Өңірлер

Арыстағы жарылыс: қанша адамға 100 мың теңге өтемақы төленді 

© SputnikПомимо жилых домов, ведутся работы и на улицах Арыси
Помимо жилых домов, ведутся работы и на улицах Арыси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жалпы сомасы 6 миллиард 261 миллион теңге өтемақы төленген

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Арыста оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін қаланың 62 110 тұрғыны 100 мың теңге өтемақы алды. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айтуынша, қазір Арыс қаласында 75 мың адам тұрады. 

"Соның ішінде 62 110 тұрғын төтенше жағдайдан зардап шекті деп танылды. Оларға 6 миллиард 261 миллион теңге өтемақы төленді. Яғни Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңгеден берілді", - деді Қадырбек онлайн-брифингте. 

Қала тұрғындары жарылыстан кейін салынған үйлердің сапасына жиі шағымданады. Әкім бұл мәселеге де тоқталды. Ол қалада 8 мыңға тарта үй жөнделгенін атап өтті. 

"Оның ішінде бірен-саран осындай жағдайлар болуы мүмкін. Бұл мәселе заң аясында шешіледі. Егер жөндеу жұмыстарынан кейін үйден белгілі бір ақаулар байқалса, біз мердігер компанияны шақырып, қайта жөндеп береміз. Бұл келісімшартта көрсетілген. Жыл басынан бері мұндай жағдайлар ұшырасты. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Қадырбек. 

Айта кетсек, Арыс қаласынан бір жыл бойы 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменті шығарылды, оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Саперлер 4,5 мыңнан астам оқ-дәріні залалсыздандырған. 

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. 

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылысқа – бір жыл: саперлер 4,5 мыңнан аса оқ-дәріні залалсыздандырды

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. 

Төрт айдан кейін  Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлім инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

 

Жаңалықтар
0