз: Арыста тағы жарылыс болды
Бұдан бұрын қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдай үшін кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеген болатын. Содан соң Ермекбаев қалаға барып, оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстарын тексерді.
Арыстағы жарылыс
24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.
Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылысқа не себеп болды - прокуратура жауабы
Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.
Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.